С. В. Киселев и. Л. Киселев желілік технологиялардың негіздері



Pdf көрінісі
бет24/47
Дата15.11.2022
өлшемі3.07 Mb.
#464877
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   47
С. В. Киселев и. Л. Киселев желілік технологияларды негіздері

Іздестіру машиналары. Іздестіру сайтының екінші түрі 
– 
іздестіру 
машиналары. Осы сынып сайттарында пайдаланушы алдымен іздеу үшін түйінді 
сөзді немесе түйінді сөздердің тізімін жазуы тиіс, содан кейін осы сөздер бойынша 
автоматты түрде іздеу жүзеге асырылады және пайдаланушының іздеу шарттарын 
қанағаттандыратын беттердің тізімі шығарылады. 
www.yandex.ruсайтына кіреміз және түйінді сөз ретінде «алғашқы кәсіптік 
білім беру» деп теріп іздестіреміз. Содан кейін экранға осы түйінді сөздері бар 
парақтардың тізімі шығарылады (2.3-сурет). 
33
Желілерді логикалық ұйымдастыру
2.3


2.2.-сурет. mail.ru серверіндегі каталогтың Автобөлшектер бөлімшесі 
2.3 -сурет. Яндекс сайтындағы іздестіру қортындысы 
34
тарау 
2 
Ғаламдық компьютерлік желілер


Каталогқа қарағанда іздестіру машинасында сақталатын мәліметтер көлемі 
айтарлықтай көп. Біріншіден, каталогқа мәліметтер қолмен енгізіледі, ал іздестіру 
машинасындағы мәліметтер сайттар мазмұнын автоматты түрде өңдеу 
жолдарымен пайда болады деп негізделген; екіншіден, каталогта сайттардың тек 
қысқаша сипаттамасы, ал іздестіру машинасында – пайдаланушымен жазылған 
түйінді сөздер бойынша жылдам іздеуді жүзеге асыру мүмкін болу үшін 
сайттардың мазмұны туралы арнайы үлгіде өңделген ақпарат сақталады.Іздестіру 
машинасында мәліметтер көлемі айтарлықтай көп болуы оның артықшылығы ғана 
емес, сонымен қатар кемшілігі болып табылады. Іздестіру машинасында 
сақталатын ақпараттар туралы беттер бөлімшелер бойынша бөлінбеген. Кейбір 
жағдайда бұл іздестіруге анағұрлым қиындықтар туғызады. Сонымен қатар, 
қажетті ақпаратты айтарлықтай көлем ішінен табуға кейде қиындық туғызады. 
Пайдаланушының жауабына мыңдаған немесе ондаған мың беттері бар тізім 
шығарылады, олардың арасынан қажетті мәліметтерді табу өте қиын. 
Қазіргі заманғы көптеген іздестіру машиналарында іздеу міндеттерін 
жеңілдету үшін сұраныстарды құрастырудың қуатты жүйесі бар. Осындай жүйені 
жиі сұраныстар тілі деп атайды. 
Ең қарапайым сұраныс бір сөзден тұрады. Күрделірек нұсқасы — бірнеше 
түйінді сөзден әрі құжаттарды іздеу үшін барлық сөздер немесе оның ішіндегі тек 
біреуі міндетті түрде болуы тиіс. Ең күрделі жағдай — кейбір сөздердің тізімін 
қамтитын, бірақ басқа берілген сөздердің тізімін және т. б. қамтымайтын беттерді 
табу керек. Күрделірек нұсқасы берілген беттерді Яндекс сайтында іздестіру 2.4- 
суретте келтірілген. 
Көптеген іздестіру машиналары «табылғаннан іздеу» деген мүмкіндіктерді 
ұсынады. Келесі іздестіру оның алдыңғы іздеу нәтижесінде алынған беттер 
арасында жүзеге асырылады. 
Каталогтарды жақсы деп айтсақ болады, өйткені онда сайттар бөлімдер 
бойынша, ал іздестіру машиналары — іздестірудің қуатты жүйелерімен және 
сақталған ақпараттардың үлкен көлемімен бөлінген. Бүгінгі күні көптеген іздестіру 
машиналарының өз каталогтары бар, ал каталогтар іздестіру мүмкіндіктерін 
ұсынады. Мысалы, Яндекс сайты алғашында тек іздестіру машинасы ретінде пайда 
болды, ал енді онда каталогтар бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет