Мәлік Ғабдуллин Қазақ халқының ауыз әдебиеті


Ауыз әдебиеті туралы К.Маркс пен



Pdf көрінісі
бет7/101
Дата11.11.2022
өлшемі2.53 Mb.
#464606
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   101
1ТОМ. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ-2014. т

Ауыз әдебиеті туралы К.Маркс пен
Ф.Энгельстің пікірі 
Еңбекші халықтың көп ғасыр бойы жасаған ауыз 
әдебиетін Маркс пен Энгельс аса жоғары бағалады. Олар 
ауыз әдебиеті халықтың қоғамдық өміріне, тұрмысына, 
тарихи жағдайларына, таптық күресіне байланысты 
8
М.Горький. Әдебиет туралы, 1954 жыл, 185-бет, Алматы. 


туатындығы жөнінде тамаша пікірлер айтты. Олар ауыз 
әдебиеті де белгілі бір таптың құралы, таптық сананы 
білдіретіндігін және таптық тілектен тысқары ауыз 
әдебиеті болмайтындығын дәлелдеп берді. 
Карл Маркс халықтың ауыз әдебиетін қызыға 
тыңдаған, терең оқып танысқан, сонымен қатар, ол 
жөнінде құнды пікірлер айтқан. Жалпы көркемөнердің, 
соның ішінде ауыз әдебиетінің, қоғам өмірінде алатын 
орны, даму кезеңдері қандай деген мәселелерге К.Маркс 
айрықша көңіл бөледі, көркемөнер экономикалық және 
қоғамдық дамудың жемісі, соның нәтижесі деп қарайды. 
Ол ауыз әдебиетінің қалыптасуына, өркендеп өсуіне 
экономиканың, қоғамның дамуы аса көп әсер етеді деп 
көрсетеді. Сонымен қатар, қоғамның дамуына, алға 
басуына 
кей 
кезде 
көркемөнердің 
де 
ықпалы 
болатындығын айтады. 
«Саяси экономияның сынына кіріспе» деп жазған 
еңбегінде К.Маркс ауыз әдебиетіне қатысы бар күрделі үш 
мәселеге көңіл аударады. Оның айтуынша, қоғамның 
дамуы төменгі сатыда тұрған кездің өзінде де 
көркемөнердің жоғарғы дәрежеге көтерілген кезеңі 
болады. Көркемөнердің белгілі бір кезеңдегі өркендеуі 
қоғам дамуының дәрежесіне сай келмейді, қайта одан озық 
болады деп көрсетеді. Бұған ол гректердің ертедегі 
көркемөнері қоғам дамуына әлдеқайда ілгері болғандығын 
мысал етеді
9
Екіншіден, Маркстің айтуынша, көркемөнердің 
барлық түрі бірден қалыптасып ұлғайып кетпейді. 
Көркемөнердің «аса күрделі маңызы бар кейбір түрлері 
жалпы көркемөнер дамуының дәрежесі төменгі сатыда 
тұрған кезінде де болуы мүмкін», – дейді. Бұған ол 
гректердің эпосын мысалға алады. Грек эпосы сол кездегі 
9
К.Маркс, Ф.Энгельс. Об искусстве, 1938 г, стр.37. 


көркемөнердің тамаша бір үлгісі екендігін айта келіп, бұл 
эпос мифологияға байланысты туғандығын көрсетеді. Ал 
мифологияны Маркс «мифтік теорияны» шығарған 
идеалистерше түсіндірмейді, оған материалистік анықтама 
береді. «Мифтік ұғымдардың қандайы болса да адамның 
қиялынан туады, табиғат сырын түсінбеген адамдар сол 
сырды әр түрлі мифтер арқылы ұғынбақ болады, бертін 
келе, адам баласы табиғатты өзіне бағындырып алған 
кезде, оның сырына түсінген шақта ескі мифтік ұғымдар 
жойылады», – дейді.
Үшіншіден, Маркс ескі грек көркемөнерін, грек 
эпосын жоғары бағалай отырып, ертеде туған көркемөнер 
үлгілерінің мәні зор екендігін, көркемдік әсер беретінін 
айтады. «Ересек кісі қайтадан бала бола алмайды, бірақ ол 
жас баланың адал, аңқау қылығына қуанып, сүйсініп 
отырады», – дейді. Мұны айтумен ол ертеде жасалған 
көркемөнердің кейбір түрлеріне бергі кезде, яғни қоғам 
өмірі алға басқан, дамыған кезде де, қызығып қараушылық 
болатындығын білдіреді. Көркемөнердің өркендеп, жоғары 
дәрежеге жетуі ескі мәдениетті бағаламауға, оны жоққа 
шығаруға әкеп соқпайды деп қарайды.
Халықтың ауыз әдебиетіне Ф.Энгельс те айрықша 
көңіл аударып, оған өте зор мән береді. Маркс сияқты, 
Ф.Энгельс те ауыз әдебиетінің халықтың тұрмысына, 
қоғам өміріне, экономиканың дамуына байланысты 
туғандығын айтады. «Ертедегі адамдардың табиғат сырын, 
айнала қоршаған жаратылыс дүниесін түсіне алмай, олар 
жайында неше түрлі мифтік ұғымдар тудыруы және 
олардың ауыз әдебиетінен орын алуы – экономикалық 
дамудың төменгі сатыда болғандығынан» деп дәлелдейді
10

Ф.Энгельс ауыз әдебиеті үлгілерінен құралған 
«Немістің халық кітаптары» туралы жазған мақаласында 
10
К.Маркс, Ф.Энгельс. Об искусстве, 1938 г., стр. 17-18. 


ауыз әдебиетінің мәдени, тарихи, көркемдік мәнін айта 
келіп, оны саяси-әлеуметтік тұрғыдан қарастырады. Халық 
кітаптарының міндеті «күні бойы ауыр жұмыс істеп, арып-
талып қайтқан шаруаның көңілін көтеру, ойын ояту, ауыр 
азабын ұмыттыру, оған өзінің тастақ даласын иісі жұпар 
аңқыған гүл бақшасы етіп көрсету»
11
ғана емес, оның 
міндеті халықтың сана-сезімін, ықылас-жігерін, отанға 
деген махаббатын ояту, өзінің күш-қуатын, правосын, 
бостандығын 
аңғарту 
екендігін 
айтады. 
Осыған 
байланысты, ол халық арасында айтылып, пайдаланылып 
жүрген шығармалардың барлығы халықтық емес, оның 
бәріне сын көзімен қарау керектігін ескертеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   101




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет