С. В. Киселев и. Л. Киселев желілік технологиялардың негіздері


Браузер — веб-серверден жүктеп алынған веб-парақтарын қарап шығуға арналған  бағдарлама.  Веб-сайт



Pdf көрінісі
бет43/47
Дата15.11.2022
өлшемі3.07 Mb.
#464877
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
С. В. Киселев и. Л. Киселев желілік технологияларды негіздері

Браузер — веб-серверден жүктеп алынған веб-парақтарын қарап шығуға арналған 
бағдарлама. 
Веб-сайт (ағыл.website, web— тор, site — орын) — HTTP/HTTPS хаттамалары 
арқылы интернетте қол жеткізуге болатын бір немесе көптеген веб-парақтар. Сайт 
парақтары ортақ тамырлы мекенжаймен, сондай-ақ тақырыппен, логикалық 
құрылыммен, әзірлеумен және (немесе) авторлықпен біріктірілген. Бүкіләлемдік тор – 
барлық жалпы қол жетімділік сайттар жиынтығы. 
Веб-парақ — веб-сайттың құрамдас бөлігі. Онда басқа парақтарға немесе басқа 
серверлерге мәтіндер, кескіндер, гипермәтіндік сілтемелер болуы мүмкін. 
Бейне конференциялық байланыс (Videoconferencing) — нақтылы уақыт 
режимінде аумақтық бөлінген топ қатысушылары арасындағы аудио және бейне 
ақпараттарды алмастыруды қамтамасыз ететін, компьютерлік желі мен электрбайланыс 
операторлары ұсынатын қызмет. 
Бүкіләлемдік тор (World Wide Web — WWW) — Гиперортаны пайдалана 
отырып, бүкіл әлем бойынша орналасқан сервердегі ақпараттарға рұқсатты оңай алуға 
ықпал ететін интернеттегі қызмет. Әрбір құжатта әуен немесе басқа құжаттарға, 
үлгілерге сілтемелер болады. 
Гиперсілтеме — Интернетте орналасқан және осы файлдың (URL) толық жолын 
қамтитын кез келген басқа файлға көрсететін HTML-құжатындағы жол. Гиперсілтемелер 
— сайттағы мәтін немесе графикалық кескін немесе электрондық пошта хатындағы 
(басқа) веб-парақтарды тінтуір пернесін басу арқылы жүктеп алуға болады 
Гипермәтін (Hypertext) — кез келген жерде орналасатын құжаттар арасындағы 
байланыс. Белгіленген сөз немесе фразаны тінтуір пернесімен басып, пайдаланушы осы 
тақырып айтылған бөлімдерге түседі. 
Қашықтықтан оқыту (ҚО) (Distant learning, E-learning) — оқытушы мен 
студенттің аумақтық бытыраңқылық кезінде заманауи ақпараттық және 
телекоммуникациялық технологияларды пайдаланумен оқыту рәсімдерінің барлық 
немесе көптеген бөлігі жүзеге асырылатын оқыту. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет