Б. Мемлекеттік кентехника қадағалауы (Госгортехнадзор) өндірісте
жұмыстарды қауіпсіз жүргізу және кен қадағалау жөніндегі мемлекеттік
комитеті. Бұл орган Министрлер кабинетінің құрамына кіреді. Ол мынандай
қадағалауды жүргізеді: кентехникалық қадағалау, газ жөнінде қадағалау,
қазандық бақылау қадағалауы.
Кентехникалық қадағалаудың объектілері: тау-кен, химия, металлургия тағы
басқа өнеркәсіп өндірістері.
Газ жөнінде қадағалаудың объектілері: газдарды
және мұнай заттарын
шығару, өңдеу және пайдаланумен байланысты өндірістері.
Қазан бақылау қадағалауының объектілері: қысыммен жұмыс істейтін және
жүк көтергіш қондырғыларды пайдаланумен байланысты өндірістер.
В. Мемлекеттік энергетика қадағалауы (Госэнергонадзор). Бұл қадағалау
органы энергетика және отын ресурсы министрлігіне кіреді. Ол электр
қондырғыларын жасау және электр мен жылу
қондырғыларын пайдалану
барысында қауіпсіздік техника ережелерін сақтауды қадағалайды.
Г. Мемлекеттік санитария қадағалауы (Госсаннадзор). Бұл қадағалау органы
денсаулық сақтау министрлігіне кіреді. Санитариялық қадағалау органы
өндірісте еңбек жағдайларын жақсарту және
айналадағы табиғи ортаны
ластанудан сақтау шараларын жүргізуді қадағалайды.
Д. Мемлекеттік өрт қадағалауды (Госпожнадзор). Бұл орган Ішкі істер
министрлігіне кіреді. Өрт қадағалау органы кәсіпорындар мен мекемелерде өрт
шығуына жол бермеу және өрт сөндіргіш құралдарын күй-жағдайын байқап
отырады.
Е. Мемлекеттік автоинспекция (МАИ). Бұл орган Ішкі істер министрлігінің
құрамына кіреді. Ол жылжымалы автокөлік составтардың техникалық күйін,
олардың қауіпсіз пайдалану жағдайларын және жолда жүру ережелерін бұзбауды
қадағалайды.
Ж. Бас прокурор және прокуратураның жергілікті органдары еңбек қорғау
заңдарын өндірісте бұлжытпай орындауға жалпы қадағалау жүргізіп отырады
Достарыңызбен бөлісу: