заңның санкциясында жазалау қатерi қарастырылатынын бiлдiредi. Мұндағы
жазалау қатерiмен тыйым
салу қылмыстың жазаланушылық белгiсi болып табылады.
§ 2. Қылмыстардың түрлерi
Қылмыстық құқықта қылмыстарды белгiлi бiр критерий лерiне қарай топтарға, түрлерге жəне санаттарға
бөлу қарастырылған. Қылмыстарды белгiлi бiр түрлерге бөлудiң негiзiнде əрекеттiң
қоғамға қауiптiлiк
дəрежесi мен сипаты немесе қылмыс құрамының бiр элементi жатуы мүмкiн.
Қазақстан қылмыстық
заңындағы қылмыстарды шартты түрде мына түрлерге бөлуге болады:
I.
Қол сұғушылықтың топтық объектiсiне қарай қылмыстарды он алты топқа бөледi:
1)
Жеке адамға қарсы қылмыстар,
2)
Отбасына жəне кəмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар;
3)
Адамның жəне азаматтың Конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар;
4)
Бейбiтшiлiк пен адамзат қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар;
5)
Мемлекеттiң конституциялық құрылысына жəне қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар;
6)
Меншiкке қарсы қылмыстар;
7)
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар;
8)
Коммерциялық жəне өзге ұйымдардағы қызмет мүдделерiне қарсы қылмыстар;
9)
Қоғамдық қауiпсiздiкке жəне қоғамдық тəртiпке қарсы қылмыстар;
10)
Халықтың денсаулығына жəне адамгершiлiкке қарсы қылмыстар;
11)
Экологиялық қылмыстар;
12)
Көлiктегi қылмыстар;
13)
Мемлекеттiк қызмет мүдделерiне қарсы қылмыстар;
14)
Басқару тəртiбiне қарсы қылмыстар;
15)
Сот төрелiгiне жəне жазалардың орындалу тəртiбiне қарсы қылмыстар;
16)
Əскери қылмыстар.
Достарыңызбен бөлісу: