география қоғамының мүшелері болады. Ауыз әдебиетін
ұқыптап жинау ісін ең алдымен солар қолға алады.
Қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін жинауда көрнекті
еңбек еткендер – Россиялық география қоғамының
мүшелері: Ш.Уәлиханов, В.Радлов, И.Березин, А.Васильев,
А.Алекторов,
Г.Потанин,
Н.Ильминский,
Ә.Диваев,
А.Харузин, П.Мелиоранский, В.Катаринский, Н.Пантусов
т.б. Олар қазақтың ауыз
әдебиетін аса бай мұра деп
бағалаумен қатар, сол мұраны ел арасынан көптеп жазып
алуға зер салады, жинаған материалдарын қазақ (сөзі
қазақша, жазуы орысша) және орыс тілінде жеке кітапша
етіп шығарады, екі тілде газет-журналдарға бастырады.
Қазақ тілінде жазып алу мүмкіндігі
болмаған жағдайда,
жинаған материалдарының мазмұнын орыс тіліне аударып
бастырып отырады (Бұл әдісті Г.Потанин көбірек
қолданған). Бұлардың қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін
жинаудағы игілікті істері ХІХ ғасырдың аяқ кезінде
күшейе
түседі
және
бұл
жұмысқа
О.Әлжанов,
Б.Дауылбаев, Ж.Айманов, М.Бекімов сияқты қазақ
жастары белсене араласады.
Ауыз әдебиеті үлгілерін жинап жазып алу ісіне Абай
мен Ыбырай Алтынсарин де қатысады. Халық әдебиетін
жоғары бағалаған Абай өзінің шәкірттеріне, жолдастарына
тапсырма беріп, ел
арасынан асыл мәдени мұраны
жинатып отырады, оны халыққа таратуға мән береді.
Ыбырай Алтынсарин де осылай етеді, ол ауыз әдебиетінің
ең жақсы үлгілерін өзінің «хрестоматиясына» енгізіп,
баспа жүзіне шығарады.
Жоғарыда аталған адамдардың ішінде қазақтың ауыз
әдебиеті үлгілерін жинау, баспа жүзіне шығару жөнінде
Ш.Уәлихановтың, В.Радлов пен Г.Потаниннің қызметі
айрықша еді. Сондықтан олардың әрқайсысына қысқаша
тоқталып өтелік.