12
1.2
сур. Құрылыс материалдарының бүлінетін
сынақтарының
принципиалды сызбалары:
а, б, в — қысу, созу мен бүгілуде беріктік шегін анықтау
Материал беріктігі жүктеме салуда құрылым, өлшем,
бағытқа
тәуелді. Тас материалдары қысуда жақсы және созу мен бүгілуде
айтарлықтай нашар (5-50 есе) жұмыс істейді. Басқа материалдар
(металл, сүрек, көптеген пластмассалар) қысуда да, созу мен бүгілуде де
жақсы жұмыс істейді.
Құрылыс материалдарының беріктігі әдетте марка немесе класспен
сипатталады, олардың мәні стандарттық өлшемдер үлгілерін
сынауда
алынатын беріктік шегінің шамасына сәйкес келеді. Мысалы, тас
материалдары үшін келесі маркалар бекітілген: 4, 7, 10, 15, 25, 35, 50,
75, 100, 125, 150, 200, 300, 400, 500, 600, 800, 1 000. Марка әрдайым
шынайы алынған мәнге тең немесе аз,
сондықтан қысуда беріктік
шегімен материалдар, мысалы, 40-тан 49,9 МПа-ға дейін 400 маркасына
жатқызылады.
Иілгіштік - материалдың жүктеме әсерінен формасы мен өлшемін
өзгерту мен оларды жүктеме әсері аяқталғаннан кейін қалпына келтіру
қабілеті. Иілгіштік иілгіштік шегімен бағаланады. Иілгіш материалдарға
кейбір болат, сүрек, линолеум жатқызылады.
Созымдылық – материалдың жүктеме әсерінен формасы мен
өлшемін өзгерту мен оларды жүктеме әсері
аяқталғаннан кейін сақтау
қабілеті (қызған битум,саз қамыры).