Серік Мырзалы философия оқу құралы


Әл-Фарабидің ақыл-ой жөніндегі ілімі



Pdf көрінісі
бет85/422
Дата07.10.2022
өлшемі3.76 Mb.
#462147
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   422
Әл-Фарабидің ақыл-ой жөніндегі ілімі
«Бірінші Мән» – белсенді ақыл, ол өзі тудырған дүниеде төрт негізгі 
ақыл-ойды тудырады. Олар әлеуетті, өзекті (маңызды), игерілген және 
іс-әрекеттік ақыл. 
Әлеуетті ақыл-ой – ол жеке пенденің жан дүниесінің болмыстағы 
заттардың бітімін тану-білу мүмкіншілігі. Ал дүниедегі заттарды ала-
тын болсақ, олардың мән-мағынасы бітімінің танылатындығында 
жатыр. 
Маңызды ақыл-ойға келер болсақ, Әл-Фарабидің ойынша, 
болмыстағы заттардың табиғатында олардың ақыл-оймен танылып
оның бітімінің ақыл-ойда өзінің материалдық негізінен бөлініп өмір 
сүру мүмкіндігі жатыр. Сонымен, тану үдерісінде заттардың бітімі 
дерексіздендіру арқылы ерекше болмысқа ие болып, оймен жететін 
маңызды ақыл-ой нысанына айналады. 
Игерілген ақыл-ойға келер болсақ, ол жеке пенденің дүниені, зат-
тарды танып, олардың мән-мағынасын өзінің жан дүниесінің ажырамас 
бөлігіне айналдыруында жатыр. 
Іс-әрекеттік ақыл-ой – Әл-Фарабидің ең күрделі ұғымдарының 
бірі. Ол ешқашанда материяда болмаған. Ол әлеуетті ақыл-ойдың 
шындыққа айналуына дәнекерлік жасайды. Оны жете түсіндіру үшін, 
Әл-Фараби көздің сәуле күші арқылы көру мүмкіншілігімен салыс-
тырады. Көз қараңғыда тек қана көру мүмкіншілігіне ие. Ал Күннің 
сәулесі көзден басқа заттарға түскен кезде, көз маңызды түрде дүниені 
көре бастайды. Оның себебі Күннің сәулесі тек қана көзге түскен жоқ, 
сонымен бірге заттарды да жарқыратып көрсетті. 
Іс-әрекеттік ақыл-ой, Әл-Фарабидің ойынша, Күннің сәулесі сияқты 
таным үдерісінде өзі дәнекерлік рөлін ойнайды. Сол арқылы әлеуетті 
ақыл-ой маңызды ақыл-ойға айналады. 


126
Әл-Фарабидің әлеуметтік-саяси, этикалық көзқарастары
Жоғарыда көрсетілгендей, дүние алғашқы Барлықтан саты-саты 
болып төмендеп өмір сүретін болса, онда қоғам өмірі де соған ұқсас. 
Тек мұндағы «Бірінші Мән» – ол халиф, имам. Ол өзінің жан дүниесі, 
ақыл-ойы, рухымен өзін қоршаған уәзірлерге, олар өздерінен төмен 
басшыларға т.с.с. ықпалын тигізіп, ең соңында ол қарапайым халыққа 
жетеді. 
Қоғамның қажеттігін Әл-Фараби адамның жалғыз өзі өзіне керек-
тілердің бәрін жасай алмайтындығынан, екінші жағынан, басқаларсыз 
өзін жетілдіре алмайтындығынан шығарады. Сондықтан адамдар 
бірігіп, өзара бір-біріне көмектесіп, қажетті заттармен бөлісіп өмір 
сүрген. 
Қоғамды Әл-Фараби толық және толық емес етіп, екіге бөледі. 
Бүкіл жер бетіндегі қоғамдық дәрежеде ұйымдасқан адамзат: ол – 
белгілі халықтың өмірі, кіші – ол белгілі бір жерде орналасқан кешен-
қала, ауыл – сондағы тұратын адамдар. 
Ал толық емес қоғамға келер болсақ, ол – белгілі бір ауылда, я 
болмаса қаланың бір көшесінде тұратын адамдар. Олар өз-өздеріне 
жеткіліксіз, сондықтан оларды ол толық емес деп атайды. 
Әсіресе біз оқырманның назарын Әл-Фарабидің мына ойына 
аударғымыз келеді: «ұлы игілікке», ең биік жетістіктерге ең алдымен 
қала жетеді, ал ауылды алатын болсақ, оның негізгі қажеттігі – оның 
тек қаланы қамтамасыз етуінде. Әл-Фарабидің өмірден кеткеніне 1000 
жылдан артық уақыт өтсе де, қазақ халқына бұл ой осы уақытқа дейін 
өзекті мәселе болып келе жатыр. Бүгінгі өте қиын дағдарысты ахуалда 
қазақ халқы аянышты ауыр жағдайда урбанизация үдерісіне қатысып, 
қала халқына айналуда. Тек қала халқы қоғамның әлеуметтік-саяси 
өміріне белсенді қатысып, өзінің мүдделері үшін тиімді күресе алады.
Әл-Фараби қалалардың өзін: игілікке бағытталған қала және надан-
дар қаласы деп екіге бөледі. 
Игілікке бағытталған қалада адамдар бір-біріне көмектесіп, бақытқа 
жетуге тырысады. Ол қала кемеліне келген адамның денесіне ұқсайды. 
Онда барлық дене мүшелері бір-бірімен тығыз үйлесімді байланыста, 
олар өздерінің әртүрлі табиғаты мен қабілеті бойынша өмір сүреді. 
Сол сияқты, қаладағы адамдар да әртүрлі болса да, қала басшысына 
бағынып, бір-бірімен келісіп іс-әрекет жасап, өмір сүрулері керек. 
Надан қала игілікке бағыт ұстаған қалаға қарсы тұр. Ол – 
адамгершілігі жоқ, айырбастау қаласы, адасқан қала. 
Надан қаланың адамдары ешқашанда бақытты білмеген, сондықтан 
олар оған ұмтылмайды да, сенбейді де. Олардың ойынша, өмірдің 
мақсаты – денсаулық, байлық, рақатқа бату, ерікті түрде құмарлыққа 


127
берілу, даңқ пен ұлылықты армандау. Осылардың әрбіреуінің өзі осы 
қаланың тұрғындарына бақыт болып көрінеді. Ал айтылғандардың 
барлығы қосылса, олардың ойынша, онда одан асқан бақыт болмайды. 
Әл-Фараби надан қаланың түрлеріне тоқтайды. Бүгінгі таңда, 
жалпы ұрандар болмаса, біз де әлі өзіміздің даму бағытымызды айқын 
анықтаған жоқпыз. Сондықтан ойшылдың мінездемелеріне тоқтай 
кетелік, мүмкін, оқырман одан өзінше дарыс алып, ойға қалар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   422




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет