Қағидалар) 37-39-т. жазылған және жаңадан қабылданған барлық қызметкерлер
үшін жүргізіледі. Осы кіріспе нұсқамалық ұйымдағы
тиісті қызметтің немесе
тұлғаның – бас жетекшісімен келісілген алгоритм бойынша жүзеге асырылады.
Соңында Кіріспе нұсқамалықты тіркеу журналына (үлгісі 4-Қосымшада) екі
жақтың қолдары міндетті түрде қойыла отырып, жазылады.
Мақсатты нұсқамалық (Қағидалардың 53-т.)
мамандық бойынша
міндеттермен тікелей байланысты емес біржолғы жұмыстарды немесе бір реттік
жұмыстарды
орындаған
кезде,
сондай-ақ
апаттар
мен басқа
да
оқиғалардың салдарын жою кезінде жүргізілуі тиіс.
Қызметкерді жоғарыда берілген нұсқамалықтармен таныстырғаннан кейін
олардың жүргізілуіне жауапты тұлға 5-қосымшаға сәйкес
Тіркеу журналына
барлық тиісті тараптардың қолдарын міндетті түрде қойғыза отырып, жазады.
Мақсатты нұсқамалық жоспарланған жұмыстарды жүзеге асыруға мүмкіндік
беретін құжаттарға енгізіледі.
Кіріспе
нұсқамалықты қоспағанда, жұмыс орнындағы нұсқамалықтар
ауызша сұрау немесе оқытудың техникалық құралдарының
көмегімен білімін
тексерумен, сондай-ақ жұмыстың қауіпсіз тәсілдері бойынша меңгерген
дағдыларын тексерумен аяқталады.
Достарыңызбен бөлісу: