5
«қажетті білімді тек кітаптан ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортадағы заттардан, өмірлік
жағдаяттардан алу» тəсілін пайдаланады. ҰОҚ-ны құру барысында оқу материалдарын
дұрыс бөлу осы пəн бойынша пəндік мазмұнын жетік меңгеріп, тəжірибелік дағдыларды
игеруге,
сабақтастық, пəнаралық байланыстардың дамуына, оқу-тəрбие үдерісінде
жетістіктерге жетуге көмектеседі.
Қазіргі кезеңде ғылыми білімді қажет ететін жағдаяттар өте көп, сондықтан балаларға
балабақшадан бастап ғылымды таныту аса қажет. Түрлі тəжірибелік жəне зерттеу іс-
əрекеттері балалардың қарапайым бақылаушылық дағдылары мен іскерліктерін дамытады.
Мысалы: əліппе-дəптердегі бақылау, сұрақтар құрастыру, тəжірибелік жұмыстар жүргізу,
өзінің пікірін ортаға салу, өз ойын дəлелдей білу жəне т.б. Бұл дағдылары мен іскерліктерін
күнделікті өмірде қолдана алады. Балалар болашақта ғылыми білімді адамзаттың тұрмысы
мен тіршілігі үшін пайдаланудың маңызды екенін түсінеді.
Балалар ҰОҚ барысында, бақылау кезінде өсімдіктерді күтуге
қажетті құралдармен
жұмыс істей білу дағдыларды, ғылыми білімді ерекше əдіс-тəсілдермен игереді де, құрбы-
құрдастарымен ұжымдық қарым-қатынасқа түсуді үйренеді. Оқу материалдарын бекіту
шығармашылық, тəжірибелік тапсырмаларды орындау арқылы жүзеге асырылады. Мысалы:
тапсырмаларды
орындайды, сурет салады, тəжірибе жасайды өтілген тақырып бойынша
алған əсерлерін бір-бірімен бөліседі.
Əдістемелік нұсқауда пəндік нəтижелерді пайдалану барысында мектепалды даярлық
сынып (тобы) балалары:
бақылау мен бақылаушының рөлін білуі: қоршаған ортаның нысандарын,
құбылыстары мен үдерістерінің қажеттілігін түсіндіре алуы;
«бақылау» деген ұғымды түсініп, қоршаған ортадағы
құбылыстарға бақылау
жүргізе білуі;
қарапайым тəжірибелік жұмыстарды жүргізе білуі;
өлі жəне тірі табиғат туралы түсінігі;
жер, су, ауаның тазалығы жөніндегі түсінігінің болуы;
бөлме жəне басқа мəдени өсімдіктерді күте алуы; жабайы жануарлар жəне үй
жануарларының айырмашылықтарын білуі;
оларға қамқорлық көрсету дағдыларын меңгеруі; орманшының, қорықшының
қызметін білуі; орманды, тоғайды өрттен қорғаудың қажет екендігін;
табиғатта адамгершілік мінез-құлық нормаларын сақтай білуі;
табиғатты қорғауға байланысты айтылатын тыйым сөздердің мағынасын білуі;
табиғаттағы пайдалы іс-əрекет түрлерін орындай білуі;
адамның денсаулығының жақсы болуы қоршаған ортаның тазалығына
байланысты екендігін
білуі тиіс.
Білімге деген сұраныс жағдаяттарын құру (оқытуға, зерттеуге дəлел): таңғалу,
қызығушылық, өзекті мəселе. Өзекті жағдаяттарды қолданудағы басты мақсат – балалар мен
тəрбиешілер мəселені
бірлесіп шешу, жағдаяттарды шешуде балалардың үйлесімді іс-
əрекеттері мен педагогтің жалпы басшылығымен бағыттап, сондай-ақ осындай іс-əрекет
үдерістерінде біліммен қаруландыру жəне жалпы қағидалармен өзекті міндеттерді шешу.
Бала оқу жылының басында түрлі деңгейдегі жағдаяттарды:
6
1. Педагогтің көмегімен мəселені (міндетті) тұжырымдайды.
2. Ересектердің көмегімен мəселенің шешімін табады.
3. Тəрбиешінің көмегімен шешеді.
4. Тəрбиешінің көмегімен осы шешімнің дұрыстығын бағалайды.
ҰОҚ-да оқытудың коммуникативтік, жүйелі əрекеттерімен байланысты сын
тұрғысынан ойлау технологиялары қолданылады. ҰОҚ барысында танымдық-ізденістік
əрекеттер арқылы білімнің жаңа формасын меңгерген
жағдайда ғана балалар алған
білімдеріне, сыни тұрғыдан қарап, шығармашылықпен ойлап, дербес шешімдер шығара
алады.
Əдістемелік нұсқауда кездесетін шартты белгілер төмендегідей оқылады:
Достарыңызбен бөлісу: