Сборник материалов международного научного форума «филологическая наука в ХХІ веке: проблемы и перспективы»



Pdf көрінісі
бет63/95
Дата08.11.2022
өлшемі2.33 Mb.
#464265
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   95
abdezuly. sborgik filologicheskaya nauka v 21 veke.

болсын, бәрі шығарма болады. Шығарманың түрлері толып жатыр. Оның бәрін шумақтап бір-ақ 
атағанда арабша әдебиет, қазақша асыл сөз дейміз» [1,11]. Шығарма сөздің бәрінен бұрын байқа-
латын тысқы нәрселері: 1. Тақырыбы; 2. Жоспары; 3. Мазмұны; 4. Түрі» [1, 12-б.]  
Яғни, «Ауыз шығарған сөз болсын, жазып шығарған сөз болсын, бәрі шығарма болады» дейді. 
Ал біз білетін көп қолданыстағы әдебиет (litteratura – жазылған, littera – әріп сөзінен келіп шығады) 
түсінігінің «ақындық өнер», «поэзия» түсініктерінің орнын алмастырып келгені белгілі. Байтұр-
сынұлының бұл жерде асыл сөздің баламасы ретінде айтқан «арабша әдебиет, қазақша асыл сөз 
дейміз» деуі де жай емес. Себебі, бұл терминдердің таза мағыналық өлшемін таразылағанда, асыл 
сөзге жақын болып шығатыны латын тілінен келгенінен гөрі араб тілінен келгені (түбірі بدأ әдеп, 
көркем мінезді иемдену, әдептілік, әдепті сөйлеу, сұлу сөйлеу т.б. мағыналарды білдіреді, осы 
мағыналардың барып тірелер шыңы – асыл сөзден тіптен де алыс емес). Мағыналық жағынан 
соңғысының шеңбері кең болып тұр. Адамға рухани қажеттілік – сөздің асылы ғана дегенге саяды. 
Ал, асыл сөздің ғылыми анықтамасына келсек оған қазіргі әдебиеттану да нақты жауабын бере алмай 
отыр. Мәселен, француз әдебиетінің маманы, аудармашы, теоретик ғалым С. Зенкин бұл мәселеге 


141 
орай келесі пікірді алға тартады: «Затруднительными оказываются и попытки дать научное 
определение литературы, описать круг объектов, которые к ней относятся. "Литература — это 
вымышленное повествование", "литература — это изящная речь", "литература — это мышление в 
словесных образах": вот уже ряд определений, каждое из которых раскрыва¬ет нечто существенное, 
некую реальную сторону литературного факта, но все они не удовлетво¬ряют критерию полноты, а 
порой и непротиво¬речивости» [2,16]. Әдебиеттің екі бірдей (әдебиет дегеніміз ойдан шығарылған 
сөз, бұл оның алғашқы құрылымдық анықтамасы – a; екінші құрылымдық анықтамасы - әдебиет 
жүйелі реттілік тілі - b ) негіз қасиетін талдап келіп семиотик ғалым Ц.Тодоров, олардың пәннің 
қасиетін беруде тікелей біржақтылыққа ұрындырып келгенін айтады . Сөйтеді де, бұл екі қасиеттің 
де жүгін арқалайды деп дискурс (француз тілінен мағыналық жағынан аударғанда, дискурс – сөйлеу, 
пікір алмасу дегенге саяды) сөзіне басымдық береді. «...необходимо ввести родовое по отношению к 
понятию литературы понятие дискурса (discours). Это - структурная пара к функциональному 
концепту "употребления" (языкового) (usage). ... Специфика дискурса определяется тем, что он 
располагается по ту сторону языка, но по эту сторону высказывания, т. е. дан после языка, но до 
высказывания» [3, 366]. Алайда, ғалым ұсынып отырған дискурстық жүйе асыл сөздің өзіне тән 
ерекшелігіне қан жүгірткенімен, оның кең мағынасындағы рухани талғам тұрғысынан келіп шығатын 
спецификалық мәніне жауап береді дей алмаймыз. Әрине, бұл жерде біз дискурс табиғатын ашып 
беруді мақсат тұтпадық. Тек, сөз өнеріне деген жаңа талап тұрғысынан жазылып жүрген дәйекті, 
дәйек ретінде айта кетуді ғана ойладық. Немесе, Байтұрсынұлы түсінігіндегі асыл сөз бен жоғарыда 
келтірілген дискурстың түсінігі мүлдем кереғар ұғымдар. Бірі асыл сөздің асыл болатын белгілері 
болады десе, бірі әдебиетте олай болуы шарт емес, барлығы да пікір алысу болады дейді. Яғни, 
былапыт сөзбен екі адам ұрысып қалса ол да пікір алысу; пікір алысу болғаннан кейін ол да әдебиет. 
Яғни әдебиет сөздерінің ешқандай түрі, өз сүйкімі, шекарасы болмайды. Бұл енді қисындық 
синтездің (техногендік һәм философиялық ойдың синтезінен) жетістігі. Дискурс тек соны ұтымды 
қолданып тұр, әдебиетке. Ал енді мұның шешімі қалай болары уақыт еншісінде. Жалпы біз білетін 
көркемдік дүние тарихында (егер ол көркемдікті бүтіндей құшағына алғысы келген жағдайда) 
дискурс тектес қаншама эксперименттердің ғұмыры келте болып келгендігі басы ашық мәселе. 
А.Байтұрсынұлы әдеби, мәдени мұрамызды жазуда, зерттеуде және оны насихаттауда сол 
уақыттағы айтулы шығыстанушы ғалымдардың алдыңғы сапында тұрады. Көп халықтарда енді ғана 
қолға алына бастаған жәйттерге ғалым сонау ХХ ғасыр басында-ақ өз тұжырымын айтып, өз бағасын 
береді. Жалпы А.Байтұрсынұлы жазба әдебиеттің тарихи жүйесін – діндәр дәуір және ділмәр дәуір 
деп екіге бөліп қарағанда тек хронологиялық шартты дәуірлеу тұрғысынан келмеген де болса керек. 
Бұл жөнінде А.Ісімақова «Ахмет Байтұрсынұлы үшін қазақ әдебиетінің хронологиялық шеңбері ғана 
емес, сөйлеу жүйесіндегі әуезе, толғау, айтыстың орнын айқындау маңызды болды» [4, 109-б.], − деп 
жазады. Қалай болғанда да, егер әдебиеттің тарихын қоғамдық сананың тарихы деп ұқсақ, ғалымның 
ұсынған бұл екі атауы да жалпылай алғанда өздерінің ішкі мазмұнын дөп басып ашып тұр. Діндәр 
дәуірдің мақсаты діни-танымдық үлгіге құрылса, ділмәр дәуірде ділмәрлық та, шеберлік те, 
көркемдік мақсат та қатар келеді. Осы мән-мағыналық тұрғыдан алғанда бертінгі әдебиет тарихын 
діндәр, ділмәр деп бөлу сәтті шыққан. Бірақ, жалпылай мағыналық жүйелеу бір басқа да тарихи 
жүйелеу бір басқа болатыны белгілі. «Әдебиет танытқышта» осы тұсы да ескеріліп, әдебиет 
дамуынадағы Абайдан кейінгі кезең «Сындар дәуір» делініп, оның да жеке жүйесі беріледі. Сонымен 
ішкі мазмұндық талап тұрғысын алып қарағанда А.Байтұрсынұлы жүйесінде ділмәр дәуір мен 
сындар дәуірдің алаңы бір болып шығады да, діндәр дәуірдің қазақ әдебиетіне қатынасатын жерін 
бөлек алып тарихи түсіндірме ретінде беріледі. 
Қорыта айтқанда, қазақтың ұлттығы мен егемендігін бүгінгі таңда бүкіл дүниежүзі танып, 
мойындап отырған тұста ғасырдан ғасырға жеткен мәдени мол мұраларымыз ел игілігіне айналуда. 
XX ғасыр басында тұңғыш рет Ахмет Байтұрсынұлы «Әдебиет танытқыш» атты ғылыми-теориялық 
еңбегінде ұлттық әдебиеттанудың негізгі ұстанымдары мен тұжырымдарын әлемдік контексте 
қарастырған әрі ғылыми тұрғыда негіздеген өміршең зерттеулерін қалдырды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет