Қ а з а қ с т а н тәуелсіздігіне 25



Pdf көрінісі
бет13/113
Дата21.11.2022
өлшемі2.89 Mb.
#465332
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   113
Симпиозум материалдары, тіл туралы мақалалар.

Нұрлан Кенжеахмет
Бонн және Назарбаев Университетінің профессоры
КӨК ТҮРІКТЕРГЕ ДЕЙІНГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІ (Б.З. I–V ҒҒ.)
Before the language of the Runic Turkic inscriptions of the Kök Türk Empire we must rely on 
the Chinese sources for information on the Turks and their languag. The Chinese sources regularly 
refer to the Türks by the name Xiong-nu and for example the Zhou-shu offers a description of them 
and their language. There are also additional recently-found sources, such as the tombstone found 
in Shanxi province in 1999 which offers additional information on the Turkic peoples.
Жыл санауымыздың VI ғасырының орта шенінде Орталық Азияда Түрік империясы 
шаңырақ көтерген соң, Евразия даласында түбегейлі өзгеріс болғаны анық. VI–VIII ғғ. 
Қазақстанның халықтары мен тайпалары Еуразияның шектес және алыстағы этностарымен 
бірге Түрік империясының, Батыс Түрік имрериясының, Түргеш, Қарлық қағанаттарының 
құрамына кірді. Ғылымда Орхон Ескерткіштері деп аталатын жазба ескерткіштерде Түркі 
қағандары мен айғұчылары мемлекеттік саясат мүдделеріне байланысты, негізінен қол 
астына қараған халықтардың орналасуы мен әскери жорық маршруттары сипатындағы 
мағлұматтарды жазып қалдырды. Түркілердің әдеби жазба тілі осы ескерткіштерден бастау 
алады. Көк Түріктерден бұрынғы түркілердің тілі туралы жазба деректер жоқтың қасы. Ғұн 
тілі туралы ғылымда әлі талас –тартыс бар, ғұндар қай тілде сөйлескені басы ашылмаған 
мәселе. Деседе, Ежелгі Түркі тілі туралы аса құнды деректер қытай тарихи жазбаларынан 
кезігеді. VII ғасырда жазылған қытай монағы Сюаньцзанның өмір-баянында Қытайлар 
«Сюнну» (ғұндар) этнонимін түркілердің баламасы ретінде қолданды. Ал I–V ғғ. Қытай та-
рихи деректерінде ғұнша сөздердің көбін дыбысталуы немесе мағынасы бойынша қытайшаға 
баспа- бас аударды. Мысалы, «Чжоу Шу» кітабының Цзиху баянында мынадай мәлімет бар: 
«Цзихулар Булоцзи деп те аталады. Олар ғұндардың өзге бір тармағынан…олар Лишиның 
1
батысынан Аньдинның 
2
шығысына дейінгі 700–800 лиге созылған шаршы тау арасына жа-
мырай қоныстанған, ру-тайпалары өсіп-өніп көбейген. Олар отырықшы тұрмыс кешеді, егін 
егуді біледі…қытайлармен аралас отырады, елағалары хат таниды. Бірақ тілдері и-дилерге 
3
ұқсайды, тілдесу үшін аудармашы қажет».
1
Қазіргі Шэньси провинциясындағы Лиши.
2
Қазіргі Ганьсу провинциясындағы Цзинчуань.
3
«И-ди», қытайлар төңірегіндегі этностарды жалпылай осылай атаған.


18 |
1-СЕКЦИЯ: ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІНІҢ ТАРИХЫ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ
Тарихтың әр кезеңінде өзінің төрт төңірегіндегі елдер мен ұлыстар туралы мәліметтерді 
қалт жібермей хатқа түсіріп отырған көне қытай жазбаларында ғұндардың тілі және сөздері 
туралы деректер кезігеді. Ғұндардың тілі, ғұрып әдеттері туралы маңызды деректер «Юаньхэ 
цзюньсянь тучжи» («Юаньхэ жылнамасындағы аймақ-аудандардың карталық баяны») және 
«Тайпин хуаньюй цзи» кітабының Яньчжоу аймағының Линьчжэн ауданы тарауында да кезігеді.
1999 жылы шілде айында Қытайдың Шаньси өлкесінің орталығы Тайюань қаласының 
іргесінен табылған Юйхун эпитафиясы (құлпытас жазуы) Юйхунның тегі Батыс өңірдегі 
түркі тілдес халықтармен байланысты екндігін бір қырынан ашып берді.
Осы тұстағы қытай деректерінде шығыс, батыс, оңтүстік, солтүстік жағында қоныстанған 
халықтар жөнінде, қалалар мен елді-мекендер және олардың тұрған орындары жөнінде 
көбіне-көп көңіл бөлінді. Алайда көк түріктерден бұрынғы түркі тілдері жөнінде қазіргі 
зерттеушілерге түсініксіз болған жәйт бар, I–V ғғ. көне түркі тілдерінің сырын ашатын кілт 
көне қытай жазбаларында жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет