Үстеу
Үстеу дейміз – сын есім, сан есім, есімдік, етістік сөздерді толықтыру,
күшейту үшін айтылатын сөздерді. Мәселен, «тым жақсы», «он есе», «тап
өзі», «әрең келдім» уа ғайри сондай.
113
«Қалай?» - «тым жақсы», «қанша?» - «он есе», «қайсысы?» - «тап өзі»,
«қайттің?» - «әрең келдім».
Қазақ тілінде түпкі үстеу сөздер, тіпті аз. Көбінесе, үстеу мағынасында
басқа есімдерден, есімдіктен, етістіктен шыққан сөздер жүреді. Әуелі
түпкі үстеу сөздерді алып қарайық:
Сан есім һәм есімді күшейтуші үстеулерді жай – үстеу дейміз, олар
мынау: әбден, тым, тіпті, хас, сірә, есе, тап, нағыз, нақ, әрең, дәл, дөп,
дейім, әрі, бері, әбден, бұрын, енді, мана, әні, міне, ең, ылғи, таман, сайын,
әлі, жория, жорта, дік.
Дағдыландыру. Осы үстеулерге жалғас айтарлық сан есім, сын есім,
есімдік, етістік сөздер тапқызып, айтқызу.
Үстеу бес түрлі: 1) Нықтаулық. 2) Сынаулық. 3) Өлшеулік.
4) Мезгілдік. 5) Мекендік.
Нықтаулық үстеу
Нықтаулық үстеу дейміз – басқа сөздердің мағынасын нағыздау үшін
айтылатын сөздерді. Мәселен, ең жақсы, бек нашар, әбден қанды, тым
шабан, өте тығыз, тіпті қысқа, тап өзі, нақ сол, нағыз арзан, дәл тиді, дөп
келді, дәлме-дәл он кісі, хас жаман, қасақана айтты, әдейі айтпады, жүдә
шаршады, тікелей қоя берді, әсіресе мақтағаны. Көбінесе қарап отырғаны.
Осындағы ірі харіптермен жазылған сөздер нықтаулық үстеу болады.
Бұлардан басқа да сөздердің мағынасын күшейтетін, нықтайтын сөздер
нықтаулық үстеу болады.
Дағдыландыру. Осындағы нықтаулық үстеулердің қасындағы сөздердің
орнына лайық басқа сөздерді қойғызып айтқызу һәм жазғызу.
Сынаулық үстеу
Сынаулық үстеу дейміз – істің сынын көрсететін сөздерді. Сынаулық
үстеу болатын – зат есім, сын есім, есімдік, етістік сөздер. Бұлардың үстеу
екен – еместігін сұраудан айырамыз. Сынаулық үстеу сұрауы: қалай?
қалайша? Осы сұрауға жауап болмаған сөз үстеу болмайды.
Жақсы оқиды, жаман жазады, сыбай қонады, жаяу жүреді дегенде, ірі
жазылған сөздер қалай? деп сұрағанға жауап болып тұр (оқиды қалай? –
жақсы, жазады қалай? – жаман, қонады қалай? – сыбай, жүреді қалай? –
жаяу). Бұлар үстеу орнына жүретін сын есімдері.
Шалқасынан түсті, етбетінен құлады, орысша айтуы, адамша сөйледі
дегенде ірі жазылған сөздер қалай? деп сұрағанға жауап болып тұр (түсті
114
қалай? – шалқасынан, құлады қалай? – етбетінен, сөйледі қалай? -
адамша). Бұлар үстеу орнына жүретін зат есімдер.
Екі – екіден бөлді, үш – үштен алды, төрт – төрттен қойды, он – оннан
санады, жиырмадан үлестірді дегенде ірі жазылған сөздер қалай? деп
сұрағанға жауап болып тұр (бөлді қалай? – екі - екіден, алды қалай? – үш -
үштен, қойды қалай? – төрт – төрттен, санады қалай? – он – оннан,
үлестірді қалай? - жиырмадан). Бұлар үстеу орнына жүретін сан есімдер.
Олай айтпады, солай сөйледі, бұлайша етпелік, сеніңше болсын,
біздерше ойламапты дегенде ірі жазылған сөздер қалай? қалайша? деп
сұрағанға жауап болып тұр (Айтпады қалай? – олай, сөйледі қалай? –
солай, етпелік қалайша? – бұлайша, болсын қалайша? – сеніңше,
ойламапты қалайша? - біздерше). Бұлар үстеу орнына жүретін есімдіктер.
Саулап жанды, жантайып жатты, еңкейіп қарады, еңіреп жылады
дегенде ірі жазылған сөздер қалай? деп сұрағанға жауап болып тұр
(жанды қалай? – саулап, жатты қалай? – жантайып, қарады қалай? –
еңкейіп, жылады қалай? – еңіреп). Бұлар үстеу орнына жүретін етістіктің
көсемше түрлері.
Дағдыландыру. Мұндағы көрсетілгеннен басқа сынаулық үстеу орнына
жүретін атаушы сөздер тапқызып жаздыру.
Өлшеулік үстеу
Өлшеулік үстеу дейміз – сынның я істің шамасын көрсететін сөздерді.
Өлшеулік үстеу болатын зат есім, сын есім, есімдік, етістік сөздер.
Бұлардың да үстеу екен – еместігін сұраудан айырамыз. Өлшеулік үстеу
сұраулары: қанша? неше есе? Осы сұрауға жауап болмаған сөз өлшеулік
үстеу болмайды.
Түске шейін ұйықтады, кешке дейін жатты, ауылға шейін қуды дейміз.
«Түске шейін», «кешке дейін», «ауылға шейін» деген сөздер қанша? деп
сұрағанға жауап болады, (ұйықтады қанша? – түске шейін, жатты қанша?
– кешке дейін, қуды қанша? – ауылға шейін). Бұлар үстеу орнындағы зат
есім сөздер.
Аз берді, көп алды дейміз. «Аз», «көп» деген сөздер қанша? деп
сұрағанға жауап болады, (берді қанша? – аз, алды қанша? – көп). Бұлар
үстеу орнындағы сын есім сөздер.
Екі есе артық, бес есе кем дейміз. «Екі есе», «бес есе» деген сөздер
неше есе? деп сұрағанға жауап болады, (артық неше есе? – екі есе, кем
неше есе? – бес есе). Бұлар үстеу орнындағы сан есім сөздер.
Сонша әдемі, мұнша кешікті, онша шапшаң емес дейміз. «Сонша»,
«мұнша», «онша» деген сөздер қанша? деп сұрағанға жауап болады,
115
(қанша әдемі? – сонша әдемі, кешікті қанша? – мұнша кешікті, шапшаң
емес қанша? – онша). Бұлар үстеу орнындағы есімдіктер.
Тойғанша жеді, қанғанша ішті, жеткенше шапты дейміз. «Тойғанша»,
«қанғанша», «жеткенше» деген сөздер қанша? деп сұрағанға жауап
болады, (қанша жеді? – тойғанша, ішті қанша? – қанғанша, шапты қанша?
– жеткенше). Бұлар үстеу орнындағы етістік сөздер.
Дағдыландыру. Мұндағы көрсетілгеннен басқа өлшеулік үстеу орнына
жүретін сөздер тапқызып жаздырту.
Мезгілдік үстеу
Мезгілдік үстеу дейміз - істің мезгілін көрсететін сөздерді. Мезгілдік
үстеу болатын зат есім, есімдік, етістік сөздер. Бұлардың үстеу екен –
емесін сұраудан айырамыз. Мезгілдік үстеу сұраулары: қашан? қашаннан?
Бұл сұрауларға жауап болмаған сөз мезгілдік үстеу болмайды.
Атам заманнан солай, күн сайын толады дейміз. «Атам заманнан», «күн
сайын» деген сөздер қашаннан? қашан? деп сұрағанға жауап болады,
(қашаннан солай? – атам заманнан, қашан толады? – күн сайын). Бұлар
үстеу орнындағы зат есім сөздер.
Мұнан басқа туынды һәм түпкі үстеулер бар. Мәселен, бүгін, кеше,
ертең, биыл, бүрсі күн (бұрнағы күн), бұрнағы жыл, алдыңғы күн,
алдыңғы жыл, соңыра, қашаннан, ілезде (бұлар туынды үстеу), бұрын,
мана, әлі, тағы, дәйім, дереу (бұлар түпкі мезгілдік үстеулер).
Дағдыландыру. Мұндағы көрсетілгеннен басқа мезгілдік үстеу орнына
жүретін атауыш сөздер тапқызып жаздырту.
Мекендік үстеу
Мекендік үстеу дейміз – істің мекенін көрсететін сөздерді. Мекендік
үстеу болатын зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік сөздер.
Бұлардың мекендік үстеу екен-емесін сұраудан айырамыз. Мекендік үстеу
сұраулары: қайда? қайдан? Бұл сұрауларға жауап болмаған сөздер
мекендік үстеу болмайды.
Тыста жатыр, қалаға барды, жайлаудан қайтты дейміз. «тыста»,
«қалаға», «жайлаудан» деген сөздер қайда? Қайдан? деп сұрағанға жауап
болады (жатыр қайда? – тыста, барды қайда? – қалаға, айтты қайдан? –
жайлаудан). Бұлар үстеу орнындағы зат есім сөздер.
Онда бармады, мұнда келді дейміз. «Онда», «мұнда» деген сөздер
қайда? қайдан? деп сұрағанға жауап болады (бармады қайда? – онда, келді
қайда? – мұнда).
116
Бұлар үстеу орнына жүретін атауыш сөздер тапқызып, жаздырту.
Демеу
Демеу дейміз – сөздің я сөйлемдердің арасын үйлестіруге демеу
болатын сөздерді. Қазақ тілінде түбір демеу сөздер, тіпті жоқ қасында.
Мәселен: Сұрау демеу: ма, ба, ме, бе, да; Жай демеу: ғой, ақ, әше,
бәсе,әлде, та, тағы, бәлкім. Көбінесе демеу орнына басқа сөздер жүреді.
Басқа сөздер дегенде демеу орнына есімдік пен етістік екеуінің біте
қайнаған сияқты қосылған түрлері әсіресе көп жүреді. Мысал: үйткені,
(олай еткені дегеннен қысқарған), үйтпесе (олай етпесе), үйткенде (олай
еткенде), үйтпесіне (олай етпесіне), үйткенше (олай еткенше), сүйтіп
(солай етіп), сүйтседе (солай етседе), сүйткенде (солай еткенде), сүйткен
сайын (солай еткен сайын), қайткенде (қалай еткенде), қайткенде де
(қалай еткенде де), әйтпесе (алай етпесе), немесе (не емес болса), әйтсе де
(алай етсе де).
Бұлардан басқа демеу орнында толық күйінде айтылмаған етістік,
һәм басқа сөздер де бар. Мәселен: олай болса, олай болғанда, солай болған
соң, болмаса, қайта, неғұрлым, соғұрлым, неге десем уа ғайри сондай
сөздер.
Демеу орнына «мен» (бен) жалғаулық та жүреді.
Басқа жұрнақ демеу сөздерінен қазаққа кіріп, сіңіскен: һәм, я, яки,
егер, уа. Сұрау демеуден басқалары өзге сөзге қосылмай жазылады.
Дағдыландыру. Төмендегі сөздердің арасындағы демеу сөздерді
тапқызу.
Бара ма, бармай ма – белгісіз. Барамыз ғой, барған соң, көреміз ғой.
Соның айтқаны-ақ болсыншы. Сен келмейді екенсің, әже мен барайын.
Бәсе, солай болса керек. Әлде сен оқымадың ба? Мен бара алмасам,
бәлкім өзің келерсің. Түріне қарағанда малы жоқтай ғой. Ол кешке келетін
шығар, үйткені жылқыны да көре қайтатын шығар. Жайлауға көшетін
болдық, үйтпесе малы тұратын емес. Қонақ келіп шыға алмадым, әйтпесе
мана келетін едім. Су өткел бермес, үйткенде не қылмақпыз? Ағын бөгетті
бұза беретін, үйтпесіне амал табу керек. Кеш барсақ, кеш келеді екенбіз,
үйткенше ерте барып, ерте келейік. Түлкі талай жалтарып, айлады,
сүйткенде тазы қоймайды. Ол мені көп алдағаны бар, сүйткен үшін
сенбеймін. Қайткенде жақсы болар екен? – қайткенде де жақсы болмас.
Ол өзі барар, үйтпесе сен бар. Жүре тұрсын, немесе күте тұрсын. Әйтсе де
болады екен. Үйтпесіне қоймады.
117
Жалғаулықтар
Жалғаулық дейміз – жалғау орнына жүріп, жалғау сияқты басқа
сөздердің шылауында тұрмаса, өз алдына мағына шықпайтын сөздерді.
Жалғаулық сөздер қазақ тілінде аз. Болғаны мынау-ақ: менен (бенен, мен,
бен), үшін, шейін, дейін, таман, сайын, гөрі, арқылы, тақырыпты, туралы.
Көбінесе, жалғаулықтар орнына басқа сөздер жүреді. Мәселен, әрі,
бері, соң, бойы, бойын, бөтен, басқа, өзге, орнына, басына, қасына,
жанына, қасында уа ғайри сондай сөздер.
Ескерту. Шейін, дейін жалғаулықтар барыс жалғаудан соң
қойылады, гөрі жалғаулық шығыс жалғаудан соң қойылады, басқалары
жалғаусыз түрінің соңынан қойылады. Жалғаулық орнына жүретін
сөздердің: әрі, бері, соң, бөтен, басқа, өзге дегендері шығыс жалғаудан соң
қойылады, бой, бойын дегендер табыс жалғаудан соң я тікелей жалғаусыз
түрінен соң қойылады, басқалары ілік жалғаудан соң я, тіпті жалғаусыз
түрінен соң қойылады.
Дағдыландыру. Төмендегі сөздердің соңынан жалғаулықтарды я
жалғаулықтар орнына жүретін сөздерді қойып жаздырту.
Құдай, аллаһ, әулие, періште, пайғамбар, ұжмақ, тамұқ, кісі, адам,
жан, дене, бас, шаш, маңдай, ми, желке, бет, жүз, көз, қарашық, көз-қабақ,
кіпік, құлақ, жас, қас, мұрын, жел-безек, ауыз, ерін, тіл, тіс, таңдай, азу,
ақыл азу, түп азу, самай, иек, жақ, сақал, мұрт, ата, миық, езу, мойын,
кеуде, көкірек, омырау, өкпе, бауыр, жүрек, қолқа, өт, ұйқы, қарын,
жұлын, тамыр, қара тамыр, күре тамыр, бауыр, ішек қарын, ішек бүйен,
ұлтабар, қатпаршақ, тақия қарын, таз қарын, шандыр, шажыр қай, талақ,
кіндік, құрсақ, қол, аяқ, арқа, жаурын,білек, йық, иін, қар, шынтақ, саусақ,
шеміршек, сіңір, сүйек, жілік, жамбас, балтыр, тізе, сан, қоң, таң, борбай,
бақай, өкше, тобық, топай, асық, мойын омыртқа, арқа омыртқа (қара
омыртқа), бел омыртқа, құйымшақ, кеңірдек, көмек, жұтқыншақ, бүйрек,
алақан, бармақ, тырнақ.
Достарыңызбен бөлісу: |