Браузер — веб-серверден жүктеп алынған веб-парақтарын қарап шығуға арналған
бағдарлама.
Веб-сайт (ағыл.website, web— тор, site — орын) — HTTP/HTTPS хаттамалары
арқылы интернетте қол жеткізуге болатын бір немесе көптеген веб-парақтар. Сайт
парақтары ортақ тамырлы мекенжаймен, сондай-ақ тақырыппен, логикалық
құрылыммен, әзірлеумен және (немесе) авторлықпен біріктірілген. Бүкіләлемдік тор –
барлық жалпы қол жетімділік сайттар жиынтығы.
Веб-парақ — веб-сайттың құрамдас бөлігі. Онда басқа парақтарға немесе басқа
серверлерге мәтіндер, кескіндер, гипермәтіндік сілтемелер болуы мүмкін.
Бейне конференциялық байланыс (Videoconferencing) — нақтылы уақыт
режимінде аумақтық бөлінген топ қатысушылары арасындағы аудио және бейне
ақпараттарды алмастыруды қамтамасыз ететін, компьютерлік желі мен электрбайланыс
операторлары ұсынатын қызмет.
Бүкіләлемдік тор (World Wide Web — WWW) — Гиперортаны пайдалана
отырып, бүкіл әлем бойынша орналасқан сервердегі ақпараттарға рұқсатты оңай алуға
ықпал ететін интернеттегі қызмет. Әрбір құжатта әуен немесе басқа құжаттарға,
үлгілерге сілтемелер болады.
Гиперсілтеме — Интернетте орналасқан және осы файлдың (URL) толық жолын
қамтитын кез келген басқа файлға көрсететін HTML-құжатындағы жол. Гиперсілтемелер
— сайттағы мәтін немесе графикалық кескін немесе электрондық пошта хатындағы
(басқа) веб-парақтарды тінтуір пернесін басу арқылы жүктеп алуға болады
Гипермәтін (Hypertext) — кез келген жерде орналасатын құжаттар арасындағы
байланыс. Белгіленген сөз немесе фразаны тінтуір пернесімен басып, пайдаланушы осы
тақырып айтылған бөлімдерге түседі.
Қашықтықтан оқыту (ҚО) (Distant learning, E-learning) — оқытушы мен
студенттің аумақтық бытыраңқылық кезінде заманауи ақпараттық және
телекоммуникациялық технологияларды пайдаланумен оқыту рәсімдерінің барлық
немесе көптеген бөлігі жүзеге асырылатын оқыту.
Достарыңызбен бөлісу: |