т.б. жағдайлар. Жаны ашығандық себебiмен қылмыс жасаса, мысалы, ауыр халде жатқан туысына қымбат
бағалы дəрi-дəрмектi алуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда, ұрлап алу əрекетi немесе үмiтсiз ауыр өлiм
халiндегi адамды оның сұрауы бойынша өлтiруi (эвтаназия) жəне т.б. жағдайлар.
Мұндай аталған
жағдайларда жаны ашу себебiн тудырған фактi мен жасалған қылмыс арасындағы себептi байланысты
анықтау мiндеттi болып табылады.
7). Күштеп немесе психикалық мəжбүрлеу салдарынан немесе материалдық қызметтiк немесе өзге де
тəуелдiлiгi себептi қылмыс жасау – бұл қылмыс жасайтын адамның өз iс-қимылын таңдауға оған зорлық-
зомбылық көрсету нəтижесiнен еркiнiң болмауы жəне оның қылмыс жасау туралы шешiм қабылдауына
материал дық, қызметтiк жəне өзге де тəуелдiлiгiн (туыстық, жеке, мұғалiм мен оқушы арасындағы жəне
т.б.) пайдаланып тiкелей қысым жасау арқылы жасалатын жағдайлар. Аталған жағдайлар аса қажеттiлiк
ретiнде бағаланбаған жағдайда жауаптылықты жеңiлдетедi.
8). Қажеттi қорғану, аса қажеттiлiк,
қылмыс жасаған адамды ұстау, орынды тəуекел, бұйрықты немесе
өкiмдi орындаудың құқықтық дұрыстығының шартын бұзу жағдайларында қылмыс жасау – яғни ҚК-тiң 32-
37 баптарында қарастырылған əрекеттiң қылмыстылығын жоятын мəн-жайлардың заңға сəйкестiк
шарттарын сақтамау нəтижесiнде қылмыс жасауды түсiну қажет. Бұл мысалы, ҚК-тiң 98,99,100-
баптарындағы адам өлтiру қылмысының жеңiлдететiн түрлерi.
9). Қылмыс жасау үшiн түрткi болып табылатын жəбiрлену шiнiң заңға қайшы немесе адамгершiлiкке
жатпайтын қылығы – кiнəлiнiң қылмысты жəбiрленушi тарапынан орын алған ұрып-соғу, азаптау, жала
жабу, қорлау жəне т.б. құқықбұзушылық сипатындағы əрекеттер немесе моральға, адамгершiлiкке жат
əрекеттер себебiмен қылмыс жасау. Аталған əрекеттер бiр мəрте немесе жүйелi түрде де жасалуы мүмкiн.
Алайда, заңға қайшылық немесе адамгершiлiкке жатпайтын қылықтарды сот iстiң мəн-жайларына сəйкес
барлық уақытта анықтап отыруы қажет.
10). Шын жүректен өкiну,
айыбын мойындап келу,
қылмысты ашуға, қылмысқа басқа қатысушыларды
əшкерелеуге жəне қылмыс жасау нəтижесiнде алынған мүлiктi iздеуге белсендi жəрдемдесу - аталған
əрекеттердiң əрбiрi не олардың жиынтығы қылмыс жасаған адамның қауiптiлiгiн төмендетедi, оның өз
кiнəсiн түсiнгендiгiн жəне өкiнетiндiгiн дəлелдейдi. Бұл жағдайлар мазмұны мен мағынасы жағынан бiр-
бiрiне жақын болып табылады жəне қылмыскердiң тез түзелу мүмкiндiгiн куəландырады.
Жоғарыда қарастырылған жауаптылық пен жазаны жеңiл дететiн жағдайлардың тiзiмi соттар үшiн
мiндеттi, бiрақ түпкiлiктi болып табылмайды, сот бұл бапта қарастырылмаған басқа да жағдайларды үкiмде
көрсете отырып жеңiлдетушi мəн-жай ретiнде тануға құқылы. Тəжiрибеде мұндай жеңiлдететiн
жағдайлардың қатарына кiнəлiнiң
денсаулық жағдайы, қоғамға пайдалы қызметi, асырауында қарт жəне
науқас ата-анасының болуы, Отан алдындағы қызметi, жетiстiктерi үшiн алған награда ларының болуы,
тұрғылықты немесе жұмыс орнынан жағымды мiнездемесiнiң болуы жəне т.б. жағдайлар жатқызылады.
ҚК-тiң 53-бабының 1-бөлiгiнде көрсетiлген жағдайлар жазаны жеңiлдетушi жағдайлар ретiнде сотқа ҚК-
тiң Жалпы бөлiмiнiң барлық ережелерiн ескере отырып нақты қылмыс үшiн қарастырылған баптың
санкциясы шегiнде өз қарауы бойынша жаза тағайындау құқығын бередi.
Сонымен бiрге, заңшығарушы 53-баптың 4-бөлiгiнде осы 53-баптың 1-бөлiгiнiң «дң жəне «кң
тармақтарында көзделген жағдай ларды есепке алу дəрежесiн ерекше бөлiп көрсеткен. Бұл бапқа сəйкес,
егер жасалған нақты бiр қылмыста шын жүректен өкiну, айыбын мойындап келу, қылмысты ашуға,
қылмысқа басқа қатысушыларды əшкерелеуге жəне қылмыс жасау нəтижесiнде алынған мүлiктi iздеуге
белсендi жəрдемдесу; қылмыс жасағаннан кейiн зардап шегушiге тiкелей медициналық жəне өзге де көмек
көрсету, қылмыс салдарынан келтiрiлген мүлiктiк залал мен моральдық зиянның орнын өз еркiмен
толтыру, қылмыспен келтiрiлген зиянды жоюға бағытталған өзге де iс-əрекеттердiң бiрi орын алған болса,
бiрақ бұл қылмыста жауаптылық пен жазаны ауырлататын жағдайлар болмаған жағдайда жазаның мерзiмi
мен мөлшерi сол нақты қылмыс үшiн көзделген жазаның неғұрлым қатаң түрiнiң ең жоғары мерзiмiнiң
немесе мөлшерiнiң ауыр емес жəне орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған кезде жартысынан, ал ауыр
қылмыс жасаған кезде үштен екiсiнен (3/2), аса ауыр қылмыс жасаған кезде төрттен үшiнен (4/3) аспауы
тиiс.
ҚК-тiң 53-бабының 3-бөлiгiне сəйкес, егер жеңiлдететiн жағдай ҚК-тiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабында
қылмыс белгiсi ретiнде көзделген болса, жаза тағайындау кезiнде ол қайталап ескерiле алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: