Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



Pdf көрінісі
бет2/265
Дата17.10.2022
өлшемі4.87 Mb.
#462847
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   265
Мұғалімге арналған нұсқаулық

4
КІРІСПЕ
ОҚЫТУ МЕН ОҚУДАҒЫ ӘДІСТЕРДІ НЕ ҮШІН ӨЗГЕРТУ ҚАЖЕТ? 
Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер (1-сурет) әлемдік білім беру жүйесін 
қайта қарауға себепші болуда. Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім беру саласындағы саясат-
керлер үшін де, жалпы мектептер үшін де, соның ішінде мұғалімдер үшін де ең басты, маңызды 
болып отырған мәселе – «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және маңыздылығы жағынан 
одан кейінгі екінші мәселе – «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?». 
«Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің 
біліктілігін арттыру бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) мазмұны осы екінші мәселені 
шешуге бағытталған.
Әлем жылдам өзгеруде
Жаһандану
Технологиялар
Орнықты даму
Тыныштық пен 
қауіпсіздік
Демографиялық 
өзгерістер
1-сурет. Әлем жылдам өзгеруде
Қазіргі кезде білім беру саласында оқушылар үшін терең білімнің де, соған сәйкес 
тәжірибелік дағдылардың да тең дәрежеде маңызды екендігі туралы тұжырым қалыптасты. За-
манауи оқыту тәсілдерінің негізгі ерекшелігі оқушылардың білімді тек меңгеріп қана қоймай, 
оны іс жүзінде орынды қолдана білуіне басты назар аударуы ХХІ ғасырда талап етілетін 
дағдылардың мән-маңызына барынша сәйкес келеді. 
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) дайындаған Құзыреттерді 
анықтау және іріктеу жобасы дағдылардың барынша кең ауқымын қамтитын ХХІ ғасыр 
дағдыларының моделі болып табылады. Аталған жоба оқушылардың терең тұжырымдамалық 
түсінікпен астасқан негізгі сауаттылықты меңгергендігін көрсететін, кең ауқымды шешімдер 
мен іс-әрекеттерді таңдау қабілеттілігі сияқты түйінді құзыреттер жүйесін сипаттай-
ды. Мұғалімдер өз жұмысына жеткілікті уақыт бөле білулері керек, оқушының білімі мен 
дағдыларын дамытуда ғана емес, жалпы алғанда оның оқуын барынша дараландыру және 
баланың бойында метасананы – қалай оқу керектігін үйренуді қалыптастыруға мән бере оты-
рып, оны тұлға ретінде дамытуда икемділік танытулары тиіс (Schleicher, 2012) (1-сілтемені 
қараңыз).
Бұл жүйе жастардың құзыреттерін бағалаудағы ЭЫДҰ ұзақ мерзімді стратегиясын 
белгілеуге көмектесіп, Оқушылардың білім жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық 
бағдарламаны (PISA) жетілдіруге ықпалын тигізді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   265




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет