Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет90/422
Дата07.10.2022
өлшемі3.76 Mb.
#462147
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   422
күн тәртібінде жоқ, артық құндылықтар әлі өндірілмейді. Тайпа-
ның көсемдері басқару ісімен айналысады. Ибн-Халдунның ойынша, 
басқарудың өзегінде болашақ теңсіздіктің ұрығы жатыр. «Өйткені бір-
бірімен тең адамдарды тайпа көсемі өз еркіне көндіріп, тыңдамағандарға 
зорлық-зомбылық жасауы қажет. Сөйтіп, басқарудың өзегіндегі ұрық 
бірте-бірте өсіп, күш ала бастайды. Ең алғашқы көсемнің ізімен бірге 
ерікті жүру бірте-бірте соның еркіне көнуге айналады. Пайда болған 
биліктен алдағы уақытта көсем ешқашанда бас тартпайды, керісінше, 
оның мәртебесін өсіруге тырысады», – дейді Ибн-Халдун. 
Жоғарғы айтылған үдерістер жаңа мүлікке негізделген қаты-
настардың пайда болуына әкеледі. Біз бұл жерде өзімізге жақсы таныс 
арабтың «мүлік» деген сөзінің этимологиясын ашуымыз керек. Бұл сөз 
біздің сөздікке араб тілінен енген. Бізге таныс мүлік, байлық, меншік 
деген мағынасынан тыс араб тілінде бұл сөздің екінші мағынасы бар. 


136
Ол – билік. Түрік тілінде де бұл сөздердің мағынасы бір-біріне жақын: 
«бай», «би»; орыс тілінде де «власть», «владеть» деген сөздердің 
түп-тамыры – бір. Сонымен, Ибн-Халдун «мүлік» деген сөздің екі 
мағынасын «байлық-билік» ретінде бірге қолданады. «Мүліктің иесі 
адамдарды өз еркіне көндіріп, қазынаға ақша жинайды, басқа елдерге 
елшілік жіберіп, шекараны қорғайды». Мүлік қатынастары, қорыта 
келе, байлықтың қайнар көзі ашылып, артық нәрселер пайда болған 
кезде келеді. Ол артық байлықты бөлу кезінде тайпаның көсемі 
қолындағы билікті өзінің мүддесіне жаратып, толығынан пайдаланады, 
жанындағы туыстарын алыстата бастайды, өйткені олардың жүрегінде 
көреалмаушылық пайда болса, көсемде қызғанушылық сезімі пайда 
болады. 
Тайпалық шеңберінде пайда болған теңсіздік сыртқа қарай 
бағытталып, басқа ру-тайпаларды соғыс, я болмаса қорқытып көндіру 
арқылы жүре бастайды. Ал мұның өзі мемлекеттің пайда болуына 
жағдай жасайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   422




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет