Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



Pdf көрінісі
бет129/265
Дата17.10.2022
өлшемі4.87 Mb.
#462847
түріБағдарламасы
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   265
Мұғалімге арналған нұсқаулық

120
Тәлімгерлік
- (mentoring) ұзақ уақытқа созылатын, тәлімгер мен тәліп арасында сенімді, жеке 
тұлғаға бағытталған қарым-қатынас құру үдерісі. Ол тәліптің педагог ретінде 
қалыптасуы мақсатында өзінің білімін, ойлауын, тәжірибелік іс-амалдарының 
тиімділігін жетілдіруде айтарлықтай қарқын алуына көмектеседі. Коучинг 
үдерісі тәлімгерлік үдерісімен байланысты: коучинг нақты тақырып бойынша 
әріптесінің кәсіби мүмкіндіктерін ашуға бағытталса, тәлімгерлік оған жүйелі 
кәсіби қолдау көрсетуді көздейді.
Ұжымдық 
диалогтік оқыту
– ұжымдық түсінуді қалыптастыру мақсатында оқушылардың сындарлы қарым-
қатынас жасауына ықпал ететін оқыту.
Шынайы 
сынып
– (грек. authentikys – түпнұсқалық) іс жүзінде бар, жұмыс істеп жатқан сынып.
Іс-әрекеттегі 
рефлексия
– алдыңғы қадамдарды жоспарлау және орындау мақсатында іс-әрекет жасау 
(мысалы, оқыту және оқу), іс-әрекет нәтижелерін сыни талдау және бағалау 
барысындағы мұқият ойлану үдерісі.
Сабақты зерттеу 
(Lesson Study) 
тәсілі
- мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған 
ынтымақтастық педагогикалық тәсіл. Бұл тәсіл ХІХ ғасырдың 70-ші жылдарында 
Жапонияда негізі қаланған.
Сабақты зерттеуге жоспарлау, оқыту, қадағалау, оқыту мен оқуды талдау, 
өз қорытындыларын тұжырымдап, құжаттауды бірлесіп жүзеге асыратын 
мұғалімдер тобы қатысады. Сабақты зерттеудің циклін өткізген соң мұғалімдер 
педагогикалық тәсілдерді түрлендіріп немесе жетілдіріп, кейіннен ашық 
Сабақты зерттеу, таныстырылым өткізу, баспада жариялау арқылы әріптестеріне 
таратады. Қазіргі кезде оқыту әдістемесін жетілдіру, оқушылардың бастауыш 
және орта мектептегі негізгі пәндер бойынша білім деңгейін арттыру, сондай-
ақ тұжырымды педагогикалық тәсілдерді жасау мақсатында Жапониямен 
қатар Сингапур, Гонконг, Қытай, АҚШ, Ұлыбритания, Швеция және Канадада 
ойдағыдай қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   265




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет