Тарих, археология және этнология факультеті


Пәнаралық түйісіндегі мәліметтер (археологиялық, лингвистикалық



Pdf көрінісі
бет11/78
Дата28.10.2022
өлшемі1.72 Mb.
#463571
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   78
Учебник Теор. этнология

Пәнаралық түйісіндегі мәліметтер (археологиялық, лингвистикалық 
және 
фольклор 
деректері). 
Этнографиялық 
зерттеулерді 
шешуде 
этнографиямен түйісетін кейбір ғылыми пәндердің жинаған материалдары және 
зерттеу жұмыстарының қорытындылары маңызды болып саналады. Мәселен, 
этногенез және этникалық тарих мәселесін зерттеуде әсіресе жазба деректер 
болмаған жағдайда археологиялық деректердің маңызы зор. Археологиялық 
материалдар не моделдер осы не басқа халықтың шығу тегі, оның 
қалыптасуындағы этникалық компонент, басқа мәдениетпен не этникалық 
топпен байланысы, көші-қоны жөнінде мәлімет беретін дерек болып табылады. 
Мұнан басқа археологиялық материалдар этникалық топтардың материалдық, 
әлеуметтік және рухани мәдениетінің тарихын және мәдени ареалының өткенін 
де көрсететін құнды материал бола алады. Археологтар мен этнографтарға бұл 
деректі қолдануда және зерттеу қорытындысында оның өзіндік ерекшелігін 
білуі керек. Археологтардың анықтаған археологиялық мәдениетін этникалық 
ареал деп, біржақты қарауға болмайды. Сондықтан этнографтар археологиялық 
деректерді қолданғанда басқа барлық деректермен салыстыра отырып, қарау 
керек. Археология мен этнографияның түйісінде пайда болған этноархеология 
пәні археологиялық және далалық этнографиялық деректерді байланыстыра 
отырып, тарихымыздың өткенін және этномәдени ареалды зерттеуге мүмкіндік 
береді.
Этнографиялық 
зерттеулерде 
этнограф 
үшін 
лингвистикалық 
материалдардың да өз орны бар. Тіл мен мәдениет бір-бірінен бөлінбейді, тіл 
адамзат мәдениетінің барлық түрлерінен хабар береді. Лингвистика этногенез 
және этникалық тарих мәселелерін шешуде құнды материал болып табылады. 
Тіл жөнінде дұрыс түсіндіре алсақ, этникалық топтың алғашқы отанын, 
генеологиялық туыстығын, этникалық тарихының кезеңдерін, көші-қонын және 
басқа да этнотілдік ареалдармен байланысы жөнінде ақпараттар аламыз. Бұл 
жерде тілдің барлық тармақтары-фонетика, морфема, лексика, синтактика 
маңызды. Линвистика тіл тарихын реконструкциялауда ерекше әдіс жасап 
шығарған. Тілді зерттеуден алынған материалдар және тұжырымдамалар 
этнографқа этникалық топтардың орны мен уақытын және олардың этникалық 
ареалдан бөлінуін анықтап бере алады. Этнограф үшін диалектологиялық 
материалдар мен лингвистердің ұсынымдары (картотека, сөздік, карта, 
семантикалық және этимологиялық сөздіктер) маңызды. Атап айтқанда, 
диалектологтардың қайта жаңғыртуындағы диалектикалық лексикалары этнос 
құрамындағы этникалық топтар мен тарихи-мәдени ареал аясында
салыстырмалы материалдар береді. Этнограф пен лингвистердің тығыз қарым-
қатынасы нәтижесінде мәдениет тіл арқылы көрсетілетін, ал тілдік құбылыстар 
өз кезегінде мәдени контексте берілетін этнолингвистік сөздік қалыптасады.
Этнографиялық деректерде – филологияның бір саласы фольклор 
дерегінің орны ерекше. Бір жағынан фольклор халықтың ауызекі 
шығармашылығы 
ретінде 
этнографияның 
зерттеу 
нысанына 
кіреді. 
Этнографиялық далалық зерттеулер осы фольклор материалдарын жазып алуға 


негізделген. Этнограф фольклорды шаруашылық, тұрмыстық және әдет-
ғұрыптармен өрілген фольклор түріндегі әлеуметтік-мәдени контексте қарайды. 
Фольклорлық мәтіндер мәдениеттің ғұрыптық, салттық жағын, діни сенім-
нанымдарын, жалпы әлемдегі халықтың не этнолокальдық топтың сипатын 
көрсетуге көмектеседі. .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет