67
аманатын
тапсырып, конвертті, өлең жазылған папканы беріп жатқанымда
депутат, қазақтың Қуаныш Сұлтановы: «Гүлтас, өлеңіңді оқып бер!» деді.
Қуанып қалдым. Өлеңімді оқыдым, Шерхан ағаға ұнады. Шерағаң: «Қарғам
мұнда кел, маңдайыңнан сүйейін» деді. Мен столды айналып бара жатқанда,
Тараздық журналист бауырымыз мені қаламай: «Ой, енді» деп кейіс білдірді.
Үлкен бастықтардың алдында өзіне бір ұпай жасағысы келді. Мен ағаға
тапсырып, аға маңдайымнан, жары бетімнен сүйіп разы болды. Мен жаңағы
жақтырмаған азаматқа: «Мәке, мен «ой, енді» деген
сөзді еститін қазақтың
қызы емеспін, бірақ сіздің өреңізге не амал?» дедім де шығып кеттім. Әке,
мен сонда еркек болмағаныма өкіндім. Еркек болсам, тұмсығын қанатар едім.
Жүрегім жыртылып Астанаға ұшып кеттім. Келген соң бір айдан соң
Батырбек датқаға арнаған іс-шараға бардым. Бәрі жақсы болды. Астанаға
келген соң Алматыдағы керемет сыйлап жүретін бір жерлес ағайым: «Гүлтас,
сендер неге бізді шақырмадыңдар? Сен неге айтпадың?» «Аға, мен де қонақ
болып бардым ғой, олардың кімдерді шақырғанын мен қайдан білемін? Олар
менімен ақылдасқан жоқ қой» деп жатырмын. «Гүлтас, өткенде Шерағаның
тойында тізімде сен жоқ болатынсың,
сені айтып, кіргізген менмін» деді.
Менің қолымнан телефон түсе берді, көзімнен тоқтамай жас ақты.
Әке, орта мектептік білімің жоқ, сен де ондай сөзді айтпас едің.
Шерағаның тойында да қаптаған ер адамдар болды. Еркектердің көптігі
сондай құдды соғыста, әскерде жүргендей. Әйелдер өте аз.
Алматыдан екі
әйел адам, оның бірі – Еңбек Ері Аягүл Төреқызы, тағы бір журналист апай,
Астанадан депутат әйел адам және мен. «Біз кереметпіз, әйелдерді, аналарды,
қыздарды сыйлаған халықпыз» деп мақтанғанда алдымызға жан салмаймыз.
Сыйлағаны осы ма?
Әке, сен тірі болсаң, бұл әңгімені бұдан да қаттырақ айтар едім. Оған
күмәнің жоқ шығар. Негізі азаматтарды тәрбиелеу керек. Бұрынырақта
«Түркістан» газетіне бір мақалам шыққан еді. Сонда азаматтарға
отбастарыңа ие болыңдар деп жазып едім.
Тәрбиелеу дегенде жастарды
айтып отырмын, үлкендер енді бойбермейді де, әрі, көңіліңе келмесін,
барлық ер адам өздерін әйелдерден ақылды санайды ғой. Көп жағдайда
керісінше болатынымен істері жоқ. Десек те, «айтарым бар» деп радио да
теледидар да айтып қоймайды ғой. Мен де «үмітсіз шайтан» деп, кезегі
келгенде жазып, сызып, айтып жүремін.
Достарыңызбен бөлісу: