Жетписбаев батыр адамович


§5. Қылмыстық заңды түсiндiру



Pdf көрінісі
бет12/128
Дата13.10.2022
өлшемі1.57 Mb.
#462596
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   128
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМЫ

§5. Қылмыстық заңды түсiндiру
 
Жалпы түсiндiру (толкование) немесе интерпретация (interpretatio) деген адамзат рухының шығармаларын 
түсiну мақсатында қолданылатын тəсiлдер жиынтығы. Түсiндiру бiр нəрсеге қандай да бiр дұрыс түсiнiк 
беру немесе оның мағынасын анықтау. Ал заңды түсiндiру заңдағы кемшiлiктердi жоюға ықпал жасап
құқық нормасын бiрыңғай қолдануды қамтамасыз ету мақсатында жасалады. Осы заңды түсiндiру туралы 
iлiм заңдық герменевтика деп аталады, ол ауызша немесе жазбаша сөздердi түсiну өнерiнiң теориясын 
құрастырумен айналысады.
Қылмыстық заңды түсiндiру - қылмыстық-құқықтық норма ның нағыз мазмұнын анықтау үшiн, 
заңшығарушының еркiн айқындау үшiн жүргiзiлетiн мемлекет органдарының, қоғамдық ұйымдардың
лауазымды жəне жеке тұлғалардың қызметi. Бұл қызмет заң шығару процесiнде заңдарды топтастырғанда 
жəне құқықтық нормаларды қолданғанда жүзеге асырылады.
Қылмыстық заңды түсiндiрудiң бiрнеше түрлерi бар:
1)
Түсiндiру субъектiсi бойынша – легалды (заңдық), сот жəне доктриналды (ғылыми);
2)
Түсiндiру тəсiлi бойынша – грамматикалық, жүйелi, тарихи
3)
Қолданылу көлемi бойынша – сөзбе-сөз (буквальное), тар көлемде жəне кең көлемде;
Легалды (заңдық) түсiндiру бұл заңшығарушының өзi берген түсiндiрмесi. Легалды түсiндiрудiң заңдық 
күшi болады, мiндеттi сипатты иемденедi жəне шағымдауға жатпайды. Мысалы, ҚР Конституциясының 72-
бабының 4-тармағына сəйкес ҚР Конституциялық Кеңесi Конституцияға жəне ҚР заңдарына ресми 
түсiндiрме бередi.
Сот түсiндiрмесi деп нақты қылмыстық iстi шешу кезiнде қылмыстық-құқықтық норманы қолданушы 
соттың беретiн түсiндiруiн айтамыз. Кез келген сот қылмыстық iстi қарай отырып заңның мағынасы мен 
мазмұнын түсiнiп, жасалған қылмыстың белгiлерi белгiлi бiр қылмыстық-құқықтық нормаға сəйкес
келетiнiн анықтауы қажет. Бұл кең тараған түсiндiрудiң түрi тек сол аталған қылмыстық iске қатысты ғана 
қолданылады жəне үкiм заңды күшiне енгеннен кейiн де ондағы түсiндiрудiң осы қылмыстық iске ғана 
күшi жүредi. Өйткенi, бiздiң ұлттық заңымызда сот прецедентi құқықтың қайнар көзi болып табылмайды.
Сот түсiндiрмесiнiң ерекше түрi болып ҚР Жоғары Сот Пленумының нормативтi қаулылары табылады. 
Түсiндiрудiң бұл түрiнiң ерекшелiгi сол, ол нақты бiр қылмыстық iс бойынша емес, белгiлi бiр санаттағы 
қылмыстық iстер бойынша сот практикаларын жəне сот статистикасын зерттеу жəне талдау негiзiнде 
берiледi. Мысал ретiнде ҚР Жоғары Соты Пленумының 23 сəуiр 1993 жылғы 
″Зорлау үшiн жауаптылықты 
реттейтiн заңдарды соттардың қолдану практикасы туралы
″ қаулысын айтуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет