Нормативтік сілтемелер Анықтамалар



Pdf көрінісі
бет2/15
Дата14.10.2022
өлшемі0.79 Mb.
#462726
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
2 - ДЖ Смагулова Т.М

Зерттеудің мақсаты 
Орта мектепте көркем еңбек сабағын қашықтықтан оқытудың 
ерекшеліктерін анықтап, тиімді жолдарын көрсету. Көркем еңбек сабағында 
инновациялық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың өз бетінше 
жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыра отырып, кәсіптік бағдар беру. 



Зерттеу жұмысының міндеттері: 
- білім беру жүйесінде қолданылатын инновациялық технологияларына 
жалпы сипаттама беру; 
- түскиіз бұйымын әзірлеу технологиясын анықтау; 
көркем еңбек сабақтарын ұйымдастыру
Зерттеу нысаны: 
-жалпы білім беретін орта мектептің көркем еңбек сабағын оқыту 
теориясы мен әдістеме. 
Зерттеу пәні: 
- инновациялық педогогикалық тәсілдер. 
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, үш 
бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. 



Білім 
беру 
жүйесінде 
қолданылатын 
инновациялық 
технологияларына жалпы сипаттама 
 
1.1 Иновациялық технология құралдарының оқушы құзіреттілігін 
арттырудағы маңызы 
«Біз ең басты құндылығымыз – Тәуелсіздігімізді сақтап, ұлттық 
бірегейлігіміздің негізін нығайтып, елімізді жаңғырту жолында ұйысуға тиіспіз. 
Бұл – болашақ ұрпақ алдындағы қасиетті борышымыз» Касым-ЖомартТоқаев 
[1]. 
Жаңа заман талабына сай мұғалімнің шеберлігін арттыруда білім 
мазмұны мен оқыту технологиялардың рөлі ерекше. Оқыту технологияларын 
талдағанда, қазіргі өркениеті елдер тәжірибесінде жүзеге асырылып жатқан 
білім берудің жаңа моделіне нәтижеге бағдарланған білім моделіне сәйкес 
келетін оқыту технологияларын іріктеуді қажет етеді.
Білім беру, оқыту процессіндегі технология – «қойылған мақсатқа тиімді 
жолмен қол жеткізуді қамтамасыз етуші жүйе, яғни білім мазмұныны жүзеге 
асырудың тәсілі». Технология бір жағынан, білімдік ақпараттарды өңдеп 
ұсынудың, өзгертудің, ашудың әдістерімен құралдарының жиынтығы болса, 
екінші жағынан мұғалімнің қажетті техникалық және ақпараттық құралдарды 
оқу процессінде қолданыла отырып, оқушыларға ықпал етудің тәсілдері туралы 
ғылым.
Технологияны қолдануда мұғалім шеберлігі ерекеше мәнге ие. Оның 
кәсіби шеберлігі мен оқытудың қандай әдіс-тәсілдерді таңдауы ғана 
технологияның ұтымды болуына алғышарт жасайды.
Дәстүрлі оқыту жүйесінен тыс жасалған технологиялар оқытудың 
мотивациялық сипатын арттырып, оқушылардың пәнге қызығуын тудырады, 
оқушының өз айналасындағылармен табиғи бәсекелестігін дамытады, оның 
дара тұлғалық белсендігін күшейтеді, өз бойындағы қабілетін саналы түрде 
ашуына қолайлы жағдай туғызады, олардың адамгершілік сапалаларын 
жетілдіреді, шығармашылық еркіндікке ұмтылдырып оқушылардың бейімді 
біліктілігін арттыруға мүмкіндік туғызады. 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында оқыту формасын, 
әдістерін, технологияларын таңдауда көпнұсқалылық қағида бекітілген, бұл 
білім мекемелерінің мұғалімдеріне, педагогтеріне өзіне оңтайлы нұсқаны 
қолдануға, педагогикалық үрдісті кез-келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен 
құруға мүмкіндік беретіндіктен оқу үдерісін қайта жаңғарту идеясы 
педагогикалық технологияның негізіг тірегі болып табылады.
Мұғалімнің шеберлігін арттыруда, білім сапасының күшейуі берілетін 
білімнің түпкі нәтижеге бағытталуымен және оқытуда тиімді технологияларды 
пайдалануымен айқындалады. 
Қазіргі білім беру жүйесіне лайық технологияларды іріктерудің 
критериийлері оқытудың жаңа талаптарымен сәйкес анықталды. Зерттеу 



нәтижесінде оқыту технологияларын іріктеумен жүйелеудің мынадый 
критерийлері айқындалды: 
- оқыту технологиялардың нәтижеге бағдарланған білім моделі 
талаптарына үндес болуы; 
- оқыту технологиялардың оқушының мүддесіне басымдылық беруге 
бейімділігі; 
- технологиялардың оқытудың әдістемелік жүйесі компонеттерін өзара 
бірлікте қамту мүмкіндігін болуы; 

технологиялардың оқу сатыларынан кез-келгеніне қолдануға 
қолайлылығы; 
- технологиялардың білім сапасын арттыруға ықпалының айқын болуы; 
- технологияның оқушы білім объективті бағалауда тиімділігі, т.б.
Қазақстан білім сандартының жасалуын, жаңа оқулықтарыдың жазылуы, 
жаппай компьютерлендіру, инновациялық технологиядан іздену, білім сапасын 
арттыру, әлемдік білім кеңестігіне ену, кредиттік технологияға көшу 
мақсатындағы жұмыстардың бәрі – еліміздің жаңалыққа талпынысының куәсі. 
Инновация - жаңалыққа талпыну, бұл сән немесе еліктеушілік емес, қатал 
шындық, өмір қажеттілігі. 
Оқу процессіндегі негізгі инновациялық технологиялар: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет