Сборник материалов международного научного форума «филологическая наука в ХХІ веке: проблемы и перспективы»



Pdf көрінісі
бет60/95
Дата08.11.2022
өлшемі2.33 Mb.
#464265
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   95
abdezuly. sborgik filologicheskaya nauka v 21 veke.

энциклопедиялық білімінің жан-жақтылығы жайлы жазушы Марат Мәжитов былай деп жазады: 
«Ахат Имантайұлының әлем халықтары тарихын өте терең білетін. Дүние жүзінде неше ұлт, неше 
ұлыс барын, олардың тегі қайдан шыққанын, жер көлемі, халқының саны, көсемдері кімдер, олар 
кімге иек сүйеп, табынады, олардың тілі, діні мен ділі көкірегінде сайрап тұр. Ал орыс княздары мен 
патшалары, қазақ хандары мен билері туралы мен естімеген деректер айтқанда, өз өрісімнің қыс-
қалығына ұялғаннан басым айналып, құлағым шуылдайды. Кейде маған мынадай ой келетін. Осы 
Ахаңа “профессор” деген құрметті атақты бере салып, университетке ұстаздыққа қызметке алса
шәкірт-студенттердің мерейі бір қанар еді-ау, шіркін! Мен білетін Ахаңның математика, физика, 
химия ғылымынан да білігі өте жоғары...» 
Ахат Жақсыбаев аударма саласында да өнімді еңбек етіп, көркем аударманың сапалық, көркемдік 
дамуына еңбегін сіңіріп, өзіндік келбетін қалыптастырды. Ол 1986 жылы Го Хаггардың «Маргарет 
ару» романы «Жалын» баспасында қазақ тілінде жарыққа шықты. Сонымен қоса, Рой Медведтің 
«Сталиннің серіктері» және Әнуар Әлімжановтың «Таным» повесін орыс тіліне аударған болатын.
Сонымен қатар әр жылдарда «Уақыт және қаламгер», «Сөзстан», «Бесжылдық белестері» жинақ-
тарымен жекелеген очерктері жарық көрді. Шығармашылық ғұмырында осындай бірсыпыра 
салмақты да жауапты жұмыстар тындырған ақынның мұрасы жүйелі түрде зерттеу нысанына 
алынбай, зертеушілер назарынан тыс қалып келеді. Әдебиеттің түрлі жанрында өзіндік үлесі бар Ахат 
Жақсыбаев шығармашылығын арнайы түрде ғылыми бағытта талдау нысанына алу кезек күтіп 
тұрған маңызды мәселелердің бірі.
Ахаң редакциясының жұмысымен қатар, атақты партизан, ұлтымыздың мақтанышы, Халық 
Қаhарманы Қасым Қайсенов жөнінде роман - эссе жазып, оның екі-үш тарауын «Ақиқатта» жария-
лаған. Кейін бұл шығарма «Қайтпас қайсар» деген атпен кітап боп шықты. Кітап бір ғана Қасым 
Қайсенов туралы емес, Ұлы отан соғысындағы майдангерлердің асқан ерлігін сипаттайтын толымды 
шығарма. 
Ахат Имантайұлы журналистік жолын қасиетті шаңырақ «Лениншіл жас» газетінен бастаған. 
Жастар басылымы Ахаңды шыңдап шынықтырды, талай талай іс сапарда болып, тәжірибе жинақтап
барып, «Қазақ әдебиеті» газетіне бөлім меңгерушісіне ауысты. Отыз жыл бойына Қазақстан 
жазушылар үйінде «Жұлдыз» журналы, «Қазақ әдебиеті» басылымында қызмет істегені көпшілікке 
аян. 2006 жылы «Білім» баспасынан жарық көрген «Жаны жайсаң жақсылар» атты кітабы өзі 
сапарлас, қанаттас болған академик – жазушы, қазақ – кеңес әдебиетінің классигі Сәбит Мұқанов, 
жазушылар – Ғабиден Мұстафин, Қасым Қайсенов, Әнуар Әлімжанов, Бекежан Тілегенов, Оралхан 
Бөкеев, сонымен қатар академик Әлкей Марғұлан, Халық суретшісі Әбілхан Қастеев жөніндегі ой –
толғамдары, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге Францияға 
сапары туралы материалы қызықты оқылады. Осы кітаптағы «Сәбеңді қанша тықпаласаң да бір 
қалыпқа, бір арнаға сыйғыза алмайсың. Шыңдап қарасақ жұрттан асқан жазушылығы бар, тынымсыз 
күрескерлігі, қайсар қайраткерлігі бар, тындырған істері, жомарт көңіл, кең мінезі бар- осының бәрі 
сан- сала, сан тарауға жетелейді»,- дейді. Көңілге қонымды, жүректен – жүрекке жететін сөз екенін 
мойындайсың. Жалпы алғанда, Ахат Имантайұлы не жазса да оқырманды сендіріп, иландырып, 
шынайы шындықтың өзін нұрландырып жазатынына тәнті болдым.
Осы естілгенде автор жазушы Ғабиден Мұстафин шығармашылығының құпиясын ашуға да 
тырысады. Терең ойлы сөз шеберінің ішкі жан – дүниесіне үңіле қарап, содан тәлім – тәрбие алуға 
ұмтылыс жасайды. Сөйтіп жазушыға:
– Қалай жазу керек? – деген сұрақ қояды. 
– Біліп жаз. Бұл қай жазушыға болсын қатысты сөз, – дейді Ғабең. 
– Ғабеке, шығарма оқиғадан туа ма, әлде идеядан туа ма? – деп сұрақ қояды автор. 


136 
– Менің өзімде идеядан туады. Әуелі, ақыл тәрізді. Шығарманың негізгі идеясын, жалпы 
бағытын айқындап алмай, жазуға қалай кірісуге болады – дейді Ғабең. 
Бұл қасиеттер жас жазушыға да, тіс қаққан жазушыға да аса қажет ұлағатты дүниелер, автордың 
естелігі осы жағынан да, өмірді зерттеп, болжамдау жағынан да құнды екендігіне дау жоқ, Мұның өзі 
– ескірмейтін ұдайы бір – бірімен сабақтасып, жаңарып отырған – бір тарих. 
«Тектілік табиғаты» естелігі академик Әлкей Марғұлан жайлы сөз етсе, «Тума талант» халық 
суретшісі Әбілхан Қастеев жөнінде ой тарқатады. Автор Әлкей ағаның ғұлама ғалымдарын, оның көп 
білетіндігін әңгімеге арқау етсе, суретші Әбілхан ағаның жаратылысынан тума талант екендігін 
көсілте жазады. 
Кітаптағы «Қайсеновтің қасиеті», «Қасым қайсенов туралы сөз» естелігі «Қайсар қайтпас» роман 
– эссесінен өзгеше дүниелер. Қаһарман партизанның тыныс – тіршілігі, соғыстағы ерлігі туралы аз 
жазылған жоқ. Бірақ Ахат шығарма табиғатын дараландырып, әрі көркем, әрі тарихи туынды жазды. 
Қасым Қайсеновтің өмірбаяндық портретін шебер қиюластырып, өзінде де, өзгеге де таныта білді. 
Сөз өнерінің барлық саласында жемісті еңбек еткен жан-жақты дарын иeci Ахат Жақсыбаев 
көркем шығармашылықпен бipгe өз заманындағы әдеби өмірдің зәру мәселелері төңірегіндегі пікір 
алысуларға да батыл араласып, жазу өнepi жайлы ойларын үнемі білдіріп отырған. 
Қалай болғанда да уақыт кідірмейді, бірақ адамның арманшыл әрекетшілдігі басым: ол бәрін 
жеңеді ілгері асуларға жетелейді. Біз әрдайым осы жолда сана ағысын сарқып еңбек етіп танылған 
азаматтарға олардың үрдісті өмір жолынан үлгі алуға тиістіміз. Осы санаттағы тұлғаның бірі, әрі 
бірегейі Ахат Жақсыбаев.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет