128
үшіншіден, әрқашанда
тапқырлық көрсету керек, өйткені өмір өне
бойы өзгерісте, ендеше, елдің алдында
бұрын-соңды болмаған жаңа
ахуал пайда болып, бұрынғы басқару тәсілдерінің бәрін жоққа шығаруы
мүмкін. Сондай жағдайда өмірге жаңаша қарап, шығармашылық
тұрғысынан жаңа шешімдерге жету қажет;
төртіншіден, ол
аңғарғыш, көреген болуы қажет. Ел басшысы
тек бүгінгі күнді ғана ойлап қоймай, болашақ ұрпақтардың өмірі
қандай болмақ; негізгі мақсат халықтың әл-ауқатын өсіру екенін естен
шығармауы керек;
бесіншіден, өзінің
сөзімен халықты
елдің заңдарын бұлжытпай
орындауға бағыттауы қажет;
алтыншыдан, елбасының
денсаулығы, дене күші жақсы болуы
керек; ол оған соғыс жүргізген кезде әсіресе қажет болады;
Әл-Фараби ел басшылығына лайықты, осы көрсетілген қасиеттердің
бәрі бойында бар тұлғаның сирек кездесетінін атап өтеді. Сондықтан
бұл қасиеттер екі тұлғада жиналса, онда олар бірігіп басқарсын дейді.
Ал екі адамның бойынан табылмай, 4-5 адамнан табылса,
олар бірге
қосылып басшылық жасауы керек.
Сонымен қатар елбасына керек негізгі қасиет – ол даналық. Егер
белгілі бір уақытта елдің басшылығында даналық болмай қалса, онда
елдің бірінші басшысы тіпті болмай-ақ қойсын, ондай қалаға қауіп
төнетінін ескертеді ұлы ойшыл.
Біздің бүгінгі қоғамдағы қиындықтарды жеңу үшін, үкімет
басындағы саяси дегдар топтың биік дәрежеде болуы – қажетті нәрсе.
Оларды Әл-Фараби қалдырған өсиеттермен салыстырсақ, онда
жетістіктерімізді және кемшіліктерімізді көруімізге болады. Біздің
саяси дегдар топ аз уақыттың шеңберінде дүниеде
жиналған қоғамды
жаңарту жөніндегі
білімді тез игеруде.
Тапқырлық көрсетіп, шет
елдерден экономикаға инвестициялар тартып жатыр;
көрегендіктен
де кем емеспіз – қандай қиындықтарды басымыздан өткізіп жатсақ
та, қазақ елі 2050 жылға қарай қандай дәрежеге көтерілуі керек – оны
да ойлыстырып қойдық; дүниежүзілік
заң шығару дәрежесіне сай
етіп біршама
заңдарды да тудырдық; саяси дегдар топқа талантты
Достарыңызбен бөлісу: