органның қадағалауымен сотталғанның тұрғылықты жерi бойынша өтеледi.
Қамау сот үкiм шығарған кезде он алты жасқа жеткен кəмелетке толмағандарға бiр айдан төрт айға дейiнгi
мерзiмге тағайындалады. Қамаудың мəнi–сотталған адамды тағайындалған жазаның бүкiл мерзiмiнде
қоғамнан қатаң оқшаулау жағдайында ұстау, яғни мазмұны жағынан бас бостандығынан айыру жазасына
жақын.
Кəмелетке толмағандарға тағайындалатын ең ауыр жаза
бас бостандығынан айыру он жылдан аспайтын
мерзiмге, ал ауырлататын мəн-жайларда кiсi өлтiгенi үшiн немесе қылмыстардың
жиынтығы бойынша
қылмыстардың бiреуi ауырлататын мəн-жайларда кiсi өлтiргенi үшiн – он екi жылдан аспайтын мерзiмге
тағайындалуы мүмкiн. Ал он төрт жастан он сегiз жасқа дейiн ауырлығы онша емес қылмысты жəне он
төрт жастан он алты жасқа дейiн орташа ауырлықтағы қылмысты бiрiншi
рет жасаған адамдарға бас
бостандығынан айыру жазасы тағайындалмайды.
Кəмелетке толмай сотталған адамдар бас бостандығынан айыруды:
а) бас бостандығынан айыруға бiрiншi рет сотталған еркек жынысты кəмелетке толмағандар,
сондай-ақ
əйел жынысты кəмелетке толмағандар–жалпы режимдегi тəрбиелеу колония ларында,
б) бұрын бас бостандығынан айыру жазасын өтеген еркек жынысты кəмелетке толмағандар – күшейтiлген
режимдегi тəрбиелеу колониясында өтейдi.
Кiнəлi адамның жеке басының қоғамға қауiптiлiк сипаты мен дəрежесiне жəне басқа да мəн-жайларға
байланысты сот қабылданған шешiмнiң себебiн көрсете отырып, еркек жынысты кəмелетке
толмай
сотталған адамның бас бостандығынан айыру жазасын жалпы режимдегi тəрбиелеу колониясында өтеуiн
тағайындауы мүмкiн.
Сот жазаны орындаушы органға кəмелетке толмай сотталған адаммен қарым қатынас кезiнде оның жеке
басының белгiлi бiр ерекшелiктерiн (интеллектуалдық
немесе дене дамуының деңгейiн, мiнез құлқының
қасиеттерiн, туған туыстарымен өзара қатынасын жəне т.б.) ескеру туралы нұсқау беруi мүмкiн.
ҚК-ң 79-бабының 1-бөлiгiнiң мазмұнына орай мүлiктi тəркiлеу түрiндегi қосымша жаза кəмелетке
толмағандарға тағайындалмайды. Егер ҚК-ң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабының санкциясы мүлiктi
тəркiлеудi мiндеттi
қосымша жаза ретiнде көздесе, онда соттар оның қолданылмауын ҚК-ң 79 бабына
сiлтеме жасай отырып үкiмде дəлелдеуi қажет.
Достарыңызбен бөлісу: