Нормативтік сілтемелер Анықтамалар



Pdf көрінісі
бет8/15
Дата14.10.2022
өлшемі0.79 Mb.
#462726
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
2 - ДЖ Смагулова Т.М

 
 
1.3 Инновациялық технологияны қолдану арқылы оқушыларды 
жан-жақты дамыту жолдары
Ұстаз үшін ең басты мәселе - оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа 
педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, 
шығармашылық ойының дамуында басты рол аткарады. Жаңа технологияларды 
меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және 
басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі 
дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы 
және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Ұстаз баяндайды, әңгімелейді
түсіндіреді, ал оқушы тыңдайды, қабылдайды ойлайды, т б таным әрекеттерін 
жасайды. 
Кәсіптік білім - білім беру жүйесіндегі маңызы мен өзектілігі ерекше 
мәселелердің бірі болып саналады. Сонымен қатар, техникалық және кәсіптік 
білім беру ұйымдарында инновациялық білім беру құралдарын қолданудың да 
маңызы зор.


20 
Инновациялық білім беру құралдарына: аудио, видео, құралдар, 
компьютер, интерактивті тақта, интернет, мультимедиялық құрал, электрондық 
оқулықтар, мен оқу әдістемелік кешендер, инновациялық ақпараттық банк, 
инновациялық сайт және тағы басқалары жатады. 
Қазіргі таңда көптеген интерактивті бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы 
объектілер құруға мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар 
көптеп шығып, қолданыс табуда. Осындай құралдардың бірі - мультимедиялық 
оқулықтарды колледждерде кеңінен пайдалану. Бұл жағдайда оқытушы әр оқу 
іс-әрекеттерін бастар алдында жиі көрнекіліктер ауыстырмайды. Ал, 
мультимедиялық оқулықтар арқылы оқытушы уақытты тиімді және ұтымды 
пайдаланады. 
Өмір талабына сай жаңа технологияларды оқу процесі мен тәрбие 
аясында шебер қолдана білу әр оқытушының міндеті. 
Оқушы өз процесінің басты өзегі, сондықтан назардың барлығы 
оқушының дамуына, оның ойлау қабілетіне аударылады.
Негізгі ұстанымым:
– жеке тұлғаның өзін тану;
- өзін анықтау жолдарында оқу және дамудың тиімді жағдайын туғызу;
- әр оқушыны шығармашылық жұмысқа негіздеу;
- тарих сабағында жеңілден ауырға, жақыннан алысқа қағидасын 
басшылыққа алып, жалпы орта мәселелерді шешуге мүмкіндік жасау;
- жан-жақты дамыған дарынды тұлға қалыптастыру. 
Сабақты сабақ соңында барлық оқушылар мақсатқа жеткеніне сенімді 
болатындай етіп ұйымдастыру қажет. Білім беруде компьютерлік 
технологияларды қолдану өте тиімді. Бұл компьютердің әрдайым өсіп 
отыратын мүмкіндіктері мен қызметтерімен байланысты. 
Сонымен қатар сабақты қорыту кезеңінде пікірсайыс, рольдік ойын, 
сөзжұмбақ шешу сияқты әдістерді сабақты бекітуде үнемі қолданамын. Бұл 
әдісте мен 5-7 минут сөйлеймін, қалған уақыттың бәрінде оқушылар өздері 
ізденіп танымдарын арттыруға жағдай туады. Бұл әдіс бойынша білім 
алушылар өз білімін өздері бағалайды. Жаңа әдіс-тәсілдердің бірі – СТО 
технологиясы. Бұл технология элементтерін де сабақта жиі қолданып 
отырамын. 
Инновациялық технологияның не екенін түсінуге тырысамыз және 
олардың базалық құзыреттілікті қалыптастыруға әсері қандай? 
Технология - кез-келген мақалада, шеберлікте, өнерде (түсіндірме сөздік) 
қолданылатын әдістер жиынтығы. Технологияның міндеті - ғылымдағы ең 
тиімді және үнемді өндірістік процестерді анықтау және іс жүзінде пайдалану 
үшін физикалық, химиялық, механикалық және басқа заңдылықтарды анықтау. 
Тиімді және сапалы білім беру технологияларын енгізу студенттердің білім 
сапасын жақсартуға көмектеседі. 
Педагогикалық инновация (жаңашылдықтар) бұл:


21 
1) білім беру ортасына тұрақты элементтерді (инновацияларды) енгізетін 
мақсатты өзгеріс, жекелеген бөліктердің, компоненттердің және тұтастай 
алғанда білім беру жүйесінің сипаттамаларын жақсарту; 
2) инновацияларды игеру үдерісі (жаңа құрал, әдіс, әдіснама, технология, 
бағдарлама және т.б.); 
3) идеалды әдістер мен бағдарламаларды іздестіру, оларды оқу үдерісінде 
жүзеге асыру және олардың шығармашылық жағдайын қайта ойлау [4]. 
Білімдегі инновациялар, бірінші кезекте, өздерінің мүмкіндіктерін 
қолданудың кез-келген саласында жетістікке жетелейтін жеке тұлғаның 
қалыптасуына бағытталған болуы керек.
Инновациялық білім беру технологиясының басты мақсаты адамның 
өзгеріп жатқан әлемдегі өмірге дайындығы болып табылады. Осындай 
оқытудың мәні адамның әлеуетті мүмкіндіктеріне және оларды жүзеге асыруға 
бағытталған оқу үрдісін бағыттау болып табылады. Білім беру инновациялық 
қызметтің механизмдерін дамытуы тиіс, яғни өмірлік маңызы бар 
проблемаларды шешудің шығармашылық жолдарын табу, шығармашылықты 
адам өмірінің нормасы мен формасына айналдыруға жәрдемдесу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет