совет үкіметі еңбекші халықтың творчестволық таланты
мен өнеріне, творчестволық күшіне
ерекше мән береді,
оларды дамыту ісін қолға алып дұрыс жолға қояды»
12
, –
деді. Және де ол, осыған байланысты, пролетариат
мәдениетін жасау жолдарын көрсетіп берді.
Пролетариаттық мәдениет адамзаттың бүкіл дамуы
туғызған мәдениетті қайта қарастырып пайдалану негізінде
жасалатындығын айта келіп, В.И.Ленин былай дейді:
«Пролетарлық мәдениет ғайыптан пайда болған нәрсе
емес, өздерін пролетарлық мәдениеттің маманымыз дейтін
адамдардың ойлап шығарған нәрсесі емес.
Оның бәрі
өңкей бос сөз. Пролетарлық мәдениет адам баласының
капиталистік
қоғамның,
помещиктік
қоғамның,
чиновниктік қоғамның езгісінде жүріп жасап шығарған
білім қорларының заңды дамуы болып табылуға тиіс»
13
.
Пролетарлық мәдениетті жасау үшін В.И.Лениннің
үйретуінше, бір жағынан, ертедегі мәдени мұраны сын
көзімен қайта қарастырып пайдалану керек; екіншіден,
социалистік
жаңа
мәдениеттің
туып,
өркендеуіне
қамқорлық жасау керек. Бұл
ретте ол ертедегі мәдени
мұраның бәрі халық тілегіне қабыса бермейтіндігін
айтады. Өткен заманның мәдениетінде бір-біріне қарама-
қарсы екі мәдениет болғанын атап көрсетеді. Оның бірі
халық тілегінен туған болса, екіншісі, халық мүддесіне
қарсы, үстем таптың санасын білдіретіндігін,
бұларды
таптық тұрғыдан, әлеуметтік-саяси тұрғыдан қарастыра
отырып, оның ішінен тек халықтық мәдени мұраны таңдап
ала білу қажеттігін ескертеді
14
.
Мұнымен бірге В.И.Ленин социалистік мәдениетті
өркендету ісінде халық творчествосының алатын орны зор
12
В.И.Ленин. Шығармалар, 27-том, 199-бет.
13
В.И.Ленин. Шығармалар, 31-том, 288-бет.
14
В.И.Ленин. Шығармалар, 20-том, 8-бет.
екендігін атап өтеді.
Халық творчествосына, оны
жасаушыларға ерекше назар аударады, оларға қамқорлық
жасап басшылық ету қажеттігін айтады.
Халықтың творчествосын, соның ішінде, ауыз
әдебиетін, жетік білген В.И.Ленин, оны өте жоғары
бағалап, зор мән береді. Халықтың ауыз әдебиетінде
тарихи, әлеуметтік-таптық
маңызы бар мәселелер
суреттелген, одан қанаушыларға қарсы халықтың
жүргізген күресі, халықтың арман-мүддесі қандай
екендігін білуге болады деп қарайды. Бұл ретте Вл. Бонч-
Бруевич жоғарыда аталған еңбегінде халықтың ауыз
әдебиетін Лениннің жетік білетіндігін, оны сүйсініп
оқитындығын айта келіп, былай дейді: «Әңгімеміз халық
эпосы туралы болды да, мен оған (Ленинге) өзімнің
кітапханамда батырлар жыры, халықтың өлеңдері мен
ертегілерінен құралған жақсы жинақтар барлығын айттым.
Ленин «сол жинақтармен танысып шығуға болар ма екен»
деп сұрады. Мен оның бұл өтінішін зор қуанышпен
орындадым. Сол күннің кешінде-ақ Лениннің жаңағы
жинақтарды зейін қоя оқуға кіріскендігін көрдім. Оларды
оқып шыққаннан кейін В.И.Ленин: «Мына жинақтарды көз
жүгірте қарап шықтым.
Тек осылардың бәрін талдап,
зерттеп, саяси-әлеуметтік тұрғыдан қорытып шықса
қандай жақсы болар еді. Бұларға сүйене отырып халықтың
арман-мүддесі, тілегі, психологиясы жайында тамаша
зерттеулер жазуға болар еді».
В.И.Ленин халық творчествосына айрықша көңіл
бөліп, оны зерттеу ісіне айрықша қамқорлық жасап
отырды. Халық творчествосының ең асылдарын сын
көзімен қайта қарастыра отырып пайдалану жолдарын
көрсетіп берді.
Достарыңызбен бөлісу: