Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет


Қоршаған ортаны мониторлау, жұртшылықтың қатысуы жəне ағарту



Pdf көрінісі
бет22/195
Дата22.11.2022
өлшемі4.05 Mb.
#465412
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   195
kazakhstanII.KAZ

Қоршаған ортаны мониторлау, жұртшылықтың қатысуы жəне ағарту
Қоршаған ортаны мониторлау ісі экологиялық іс-қимылдарды зерттеген алғашқы 
шолудан бері жақсарды. 
1990-шы жылдардағы (1997-жылы тоқтаған ) құлдыраудан кейін 
қоршаған ортаны мониторлау ауа, су сапасы, радиация мониторингі секілді салаларда қалпына 
келіп, мониторинг жасайтын бекеттер мен пунктерінің саны өсе түсті. Мемлекеттік 
қаржыландырудың ұлғайғаны есебінен ескірген құрал-жабдықтар ауыстырылды. Бұл 
жетістіктер адам денсаулығы мен экожүйеге зиян келіп отырғаны экономиканың жалпы өсімі 
себепті түрлі аймақтарда, əсіресе ерекше ластайтын өндіріс салаларында байқалып отырған 
кезеңде өте маңызды. Дегенмен, мониторингпен қамту ауқымы мен мониторингтің сенімділігі 
əлі де көңіл көншітпейді, айталық, Арал теңізі аймағында мониторинг мүлде жүргізілмейді. 
Істеп тұрған мониторинг торабы, əдетте, ластану деңгейін атмосфераға лас заттардың бөлінуі 
үрдісімен байланыстыра алмайды, яғни, лас заттар бөлу нормаларын немесе əдеткі жұмыс 
барысында қоршаған орта сапасы өлшемдерін бұзатын іс-əрекет түрлерін айқындай алмайды.
2000-жылдан бері Қазақстан жұртшылықтың қоршаған ортаны қорғау саласындағы 
ақпаратқа қол жеткізуі жəне қоршаған ортаны қорғау мəселелерінде шешім қабылдауға
қатысуы бағытында айтарлықтай жетістікке жетті.
 
Жұртшылықтың қатысуы деңгейін көтеруге жəне Орхусс конвенциясының
1
орындалуына 
бағытталған бірқатар заң актілері, ережелер жəне егжей-тегжейлі процедуралар қабылданды. 
Диалог құруға керекті форум міндетін орындайтын Қоғамдық экологиялық кеңес құрылды 
жəне ҚОҚМ үкіметтік емес ұйымдармен (ҮЕҰ) ұлттық жəне жергілікті деңгейде біргеістесіп 
келеді.
Бірнеше ҮЕҰ бірқатар ірі жобалардың Мемлекеттік экологиялық сарапталуы (МЭС) 
барысындағы ашық тыңдауларға қатысты. Алайда, осы күнгі заңдар жұртшылықтың МЭС –ға 
қатысуын қарастырғанымен, тиісті егжей-тегжейлі процедуралардың жоқтығы себепті салалық 
стратегиялық құжаттардың жобалары ашық тыңдауларға ұсынылған жоқ. Көп жағдайда 
жұртшылық нақты жағдайларды талқылауға қатыстырылады. Дегенмен, ондай қатысу жүйелі 
сипатқа ие емес, сондықтан елде айқын əрі ашық ауқымдар қалыптаспаған. Жұртшылықтың 
қоршаған ортаны қорғау мəселелеріне байланысты əділ сот істеріне қатысу мəселелері 
шешілмеген күйінде қалып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет