жақсарту мақсатымен жаңа техника мен технологияларды пайдалануды көздеуі
тиіс.
Еңбекті қорғау бойынша ұйымдастыру іс-шаралары Ұйымдастырушылық іс-
шаралар:
● лауазымдық нұсқаулықтарда барлық қызметкерлердің
еңбекті қорғау
саласындағы
құқықтары
мен
міндеттерін
белгілеуді;
●еңбекті
қорғауды
басқару
жүйесін
құруды;
●еңбекті
қорғау
қызметі туралы
ережені
бекітуді;
●оқыту
мен
нұсқамаларды
ұйымдастыруды;
●еңбекті қорғау жөніндегі кабинет пен бұрыштарды ұйымдастыруды;
●қызметкерлерді
жеке
қорғану
құралдарымен
және
дәрі-
дәрмектік қобдишалармен
қамтамасыз
етуді;
●зиянды және қауіпті факторларды ұйымдастыруды және т. б. көздейді.
Еңбекті қорғау іс-шараларына қойылатын талаптар Жоспарлау бағдарламалары
мынадай шараларды: - ұйымдастырушылық (еңбекті қорғау жөніндегі
жұмыстарды ұйымдастыру мен үйлестіру бойынша); - техникалық (еңбек
қауіпсіздігін техникалық қамтамасыз ету бойынша);
- тиісті санитарлық-
тұрмыстық жағдайларды қамтамасыз ету және емдік-профилактикалық
жұмысты; - әлеуметтік-экономикалық (тегін тамақтандыруды ұйымдастыру,
жара-қатсыз және қауіпсіздік техникасын бұзбастан жұмыс істеуге
ынталандыру); - еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ғылыми-зерттеу
жұмыстарының
жүргізілуіне
байланысты
шараларды
қамтуы
тиіс.
Еңбекті қорғау іс-шараларын іске асыру нәтижелері
Еңбек қауіпсіздігі және
еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларды іске асырудың мүмкін нәтижелері: -
еңбек жағдайлары жақсартылатын тұлғалар саны анықталды; - авариялар мен
жазатайым оқиғалар санының қысқаруы; - емдік-профилактикалық шаралардың
сауықтыру әсері; - жазатайым оқиғалар мен ауруға шалдығушылықтан болатын
экономикалық залалды болғызбаудың шамасы.
Жоспарланған шараларды
ендірудің барысы туралы барлық ақпарат оның орындалуына ұдайы бақылауды
жүзеге асыратын жауапты тұлғаға келіп түсуі тиіс. Жоспарлаудың мақсаты
өндірістік жарақаттануды қысқарту, кәсіптік ауруға шалдығушылықты
төмендету, қызметкерлерге еңбектің салауатты
және қауіпсіз жағдайларын
жасау, еңбектің зиянды және қауіпті жағдайларында жұмыс істейтіндердің
санын барынша азайту және т. б. болып табылады. Жоспарланған шаралар нақты
және көлемдерімен және қаржыландыру көздерімен байланысты болуы тиіс.
Жаңадан туындаған міндеттерді шешу, мысалы, мемлекеттік бақылау органы
инспекторының ұйғарымын орындау, аварияларды
немесе жазатайым
оқиғаларды тергеп-тексерудің нәтижелері бойынша әзірленген шараларды іске
асыру үшін қаржыландырудың қажетті мөлшерін бөлумен шұғыл жоспарлау
жүзеге асырылуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: