123
Әл-Кинди жағалай қоршаған болмысты Ай астындағы дүние
санайды. Ал Айдың ар жағында әлемде ешқандай қозғалыс: дүниеге
келу, кету, құру жоқ. Ол – тек қана жер бетіндегі болмысқа тән
нәрселер. Бізді қоршаған болмыс өзгермейтін төрт элементтен: от, ауа,
жер, судан, тұрады, тек солардан тұратын
заттардың элементтері ғана
азайып, көбеюі мүмкін.
Адам дүниетанымының екі түрі бар. Біріншісі бізге жақын, бірақ
мән-мағынадан алыста. Ол –
сезімдік тану. Ол өне бойы өзгерісте,
тұрақты емес, уақытша ғана өмір сүретін
заттарды танумен байла-
нысты. Оның сан жағы тұрақты емес: үлкейеді, кішірейеді, теңеледі,
теңсізденеді. Оның сапа жағы да өзгерісте: ол өзіне ұқсайды, ұқсамайды,
күшіне енеді, әлсізденеді… Осы өзгеріп жатқан дүниедегі заттардың
бітімі қабылданады да, оны адам есіне, ақыл-ойына жеткізеді.
Екінші танымның түрі
мән-мағынаға жақын болғанымен, бізден
алыс, ол –
ақыл-ой танымы. Жеке материалдық заттар сезімдік
қабылдауда ғана болады. Қос тұрақты мен текті алатын болсақ, оларды
түйсіктер арқылы қабылдай алмаймыз,
бірақ оларды ақыл-ойдың
елегінен өткізуге болады. Қорыта келе, Әл-Кинди адамның дүниетану
мүмкіншілігін мойындап, айнала қоршаған ортаны зерттеп,
ғылымды
дамытуға шақырады.
Әл-Киндидің философиялық көзқарастарын ары қарай дамытып,
Аристотельдің еңбектерін араб тіліне аударып, оған көлемді түсініктер
жасап және өзінің философиядағы ерекше ойларымен тарихта қалып,
философия тарихында
«Екінші мұғалім» атағын алған Әл-Фараби
болды.
Достарыңызбен бөлісу: