139
2. Августин – ортағасырлық философияның ұлы тұлғасы.
3. Фома Аквинскийдің сезім мен ақыл-ой байланысы туралы ойла-
ры.
4. Әл-Фарабидің әлеуметтік-саяси көзқарастары.
5. Ибн-Синаның философиялық көзқарастары.
6. Ибн-Рошдтың әлеуетті ақыл-ой жөніндегі ілімі.
7. Ортағасырдағы номинализм мен реализмнің арасындағы қайшы-
лықтар.
8. Схоластикалық бағыттың философияға сіңірген қызметі.
9. Ибн-Халдунның адам жөніндегі ілімі.
10. Ибн-Халдун және қазіргі әлеуметтік философия.
Ойланыңыз:
Адам Құдайдың жолымен жүрмей, адамның жолымен жүрсе, ол
шайтанға ұқсайды (А.Августин).
Философия дегеніміз не? Даналықты сүю.
Философия дегеніміз
не? Әсемдікті сүю. Даналық дегеніміз не? Ол нағыз әсемдік емес пе?
(А.Августин).
Біз бақытқа –
әсемдік арқылы, әсемдікке
философия өнері арқылы
жетеміз, ал
олай болса, біз философия арқылы бақытқа жетеміз. Ал
философияға ақыл-ой, шындық арқылы жетеміз (Әл-Фараби).
Құдайдың құдіреттілігін дәлелдеу мүмкін емес, оған тек қана сенім
арқылы жетуге болады (У.Оккам).