119
Рефлексия-
лаушы практик
(мұғалім)
– өзінің оқыту және оқу тәжірибесін дамыту, өзгерту және жетілдіру әдістерін
мұқият және үнемі ойластырып жүретін педагог.
Рефлексиялық
есеп
– теориялық материал туралы
қажетті біліммен нығайтылған, тәжірибелік іс-
әрекетін терең талдаумен бірге жүретін мұғалімнің тәжірибелік іс-әрекетінен
алынған мысалдар жазылған құжат. Рефлексиялық есеп өз тәжірибесіне қатысты
мынадай сұрақтарға жауап беруді көздейді:
Неліктен осындай жағдай орын
алды немесе алмады? «Кемшіліктерімді» қалай «жетістікке» айналдырамын?
Келешекте іс-тәжірибемді қалай жақсартамын?
Рефлексия
– (лат.
reflexio – өткенге жүгіну) - субъектінің назарын өзіне, атап айтқанда,
оларды
қайта ойлап, қорыту мақсатында өз белсенділігінің өніміне аударуы.
Философияда рефлексия былай деп түсіндіріледі: 1. Сананың және ойлаудың
өзіне жүгіне алу қабілеті. 2. Жаңа білім алу мақсатында білімді талдау. 3. Сана
мен жанның күйін өзіндік бақылау. Педагогикада рефлексия сабақтың бір
кезеңі ретінде қарастырылады. Ол кезде сабақ
барысында алынған білім сын
тұрғысынан талданып, меңгерілген біліммен салыстырылып, өзіндік түсінік
пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: