20
Ұсынылған
әдебиеттік
шолу
бөлімінде
өнеркәсіптік
газ
шығарындыларының тазарту әдістеріне жалпы сипаттама беріліп,
оларға
жалпы шолу жасалды.
Өнеркәсіптік газдарды кәдеге жарату үшін оның қандай құрамдастардан
және бөлшектерден тұратынын білу маңызды. Осыған байланысты уытты
газдарға кішкене шолу жасалынды және бұл газдардың қоршаған ортаға және
адам ағзасына әсері бойынша талдау жүргізілді.
Газдардың құрамдастарымен танысқаннан
кейін улы газдарды кәдеге
жарату әдістерінің түрлері баяндалды. Бұл әдістерге адсорбциялық,
каталитикалық, абсорбциялық, биохимиялық және термиялық тәсілдері жатты
және олар жеке аталып өтті.
Барлық
әдістері сипатталған соң, өнеркәсіптік газдарды тазартулың
маңызды әдісі, каталитикалық кәдеге жарату әдісіне толық сипаттама берілді.
Осыған байланысты орындалған жұмыстың
мақсаты бойынша - блокты
тасымалдағыштағы жаңа буындағы катализаторлардың синтезін дайындау
және оларды өнеркәсіптік кәсіпорындардың түтін шығарындыларын және улы
құрамдастарын терең тотығу үрдістерінде сынау болып табылады. Осы
мақсатқа жету үшін келесі жұмыстар жүргізілу қажет:
- катализаторларды дайындау;
- метан мен пропанның тотығуы үрдісінде
металл блоктық
тасымалдағыштардың зертханалық үлгілерін сынау;
-
Ееінші тасымалдағыштың морфологиясы мен текстуралық
сипаттамаларын зерттеу;
- метан мен пропанның толық тотығу үрдістеріндегі блоктық
катализаторларды сынау;
- катализаторлардың зертханалық үлгілерін СО-дан, көмірсутектерден
кешенді тазарту реакциясына церий қосу арқылы
екінші тасымалдағышта
сынау.
Достарыңызбен бөлісу: