Программа по специальности «5В050300 психология»


Психологтың кәсіби қалыптасу кезеңдері



Pdf көрінісі
бет32/231
Дата10.10.2022
өлшемі2.08 Mb.
#462341
түріБағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   231
5В050300-Психология

Психологтың кәсіби қалыптасу кезеңдері. 
Бұрыңғы КСРО-дағы маманды даярлау сатылары: психология 
факультетінің студенті, аспирантура, докторантура және тиісті біліктілік 
сипаттамалары: психолог маманы, психология ғылымдарының кандидаты, 
психология ғылымдарының докторы. Ғылыми атағы - доцент, профессор. 
Қазақстандағы психологиялық кадрларды даярлаудың үш сатылы моделі: 
бакалавриат, магистратура, докторантура. Даярлаудың әр түрлі сатыларының 
негізгі мақсаттары мен міндеттері және біліктілік сипаттамалары. 
Ұйымдардағы практикалық психолог санатының деңгейлері, категориялары.
Психологтың оқыту процесінде кәсіби қалыптасуының кезеңдері: 
1.Қуанышты-романтикалық; 2. Өзін-өзі таныту кезеңі; 3. Алғашқы түңілу 
кезеңі және оқытуда жаңа мағыналар іздеу; 4. Психологиялық мәселелерді өз 
бетінше шешу; 5. Өзінің кәсіби стилін саналы ұғыну; 6. Теориялық және 
әдіснамалық білімдер негіздеріне жүгіну. 7. Кәсіби шығармашылық.
Тұлғалық ерекшеліктер мен қызығушылықтарына сәйкес жұмыс 
бағытын және технологиялар мен құрал-жабдықтарды таңдау. Әр түрлі 
бағыттардағы психологтар қауымдастықтарына мүше болу (өкілділігі). 
Психологтарды сертификаттау мәселесі. 
 
Психологиялық қызмет көрсету ерекшелігі және маркетинг 
ерекшеліктері. 
Психологиялық қызмет сипаттамасы: тікелей сезіп білмеушілік, бастау 
көзінен бөлінбеушілік, сапаның тұрақсыздығы, сақталмайтындығы. 
Маркетинг ерекшеліктері: ұсынылатын қызметтердің мәні мен мағынасын 
шығармашылық анықтау, психологтың оң имиджін жасау (біліктілік деңгейі, 
санаты, ғылыми дәрежесі, мамандандыру ерекшелігін презентациялау және 
т.б.). Қызмет көрсету нысанын айқын анықтау. Қызмет көрсету орнын 
ұйымдастыру (кабинеттің сауатты дизайні), уақыты және мерзімділігі.
Жарнаманың сапасы және қызмет көрсетуге сәйкес болуы. Қызметтердің 
құны (ақшалай сыйақы). Баға саясатын анықтау ерекшеліктері: жұмсалған 
ғалым уақыты, кәсіби деңгейі, орташа нарықтық бағасы, клиенттің қаржылық 
мүмкіндіктері, инфляцияны есепке алу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   231




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет