Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш


 Педагогикалық технологияларды іске асыру



Pdf көрінісі
бет20/131
Дата19.10.2022
өлшемі1.53 Mb.
#463005
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   131
boribekova-kazirgi

4.5. Педагогикалық технологияларды іске асыру 
принциптері
Жаңа білім беру технологиясын іске асырудың қажетті шарты 
ретінде мынадай əдіснамалық принциптерге міндетті түрде баса 
көңіл аудару аса маңызды:
1. Мұғалімнің педагогикалық кəсіби қабілетіне сену принципі;
2. Оқытудың кез келген уақыты аралығында берілген пəннен 
бастауыш сынып оқушысының кепілді дайындығы болу принципі;
3. Оқу үдерісінің модульдік жобалау принципі;
4. Бастауыш мектептегі кері тартпалық пен шек қойып тежеулікті 
жойып, бұрынғы дəстүрлі оқыту көздерін дұрыс арақатынаста 
үйлесімді пайдалану принципі;
5. Ұйымдастыру жəне оқыту технологияларын қолдану мен 
қалыптастырудағы мəліметтердің дұрыстығы мен шындыққа 
сəйкесттік принципі;
6. Бастауыш мектептің мұғалімдері мен оқушыларының оқу 
үдерісіндегі арақатынасының жарасымды даму принципі;
7. Бастауыш сынып оқушыларының жалпы біліктілігінің 
нəтижесінде пəндік біліктілік əдістерін меңгеруді жүйелі түрде 
үйлестіру принциптері;
8. Қазіргі заманғы педагогикалық технологияны жобалаудағы 
мазмұндық, бірізділік, мотивациялық жақтарының бірлігі принципі;
9. Əр бастауыш сынып оқушысының жалпы білім бойынша 
дайындығының базалық деңгейге міндетті түрде жету принципі. 
4.6. Педагогикалық технологиялармен жұмыс істеу 
шарттары
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиямен жұмыс істеу 
үшін төмендегі алғышарттар қажет:
оқу үдерісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу;
оқушылардың сабақбастылығын болдырмау шараларын 
кешенді түрде қарастыру. Оның ғылыми-əдістемелік, оқыту-
əдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, 
назарда ұстау;
жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, пəндік білім 
стандартымен жете танысу, білімді деңгейлеп беру технологиясын 


56
57
игеру арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде 
игертуге қол жеткізу;
оқыту үдерісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі 
басшылыққа алу.
Кез келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру 
деңгейінің жоғарылығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы орны мен 
салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталмақ. 
Жалпы қоғам дамуы мен қазіргі заманғы педагогикалық 
технологияны енгізу сапалылығы осы елдегі білім беру ісінің жолға 
қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп 
тіреледі. Экономикалық күшті дамыған елдердің тəжірибесі білім 
беру жүйесін ақпараттандыру экономика, ғылым жəне мəдениеттің 
қарқынды дамуының негізгі кілті екендігін көрсетіп отыр. 
Ендеше қазіргі заманның ақпараттық жəне телекоммуникациялық 
технологиясын игеру міндетіміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   131




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет