Бағдарламасы (Syllabus)



Pdf көрінісі
бет17/46
Дата01.11.2022
өлшемі385.53 Kb.
#463807
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   46
Адаи

Ішек сөлі – аш ішектің ішкі кілегейлі қабығындағы көптеген ұсақ
бездерден бөлінеді. Аш ішекте астың ары қарай қорытылуы өттің және
ішек сөлінің әсерінен жүреді. Ішек сөлінің түсі күңгірттеу сұйықтық.
Ересек адамда тәулігіне шамамен 2 литрдей ішек сөлі бөлінеді, оның
реакциясы да сілтілі. Ішек сөлінің әсерінен асқазаннан тамақпен бірге
келген қышқылды орта жойылады. Ішекке асқазаннан түскен тағамның
әсерінен ішек сөлі үздіксіз бөлініп тұрады. Ішек сөлінің құрамында су,
органикалық, бейорганикалық заттар және 20-дан астам ферменттер
болады. Олар түрлі тағамдарды ыдыратып, денеге сіңуіне жағдай
жасайды. Ішек сөлінің бөлінуі рефлекстік және гуморальдық
жолдармен реттеледі.
Бауыр – адам ағзасындағы ең үлкен асқорыту безі. Бауыр
жасушалары шоғырланып, өте ұсақ бөлшектер құрайды (83-сурет). Ол
құрсақ қуысының жоғары бөлімінің оң жағында көкеттің астында
орналасқан. Бауырдың салмағы ересек адамда 1,5–1,7 килограмдай,
қоңырқай түсті безді мүше. Бауырдың оң жақ бөлігі үлкен, сол жақ
бөлігі кішкене. Оның астыңғы бетінде алмұрт пішінді өт қабы
орналасқан. Ересек адамның өт қабында 30–50 мл өт болады.
Бауырдың негізі эпителий ұлпасынан тұрады. Бауыр жасушаларына
өте көп мөлшерде қан келеді. Бауырға артерия қанымен бірге, аш ішек,
тоқ ішек, асқазан, ұйқы безі, көкбауырдан жиналған вена қаны да
келеді. Вена қаны бауырдың вена қақпасын құрайды. Вена қанының
құрамындағы денеге сіңген тағамдық өнімдер бауырда қайта өңделеді.
Өңделген заттардың біраз бөлігі қайтадан қанға өтіп, ұлпаларға,
мүшелерге энергия және құрылыс материалы түрінде таралады.
Қалған бөлігі бауыр жасушаларында гликоген күйінде қор заты болып
жиналады.
Бауыр жасушалары ішімдікке, есірткіге және темекі уына өте
сезімтал. Ішімдікті үнемі, әрі ұзақ уақыт пайдаланатын адамдардың
бауыр жасушалары тығыздалып, дәнекер ұлпаға айналады. Ол
бауырдың өте қауіпті ауруы – бауырдың беріштенуіне (цирроз)
соқтыруы мүмкін. Бауырда вирустардың әсерінен болатын жұқпалы
бауырдың қабынуы (гепатит) ауруы да кездеседі. Бұл ауруды ауызекі
тілде сары ауру (болезнь Боткина) деп атайды. Бауырда паразитті


таспақұрт – эхинококктың әсерінен де ауру болуы мүмкін. Оның
жұмыртқалары лас судан, таза жуылмаған көкөністерден, не
жануарлардан жұғады да, қанмен бауырға келеді. Одан эхинококкоз
ауруы пайда болады.
Бауырдың басты қызметі – өт бөлу. Ересек адамдарда тәулігіне 0,5–
1 л өт бөлінеді. Бауырдан бөлінген өт алдымен өт қалтасына (қабына),
одан өт қабының өзегі арқылы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет