Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



Pdf көрінісі
бет81/195
Дата22.11.2022
өлшемі4.05 Mb.
#465412
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   195
kazakhstanII.KAZ

 
 
 
 
I Бөлім: Саясат жасау, жоспарлау жəне жүзеге асыру 
2006 ж., ГЭЭ талаптарына сəйкес, бірнеше
ҮЕҰ Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы 
мұнайбұрғылау операциялары, Батыс Қазақстандағы мұнайхимиялық кешені жəне «Нұрқазған» 
таукенөндіруші кешені құрылыстарын салу сияқты ірі көлемдегі қоғамдық дəрістерге қатысты. 
ҮЕҰ
ұсынған пікірі осы аталған жəне басқа да жобаларға қатысты шешімдерді өңдеп жасауға 
көп ықпалын тигізді. Алайда
ҮЕҰ кең жұртшылық кəсіпорындардың болжалдық немесе болып 
жатқан ластаулары жөнінде жеткілікті мəлімет ала алмайды деп есептейді. Олар сонымен бірге 
құрылыс кезінде жобаны жасаушылардың жұртшылықтың пікірін білдіретін ГЭЭ шешімін 
елемеген жағдайларын да еске салып өтті.
Мұндай заңдар жұртшылық пен ҮЕҰ дербес қоғамдық экологиялық сараптама (ҚЭС) өткізуге 
мүмкіндік береді. ҚЭС ҮЕҰ өткізуге үлгі боларлық орындар да бар, мысалы, 2007 жылы 
Экологиялық қоғам жəне «Табиғат» қоғамымен ұйымдастырылған «Қарашығанақ» мұнайгаз 
кен орындарын ҚЭС атауға негіз бар. ҚЭС қорытындылары ГЭЭ бойынша шешім қабылдауға 
арналған ұсыным ретінде бағаланады.
ҮЕҰ ҚР заң жобаларын талқылауға қатысқандығы туралы да мəліметтер бар. Мəселен, ҚОҚМ 
ұйымдастырған қоғамдық төрт дəрісте ҮЕҰ «экологиялық кодекс» жобасын талқылады. 2007 
ж. шілде айында қалалық аудандардың экологиялық қауіпсіздігі жөнінде қоғамдық дəріс 
өткізілді. Мұндай дəрістер көбінесе аймақтық деңгейде ұйымдастырылады. 2007 б. бойы 
ҚОҚМ жəне оның аймақтық органдары қоршаған орта мəселелері тұрғысындағы қоғамдық 
дəрістер компаниясын өткізді.
Бұған қоса, ҮЕҰ өз бастамасымен заңнамалық актілердің маңызды жобалары бойынша 
қоғамдық дəрістер ұйымдастырғандығы туралы да мысалдар жеткілікті. Олардың ішінде 2002 
жылы парламенттің сұрауы бойынша «Жасыл ортаны қорғау» экологиялық қоғамымен 
өткізілген «Орман кодексі» ОЭЭ жобасы, сондай-ақ 2003 жылы ҮЕҰ
тобының бастамасы 
бойынша радиоактивті қалдықтарды импорттауға қатысты тыйымды алып тастауға 
бағытталған қоршаған ортаны қорғау туралы күшін жойған заңға түзетулер енгізу жобасы 
бойынша өткізілген қоғамдық дəрістер бар. ҚОҚМ өзінің барлық нормативтері мен 
ережелерінің жобаларын Қазақстанның жеті негізгі өнеркəсіптік жəне іскери кəсіпорындарына 
таратты жəне олардың ұсынылуын ескеріп отыр. Аталған бірлестіктер ҚОҚМ қаулы 
жобаларын талқылайтын сараптамалық кеңесі жөнінен аккредиттелген.
ҮЕҰ жұртшылықтың мемлекеттік органдардың ірі шетелдік компаниялармен орнататын
минералды ресурс жəне энергия өндірумен байланысты өнімдерінің тарауы бойынша 
келісімдер туралы мəліметке қол жеткізе алмай отырғандығына алаңдаушылық туындауда. 
Олардың пікірінше, мұндай келісімдер жоғарыда аталған келісімдермен ҚОҚМ 
құжаттамасында болжалуы əрі сипатталуы, сондай-ақ жұртшылық үшін қолжетімді болуы 
қажет, елеусіз жағымсыз экологиялық салдары бар жобаларды жасауға алып келеді.
Заңнама жұртшылықтың экологиялық рұқсат беру туралы шешім қабылдау үрдісіне қатысуын 
қарастырмайды. Жақын уақытқа дейін ҚОҚМ вэбсайтында министрлікпен берілген рұқсат 
туралы мəлімет берілді.
2004 ж. елдің барлық облыстарындағы сот жəне табиғатты қорғау жөніндегі прокурорларына 
арналған Конвенции бойынша ақпараттар алу, жұртшылықтың қоршаған ортаға қатысты 
мəселелер тұрғысында шешім қабылдау үрдісіне қатысуы туралы мəліметке қол жеткізуі 
туралы оқу семинарларының циклы ұйымдастырылды (Орхусс конвенциясы). Бұл акцияны 
ҚОҚМ, сондай-ақ Қазақстанның Жоғарғы соты мен Алматыдағы ЕҚЫҰ елдік офисі 
ұйымдастырған еді.
Қазақстанның Жоғарғы соты Орхусс конвенциясын жүзеге асыру жөніндегі жұмыс тобын 
құрды. Бұған қарамастан, Қазақстандағы қоршаған орта мəселелері бойынша əділ сот 
төрелігіне қол жеткізуіне қатысты, азаматтардың жəне ҮЕҰ табиғатты қорғау заңнамаларының 
бұзылуына байланысты шағымдары мен қуынымдарының əкімшілік жəне сотта кешіктіріліп 


 
3 Тарау: Ақпарат, жұртшылықтың қатысуы жəне білім 
81 
қарастырылуы, сонымен қатар сот орындарының азаматтар мен ҮЕҰ өтініштерін 
қарастырудағы негізсіз бас тарту жағдайларының артуы қауымдастықты алаңдатып отыр.
2004 жəне 2006 жж. аралығында конвенцияны бақылау жөніндегі Комитетке жұртшылық 
тарапынан Қазақстанның Орхусс Конвенциясының ережелерін талапқа сəйкес орындамай 
отырғандығы жөнінде төрт үндеуі түсті. Аталған Комитет өз қорытындысы мен ұсынымдарын 
төрт үндеудің үшеуі бойынша жариялады. Ұсынымдарымен қоса берілген бастапқы екі 
қорытынды 2005 жылы Алматы қ. өткен тараптардың Мəжілісінде мақұлданды. Комитеттің 
шешімі бойынша, Қазақстан Конвенцияның ережелерін билік жəне сот, əсіресе жергілікті 
деңгейдегі органдардың орындау барысын ретке келтірудегі бақылауын күшейту жұмыстарын 
белсендіруі тиіс. Бұл үшін биліктің осыған сəйкес органдары алдымен мемлекеттік 
қызметкерлер мен сот билігінің əлеуетін арттыруға мүмкіндік беретін жүйелендірілген əдіс 
жасауы қажет. Сонымен қатар азаматтардың өзіндік экологиялық құқығы немесе олардың 
бірлестіктерінің құқығы бұзылған жағдайда сотқа жүгіну əрекеттерін жеңілдететін тиімді 
механизмдерді де дамытуды қолға алу қажеттілігі міндеттеліп отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет