69
ТАҚЫРЫБЫ: Орман-
тоғайды қорғайық
Мектеп/ МҰ
Педагогтің аты-жөні:
Сынып/ топ
Қатысушылардың саны
Болмағандар
ҰОҚ оқытылу
мақсаты
0.1.2.2 Қазақстанның қорықтарын атау
Болжамды
нəтиже
Барлық балалар:
орман-тоғайларды қорғау керектігін түсінеді;
ормандағыөсімдікке қажетті жағдайларды атап бере алады;
ұйымдастырылған қызметін зерттеу тақырыбын анықтай алады;
Көпшілік балалар:
ормандағы қауіпсіздік шараларын біледі
ормандағы тіршілік үшін өсімдіктерге мен жануарларға
не қажет екенін анықтай алады;
табиғатқа пайдалы іс-əрекеттерді атауды
Кейбір балалар:
табиғатты қорғау, орман-тоғайды қорғау не үшін керек екенін айтып бере алады;
орман-тоғайлардың адамдарға берер пайдасын айтып береді.
Орман мен тоғайдың айырмашылығын айтып бере алады
Тілдік мақсат
Дағдыларды дамыту.
Өзінің жинақтаған білімінің нəтижесінде балалар осы ұйымдастырылған
оқу қызметінің тақырыбын,
танымдық іс-əрекетінің мақсатын анықтай білуін дамыту. Талқылау кезінде «Неге?», «Бұл немен
байланысты?», «Егер..., не болады?»» деген сұрақтарды пайдалану.
Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту.