99
алумен бірге, АКТ-ның жаңа салаларын қатар игеруге ұмтылатын оқушылар екі салада да,
яғни АКТ-ны қолдану мен білімді игеруде де бірдей мықты бола алмайды.
Сондықтан төменде оқытудың бес аспектісіне ықпал етуге арналған оқу құралы ретінде
АКТ-ны қалай пайдалануға болатындығының үлгілері ұсынылған:
Көрсетілім
АКТ-ны не үшін пайдалануға болады?
• оқушылардың түрлі амал-тәсілдерді көрсетуі (мысалы, нақты ғылымда заттарды қалай
өлшеуге болады және т.б.);
• идеяларды салыстыру (мәселен, өнер мен музыка саласында және т.б.)
• зерделеу және талқылау мақсатында басқа оқушылармен жұмыстарын алмастыру
(мәселен, көркем жазу және тарихта т.б.);
• оқушылардың жұмысы мен түсініктемелерін салыстыру (мәселен, бейнеклиптер).
Модельдеу
АКТ-ны не үшін пайдалануға болады?
• оқушыларға өмірдегі нақты проблемалар немесе оқиғалардың модельдерін ұсыну (мы-
салы, ғылымдағы сызба немесе географиядағы табиғи өзгерістердің көрінісі және т.б.);
• оқушыларға мәтінді талдаудың және жазбаша нысанды пайдаланудың әдістерін көрсету
(мәселен, көркем жазуда немесе тарихта т.б.);
• тұжырымдаманы көрсететін бейнелерді беру (мысалы, түрлі эмоциялар мен сезімдерді
модельдеу үшін
дыбыс пен бейнені пайдалану, математикалық модельдер ретінде
кестені пайдалану – «егер... болса, не болады?»).
Достарыңызбен бөлісу: