Тұяқбай Төрегелді
саяси ғ. к., ҚР Парламенті Мәжілісі Аппараты
ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ЖАҺАНДЫҚ КОМПАРАТИВИСТИКА
In this article, Kazakh language of historical philosophical aspects was examined not only
among Turkic languages but also compared with world languages in global comparison. Therefore,
the research results will provide a new view about the etymology of the word ‘Kazakh».
1. Қазақ тіл білімі саласындағы, оның ішінде жалпы этимология бойынша ғылыми-зерт-
теу жұмыстарын жүргізудің әдіснамасын түбегейлі өзгерте отырып, ұлт санасында қазақ
тілінің философиясы деген жаңа ұғымды қалыптастыру қажет. Қазақ тіл білімі ғылымын
таза лингвистикалық тұрғыда ғана емес, салыстырмалы тарихи-философиялық аспектіде
де қарастыру арқылы түркі тілдерінің жаһандық компаративистикаға атсалысуын ғылыми
негіздеу – бүгінгі күннің басты талабы.
2. «Қазақ» деген сөздің этимологиясы туралы жаңа көзқарас: бұл этноним сақ тіліндегі
«ас» + «сақ» деген екі түбір сөзден құралған. Академик В. И. Абаев өзінің «Словарь скифских
слов» деген еңбегінде екі жүзден астам сақ тіліндегі түбір сөздерді атап көрсетеді. Солар-
дың ішінде екі этноним ғана: aryana (арийлер) және as (астар) деген халықтардың атауын
білдіреді. Ал, ас деген түбір сөз (тамақ деген мағынада емес) қазіргі қазақ тілінде де асқан
(асқан байлық), аса (аса байлық, аса сұлу) деген сын есім нұсқасында кездеседі. Сондай-ақ,
ас, аса деген сөздер қас (қас сұлу, қас шебер), қаса (қаса сұлу) түрінде де қолданыла береді.
Осы сөздердің қай-қайсысы да нағыз, тым, аса, қаса, зор деген мағыналарға ие.
М. Фасмер өз сөздігінде скиф және сақ деген сөздерді бір халықтың екі тілдегі атауы,
яғни түбірлес бір этноним ретінде қарайды. Сонымен, сақ тіліндегі «ас» + «сақ» деген екі
этнонимнің тарихи-лингвонимдік эволюциясы мынадай: ас + сақ // қас+сақ // қайсақ // қасақ
// қазақ. Бұдан шығатын қорытынды: «қазақ» деген сөз сақ тіліндегі «ас сақ» (нағыз сақ)
деген сөздерден туындаған.
3. Тарихта «Есік жазуы» деген атпен белгілі, Есік қорымынан табылған күміс ожауға
бітіктелген сақ тіліндегі жазулардың құпиясы ашыла бастағандай. Былтырғы жылы ғана
Мәулен Салыбековтың жазу мәтінін ашып оқыған нұсқасы біршама көкейге қонады. Күмәнді
тұстары да жоқ емес. Басы ашық бір нәрсе: осы жазулардағы кейбір таңбалардың ғана түркі
руна таңбаларымен (Орхон-Енисей, Талас ескерткіштері) ұқсас екендігі және жекелеген
таңбаларды арамей, набатей, нубидий, көне грек қаріптерімен салыстыруға келетіндігі. Бұл
жазулар аралас жазуға жатады.
4. Сақ тілі – нострат тіл. Оның таралу ауқымы түркі тілдері аймағынан да кең. Оны сақ
тіліндегі жазулар таңбаларының саналуандығы білдіреді. Түркі тілдері түгелдей дерлік сақ
тілінен тарайтындықтан, сақ әлемін зерттейтін ғылым саласы – сақологияның өз алдына отау
тіккені жөн. Түркологияның болашағы – сақологияда!
| 21
Достарыңызбен бөлісу: |