Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



Pdf көрінісі
бет76/195
Дата22.11.2022
өлшемі4.05 Mb.
#465412
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   195
kazakhstanII.KAZ

Ішкі су айдындары қалпының мониторингі. 
«Қазгидромет» 53 өзен, 8 көл, 11 су қоймалары, Каспийдің 3 каналындағы 183 су қақпағындағы 
судың гидрохимиялық сапасын мониторингтеуді бірге жүзеге асырады. Гидробиологиялық 
бақылаулар тоқсаныншы жылдары тоқтатылды əрі өз қалпына келтірілген жоқ. Қолданыстағы 
торап қырық параметр бойынша мəлімет береді жəне олардың химиялық құрамы мен 
қалқыңқы жəне органикалық заттардың бар-жоқтығын, негізгі ластаушы заттарды, ауыр 
металдар мен пестицидтерді анықтауға мүмкіндік береді. Сынамалар жылына бір рет қолмен 4-
тен 12-ге дейін, яғни су айдындарының ластану категориясына байланысты алынады.
Су сапасын мониторингтеудің қолданыстағы ережелері бойынша талап етілетін пункт санымен 
салыстырғанда, бақылау пунктерінің саны аса төмен (3.1 карта). Бақылау пункттері тек үлкен 


 
3 Тарау: Ақпарат, жұртшылықтың қатысуы жəне білім 
71 
қалаларға жақын маңдағы ірі су айдындарына орналасқан. Жерүсті суларының шашыраңқы 
ластанулары мүлдем қадағаланбайды.
«Бурабай» табиғи ортасының аялық жəне трансшекаралық мониторингі станциясы
Ішкі жерүсті суларының күйін мониторингтеуді басқа мекемелер де жүргізеді. Мəселен, Су 
ресурстары жөніндегі Комитет трансшекаралық су ағыстары жəне су қақпалары, сумен қамту 
дереккөздерінің күйін бақылайды. Денсаулық сақтау Министрлігі ауыз су мен рекреациялық су 
айдындары: өзен, көл жəне су қоймаларындағы судың күйіне мониторинг жүргізеді. Жерүсті 
суларын мониторингтеуге тартылған мекемелер өз жұмыстарында өзара келісілген əдістемені 
қолданбайды. Кез келген үкіметтік орган өз бағдарламалық құралдары мен мəліметтер қорын 
пайдаланады. Нəтижесінде мониторингтің мəліметтері түрлі дереккөздер бойынша жеке-жеке 
бөлінеді жəне біріктіріліп қарастырылмайды.
Қазақстан трансшекарылық су ағыстарындағы су сапасын мониторингтеу саласындағы 
көршілес мемлекеттермен ынтымақтасуын жемісті дамытып келеді. Қытай жəне Ресей 
Федерациясымен жасалынған екіжақты келісімнің шеңберінде Қазақстан бірігіп қолданылатын 
өзендерді бақылаудың жаңа нүктесін анықтады немесе орнатты. Келісімшарт бойынша 
тараптар арасында жинақталған гидрологиялық жəне гидрохимиялық мəліметтермен алмасу 
жəне интеркалибрлеу жұмыстарымен алмасуда. Қазақстан Сырдария өзені суының сапасын 
мониторингтеу нəтижесінде алынған мəліметтерімен Қырғызстан, Тəжікстан жəне 
Өзбекстанмен Аралды құтқарудың Халықаралық қорының (АҚХҚ) гидрологиялық 
мəліметтерімен алмастырып отырады.
2007 жылы Қазақстан Қытаймен шекаралас жатқан Ертіс өзенінің су сапасын («экспресс-
талдау») талдау зертханасын құру жұмыстарын қолға алды. Аталған зертхана таңдап алынған 
параметрлер бойынша судың сапасына тікелей бір орында-ақ тез арада талдау жасауға 
мүмкіндік береді. 2008 ж. тура осындай зертхананы Қытаймен шекаралас жатқан Іле өзеніне де 
құру жоспарланып отыр. Осыдан соң, Қазақстанның Қырғызстан, РФ жəне Өзбекстан ортақ су 
ағыстарындағы судың сапасын мониторингтеу зертханаларын құру жұмыстары жалғастығын 
табады деп тұжырымдалуда.
90-шы жылдары тоқтап қалған уақыттан бастап жəне 2000-шы жж. басында жерасты 
суларының мониторингі көлемді түрде біртіндеп қайта қалпына келтіріле бастады. 2003 ж. 
бақылаудың 770 жаңа пункті пайда болды жəне 2007 ж. олардың жалпы саны 5005 пунктке 
жетті. Бақылау торабына нысандағы 14 мердігерлік мекемелер мен Энергетика жəне 
минералдық ресурстар Министрлігінің геология жəне минералдық ресурстар Комитетінің 
қарамағындағы мемлекеттік (аймақтар) 5 кəсіпорын қолдау көрсетеді. Жерасты суларын 
бақылау пункттері ең алдымен жерасты сулары деңгейі (судың бар-жоқтығы) мен табиғи 
сулардың геохимиясын бағалауға қызмет етеді. Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-
эпидемиологиялық қызметі ауыз су қажеттілігіне қолданылатын жерасты суларына 
радиологиялық, бактериологиялық жəне кеңейтілген химиялық талдау жүргізуді іске асырады. 
Қазіргі таңда Республикадағы барлық ауыз судың 56% жерасты сулары құрайды. Қазақстанның 


72
 
 
 
 
I Бөлім: Саясат жасау, жоспарлау жəне жүзеге асыру 
жүз су жеткізуші бөлімшелерінің ластануы алаңдатуда, бұл оларды ауыз су дереккөзі ретінде 
қолдануға жарамсыз етіп отыр. Қолданыстағы мониторингтік бағдарламалар ластанудың алдын 
алу шараларын жасау үшін қажетті ластаушы көздер мен жерасты суларының сапасы 
аралығындағы себеп-салдарлық байланысты анықтауға мүмкіндік бермейді.
Жағалаудағы теңіз суларының мониторингі
2005 ж. Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы қоршаған ортаның жағдайына 
байланысты туындап отырған алаңдаушылыққа жауап ретінде, «Қазгидромет» өзінің Атырау 
қаласындағы аймақтық базасының негізінде Каспий теңізінің мониторингі Орталығын құрды. 
Аталған Орталықтың мониторингтік бағдарламасына мұнай өнеркəсіптік нысандарының 
маңындағы ауаның күйін, жауан-шашын, ішкі жəне теңізүсті суларын, теңіз мұнай өнеркəсіптік 
нысандарына жақын су түбіндегі қалдықтарды, қалалық аудандар мен өнеркəсіптік нысандарға 
жақын маңдардың жер қыртысын, сондай-ақ радиоактивтілік деңгейін бақылауды жүзеге 
асырады. Биологиялық параметрлерге мониторинг жүргізілмейді. Орталық осы тораптан 
алынатын мəліметтерді дистанциялық барлау мəліметтері есебінен алып, толықтыруды 
жоспарлап отыр. Дегенмен мониторинг станциясының қолданыстағы торабы Каспий 
теңізіндегі тез қарқында дамып келе жатқан мұнайгаз барлауын қамтуы мүмкін.
Жер қыртысының жай-күйін мониторингтеу 
«Қазгидромет» 16 қаладағы жер қыртысының ауыр металдармен (кадмий, мыс, қорғасын жəне 
мырыш) ластануына мониторинг жүргізеді (3.1 карта). Сынамалар жылына екі рет өнеркəсіптік 
қалаларда орналасқан бірнеше нүктелерде жинақталады. 2010 ж. «Қазгидромет» ауыл 
шаруашылық жерлерінің пестицид жəне басқа да БОЛ ластануына мониторинг жүргізу 
жұмыстарын бастауды жоспарлап отыр. Қоршаған ортаны қорғау Министрлігінің табиғатты 
бақылау жөніндегі бақылау Комитеті Республиканың өнеркəсіптік қалаларында сынамалар алу 
жұмыстарын жиі жүргізбейді. Денсаулық сақтау Министрлігі қаланың тұрғын үй жəне 
рекреациялық аудандарындағы сынамаларға эпизодтық іріктеу жүргізеді. «Қазгидромет» жəне 
Денсаулық сақтау Министрлігі кейбір қалалардың сынамаларының мəліметтерін қайталамай, 
қалай өзара толықтырып отырғандығы да беймəлім, өйткені олар ОЭП тобына тиісті 
органдардың қызметімен келісілген растаушы куəліктерін көрсетпеген.
 
Радиобелсенділік мониторингі  
«Қазгидромет» қалалардағы сəулелендіру-гаммасының экспозициялық мөлшерін жəне 
атмосфералық радиоактивті құлаған заттардың қуаттылығын күнделікті өлшеу арқылы 
атмосфераның радиоактивті заттармен ластануына мониторинг жүргізеді (3.1 карта жəне 3.1 
кес. қар.). «Волковгеология» ұйымы Республиканың облыстарын бұрынғы уран кенін өндіру 
салдарынан ластанған аймақтарға бөледі, осылайша радиация деңгейін жүйелі мониторингтеу 
нүктелерін анықтайды. «Волковгеология» Денсаулық сақтау Министрлігінің залалданған 
облыстардың радиациялық-гигиеналық сипаттамалары («төлқұжаттары») деп аталатын 
санитарлық-эпидемиологиялық қызметімен бірігіп қызмет атқарады. Мұндай ынтымақтастық
2004 ж. 011 «Қазақстан Республикасының радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» 
бюджеттік бағдарламасының шеңберінде жүзеге асырылады. Бүгінгі таңға дейін қол 
жеткізілген нəтижелері 3.2 картада кескінделді (сондай-ақ 8.2 тарауын жəне 8 тар.бер. 8.1 енд. 
қара).
Қазақстанның Ұлттық ядролық орталығы бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының 
аумағындағы жағдайдың радиологиялық жəне экологиялық жағынан бағалауды жүзеге 
асырады. Радиоактивті ластану саласы бұрын қауіпсіз деп есептелген жерлерден табылды. 
Ядролық сынақтың экологиялық салдары себеп-салдарлық байланыс туралы ғылыми білімнің 
жетіспеуіне байланысты бағаланбай келді.


3-
Тарау

Хабар
лама
, жұртшылықтың
 қатысуы
 жəн
е бі
лі
мі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет