57
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ СӘЙКЕС
ОҚЫТУ ЖӘНЕ ОҚУ
Кіріспе
Танымдық даму – баланың оқу және проблемаларды шешу қабілеті. Дәлірек айтқанда,
танымдық даму оқуға деген қабілеттілік, сондай-ақ зейін, сөз сөйлеу дағдылары, ойлау, негіздеу
және шығармашылық зияткерлік сияқты қабілеттерді дамытуға және тұрақтандыруға қатысты.
Аталған зияткерлік қабілеттер ойлау үдерістерінің сипаты және жасына қарай олардың өзгеру
ықтималдығы туралы маңызды ақпараты бар танымдық даму теориясы шеңберінде сипатта-
лады.
Бұл тарауда көптеген ойлау қабілеттері қаралатын болғандықтан, бұл бөлімнің құрылымы
алдыңғы бөлімдердің құрылымына қарағанда ерекшеленетін болады. Бұл тарауда әрбір ойлау
қабілеті бойынша тарихи шолу мен заманауи түсінік бірге қарастырылады.
Жас ерекшеліктері тұрғысынан оқу үдерісінің тарихына шолу және заманауи түсінік
Оқудағы бихевиористикалық тәсіл
Психологиядағы бихевиористикалық бағыт ортамен өзара байланыстағы мінез-құлықты
зерделеу үшін эксперименттік рәсімдерді пайдалануды қарастырады.
Бихевиоризмнің негізін салушы болып саналатын Джон. Б. Уотсон психология саласы
зерттейтін ішкі тәжірибені бақылауға болмайтындықтан, тиісті түрде зерттеу мүмкін емес деп
есептеген. Оның орнына ол зертханалық эксперименттерге сүйенген. Нәтижесінде «түрткі –
реакция» моделі әзірленді, онда орта оған орай тұлға әрекет ететін түрткілерді өндіруші ретінде
қарастырылады. Эдвард. Л. Торндайк сияқты зерттеуші осы идеяны негізге ала отырып, Т-Р
(түрткі-реакция) оқу теориясын әзірледі. Олар мінез-құлық нәтижесінде реакция күшейетінін
немесе әлсірейтінін атап өткен. Скиннер осы көзқарасты бұдан әрі дамытты және ол қазір
«оперантты шарттылық» ретінде белгілі: адамдардың лайықты іс-әрекеттерін ынталандыру
мақсатында оларды көтермелеу, ал тоқтатылуы қажет мінез-құлықты елемеу немесе ол үшін
жаза қолдану.
Достарыңызбен бөлісу: |