Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



Pdf көрінісі
бет138/195
Дата22.11.2022
өлшемі4.05 Mb.
#465412
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   195
kazakhstanII.KAZ

 III 
Бөлім: Экономикалық секторлар қызметіндегі экологиялық пайымдардың есебі жəне тұрақты дамуды 
көтермелеу 
құрылыс əлі басталған жоқ. Электр энергиясына тарифтерді көтеру жəне іске асырылатын 
сертификаттар схемасын енгізу ЖЭС пайдалылығына септігін тигізеді. 
Күн энергиясы 
Құрлықтық климатқа қарай, Қазақстанда едəуір шамадағы күн радиакциясы байқалады. Бір 
жылдағы күн сағаттарының саны шамамен 2200-3000 сағатты құрайды, бұл күн энергиясын 
өндіруге іс жүзінде мүмкіндік береді. Күн радиациясының көлемі жылына 1300-1800 кВт.ч/м
2
құрайды.
Үкімет негізгі электр беру желісіне қосылмаған немесе тоқтаусыз қосылуға жалғанбаған 
ауылдарда электрмен жабдықтаудың дербес фотоэлектр жүйелерін орнатуға бағытталған 
бағдарламаларды дамытуға жəне оларға қолдау көрсетуге ниет білдірп отыр. 
Ыстық суды күн коллекторларының (гелиосуқыздырғыштар) көмегімен алу күн энергиясын 
пайдаланудың екінші бағытына жатады. Жергілікті мамандардың бағалары бойынша, ыстық 
сумен жабдықтау қажеттіліктеріне су ысыту үшін күн энергиясын пайдалану арқылы 13 млн. 
Гкал-ға жуық алуға болады, бұл мұнай баламасындағы 1 млн.-нан көп отынды үнемдеуге 
мүмкіндік береді. Күн коллекторларын орталықтандырылған жылумен жабдықтайтын бу 
қазандарында да, сондай-ақ жеке ғимараттар үшін де пайдалануға болады (тұрмыстық 
гелиосуқыздырғыштар). Алайда мұндай жобалар үлкен қаражаттарды талап етеді, ал күн 
энергиясын өндіруді насихаттауға арналған нысаналы қаржыландырудың тетіктері əлі іске
қосылған жоқ. 
Осы себептерге байланысты, күн энергиясын өндіру əзірше кеңінен пайдаланылмай отыр. 
Сонда да болса, бүгінде күн коллекторларының отандық өндірісін ұйымдастыруға əрекеттер 
жасалуда (мəселен, Қарағанды облысында). 
Геотермалды энергетика
Қазақстанда термалды судың едəуір мөлшердегі орташа-жəне төмен температуралы 
ресурстары бар, бұлар келешекте қуат көздері ретінде пайдаланылуы мүмкін. Жаңғыртылатын 
басқа энергия көздерінен айырмашылығы, геотермалды энергия өндірісі бүгінде басымдық 
болып табылмайды, бірақ болашақта осы саланың дамуы əбден ықтимал.
 
Биогаз жəне биоотын
Жануарлар мен ауылшарушылық қалдықтарынан алынатын биогазды пайдалану шалғайдағы 
ауылдық мекендерді энергиямен қамтамасыз етудің тағы бір нұсқасына жатады. Кейбір елді 
мекендерде биогазды көңнен жасайтын қондырғылар орнатылды. 
Тəжірибе көрсеткендей, тəулігіне 15 м
3
биогаз өндіру (4 айда 1 тонна көң) көлемі 60 м

үйдегі 
4-5 адаманан тұратын отбасын жылумен жəне ыстық сумен қамтамасыз етеді. Үкімет өндірісі 
басталған биогазға энергия көзі ретінде өсе түскен қызығушылық танытуда. Қазақстан 
Республикасында 
биоотын 
рыногын 
дамытудың 2007-2010 жылдарға 
арналған 
тұжырымдамасының Жобасы бекітуді күтуде ең таяу уақытта биоотынның дамып келе жатқан 
əлемдік рыногында лайықты орын алу мақсатында жаңа өндіріс нысандарын іске қосу 
жоспарланып отыр. Биоотын өнеркəсібін дамыту түрлі шараларды іске асыруды қажетсінеді: 
Салықтарды азайту, кəсіпорындардың шикізат сатып алуға жұмсайтын шығындарын өтеу, 
сондай-ақ энергетикалық дақылдарды өндірушілерге көмек көрсету. Қазақстан биоэтанол 
өндірісі бойынша Солтүстік Қазақстан облысындағы Тайынша қаласында зауыт салуды 
жоспарлап отыр. 2006 жылы «Биохим», өнеркəсіптік кешенінің құрылысын «Баско» Қазақ 
ЖШС жүргізуде. Осы жобаның мақсаты-жылына 300 000 – 400 000 тонна бидайды өңдеу 
арқылы жыл сайын 57 мың тоннан этанол өндіру.


7 Тарау: Энергетика жəне қоршаған орта
155 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет