(Ұ)Сергіту сəті.
Жылы-жылы далада
Ойнаған жақсы, балалар.
Балалар-ау, балалар,
Күн жылыда ойнаңдар.
(Ұ) Жыл мезгілдеріндегі күннің жылуын бейнетаспадан көрсету:
Көктем:
Күн сəулесі жер бетін жылытады. Қар еріп, сай-саладан су ағады. Бұл
мезгілде өсімдік бүршік атып, жапырақ жарады. Гүлдер шығады.
Жаз: Күн сəулесі жерді қатты қыздырады. Жемістер пісіп-жетіледі. Адамдар күнге
қыздырынып, суға түседі.
Күз: Күн сəулесінің жылуы азаяды. Өсімдіктердің қоректенуі
баяулап, жапырақтары сарғаяды, жерге
түседі.
Қыс: Күн суытады. Қар жауады. Өзен-көлдерде мұз қатады. Боран соғады.
Өсімдіктердің өсу мерзімі тоқтайды. Мұның бəрі күннің жылуының аздығынан.
Жыл мезгілдері
бейнеленген бейнетаспа.
89
(ОТ,Ө) Тəжірибе жұмысы:
Тəжірибе
-Лупа (үлкейткіш əйнек) арқылы күннің жылуын біраз уақыт қағазға түсіріп не
болғанын бақылау.
(Ө) Əліппе-дəптермен жұмыс.
1. Сурет бойынша жұмыс. Жылуды тағы қайдан алуға болады? Бос торкөзге сурет
салу.
2. «Егер Күн «өшіп» қалса, не болады?» сұрағына жауап алу.
3. Жасанды жəне табиғи жылу көздеріне мысал келтірту.
4.Суреттердің ішінен жылуды өлшейтін құралды тапқызу.
Лупа (үлкейткіш
əйнек.
Əліппе-дəптер, түрлі түсті
қарындаштар.
IV. ҰОҚ
қорытындысы.
Рефлексия.
28-30 мин.
(Ұ)Педагог қорытынды жасайды, сұрақтарға жауап беруді ұсынады.
Балалар балықтың тіршілігі үшін жылу қажет пе?
Қыс түсісімен көп жануарлар өздерінің ініне тығылады. Аюдың апаны, борсық,
тышқан, суырдың індері болады.Ауа райы салқын кезде олар соған кіріп жылынып
ұйықтайды.
Балаларға ҰОҚ-да өз жұмыстарын өздері бағалауды ұсыну: жылыту құралын
əртүрлі түспен бояйды.
1-деңгей – ештеңе түсінбедім – қоңыр.
2-деңгей – түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары.
3- деңгей – бəрін түсіндім, басқаларға да түсіндіріп бере аламын – көгілдір.
Əліппе-дəптер, түрлі түсті
қарындаштар.
|