18
мықты өкілдері боладыҚазіргі кезде еліміздің білім беру жүйелерінде қайта
құру жүріп жатыр, білім берудің жаңа ұлттық моделі құрылуда.
Осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстардың негізгілердің бірі орта
мектепте математика ғылымы негізінен берілетін білімді қайта жаңарту болып
табылады. Осындай ізгі мақсаттарды іске асыруда Республикамызда білім беру
жүйесі елеулі өзгерістерге ұшырауда. Мемлекеттік
стандарттар жаңартылып,
оқу бағдарламасы жетілдіріп , жаңа мазмұңдағы оқулықтар шығарылып, жаңа
типтегі оқу орындары пайда болды. Сонымен қатар білім сапасына да қатаң
талаптар қойылып, оқу үрдісін ұйымдастырудың жаңа формалары мен әдістері,
оқытудың жаңа технологилары кең көлемде практикалық қолданысқа ие болды.
Оқыту - білім беру, ол оқушыны ғылыми ілімнің жаңалықтарыны
ынталандыру. «Білім» мемлекеттік бағдарламасы осы бағытты ұстай отырып,
білім сапасын жақсартуға бағытталған. Бүгінгі жалпы білім беретін
мектептердің мақсаттардың бірі - әрбір шәкіртті
жеке тұлға ретінде жалпы
мәдениетін көтере отырып жан-жақты дамуыны мүмкіндік тудыру, оқушының
өзіндік іс-әрекетін дамыту, оқу үрдісін еңтиімді тәсілмен ұйымдастыру [14].
«Әдістеме» сөзі көне грек тілінен аударғанда«таным тәсілі», «зерттеудің
жолы» дегенді білдіреді. Әдіс – қандай-да бір мақсатқа жетудің, нақты
тағылымдық міндетті шешудің тәсілі.
«Әдістеме» ұғымының мазмұнына қатысты сан алуан пікірлер бар.
Кейбіреулері әдістемені педагогикалық ғылым ретінде тани отырып, оны оқыту
қағидалары барлығына ортақ пәндердің жеке дидактикасы ретінде қарастырды.
Екінші біреулері әдістемені пәннің мазмұны арқылы тұлғаны оқыту мен
дамытудың барлық міндеттерін шешетін арнайы педагогикалық ғылым ретінде
санадыАнықтаманың бірнеше мысалдарын келтіреді.
Оқтыудың әдісі – оқыту мен тәрбиелеудің мақсаттары іске асырылатын
дидактикалық тәсілдер мен құралдардың реттелген жиынтығы. Оқытудың
әдістері – мұғалім мен оқушының мақсатты іс-әрекетінің өзара байанысқан
тәсілдері. Оқытудың әдістерінен оқушылар мен мұғалімнің белгілі-бір
дидактикалық мақсатқа жетуге бағытталған өзара әрекеті
тәсілдерінің ретімен
жүруін түсінеді. «Әдіс» – грек тілінде– «бір нәрсеге апарар жол» – мақсатқа
жету тәсілі. Оқыту әдісі – білім алу тәсілі.
Оқытудың кез-келген тәсілі мақсатты, іс-әрекеттер жүйесін, оқытудың
құралдары мен белгіленген нәтижені көздейді. Оқытудың объектісі мен
субъектісі оқушы болып табылады.
Қандай-да бір әдістің таза түрінде пайдаланылуы сирек кездеседі. Әдетте
мұғалім оқытудың әртүрлі әдістерін үйлестіреді. Әдістер таза түрінде арнайы
жоспарланған оқу және зерттеу мақсаттарында қолданылады.
Аталған жіктемелердің барлығы дидактикалық аспектіде қарастырылады,
математиканың мәндік мазмұны бұл жерде толыққанды ескерілмейді,
сондықтан да математиканы оқыту әдістерінің барлық номенклатурасын толық
көрсету мүмкін емес.
Оқытудың әдістерін таңдау – шығармашылық іс,
алайда ол оқытудың
теориясының білімдеріне негізделген. Оқытудың әдістерін оқшау бөлуге,
19
әмбебаптауға немесе қарастыруға болмайды. Сонымен қоймай, оқытудың бір
әдісі оны қолданудың жағдайына байланысты тиімді немесе тиімсіз болуы
мүмкін.
Білімнің жаңа мазмұны математика оқытуда жаңа әдістерді тудырады.
Оқытудың әдістерін қолдануда оның кешінді тәсілі, олардың икемділігі және
динамикалығы керек. Оқытудың әдістерін педагогикалық жіктелуі оқыту
әдістері мен оқу әдістері деп бөлінеді, олар өз кезегінде математиканы оқудың
ғылыми және оқу әдістерімен көрсетілген. Оқыту әдістері –
ақпаратты,
оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқару мен бақылаудың құралдары мен
тәсілдері. Оқытудың әдістері – оқу материалын меңгерудің құралдары мен
тәсілдері, оқу мен өзін-өзі бағалаудың репродуктивті және продуктивті
тәсілдері.
Білімнің негізгі мақсаттарының бірі оқыту мен тәрбиелеудің заманауи
технологияларын меңгеруі арқылы оқытушының педагогикалық шеберлігін
арттыру боылп табылады. Менің түсінігім бойынша технология – бұл
мақсаттар мег міндеттердің реттілігінің, логикалылығының мақсатқа
бағытталуының символы – оқушының
тұлғасын жан-жақты дамытуға
бағытталған педагогикалықт әрекеттердің негізі.
Сабақта жаңа педагогикалық технологияларды қолдана отырып,
математиканы оқыту процесін жаңа көзқарас тұрғысынан қарастырып, біршама
сапалы нәтижелерге қол жеткізе отырып, тұлғаны қалыптастырудың
психологиялық механизмдерін меңгеруге болады. Ақыл-ойды әрбиелеу мен
дамытудағы математиканың орны орасан зор.
Оқушының белгілі-бір сабаққа деген қатынасы әртүрлі факторлармен
анықталады: тұлғаның жеке ерекшеліктерімен, пәннің ерекшеліктерімен, оны
өту әдістемесімен [20].
Достарыңызбен бөлісу: