Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



Pdf көрінісі
бет87/195
Дата22.11.2022
өлшемі4.05 Mb.
#465412
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   195
kazakhstanII.KAZ

Тарау 
 
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КЕЛІСІМДЕР МЕН 
МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ 
4.1 
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың
жалпы негіздері жəне олардың экологиялық қызметтің нəтижелілігі туралы Бірінші 
шолу жүргізілгеннен кейінгі дамуы 
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызмет нəтижесінің бірінші Шолуы жазылған уақыттан 
бастап (2000 ж.) Қазақстан тұтастай алғанда халықаралық ынтымақтастықта жəне ішінара 
қоршаған ортаны қорғау саласында белсенді қызмет атқаруын жалғастырды. Экономиканың 
қарыштап дамуының нəтижесінде аталған ел өзін аймақтық та, əлемдік деңгейде де ірі 
қатысушы ретінде таныта білді. Атап айтқанда, Қазақстан Ресей Федерациясы мен Қытай 
аралығында орналасқан маңызды мемлекет бола отырып, Орта-азиялық аймақтағы өз рөлін 
сақтап келеді.
Қазақстан Республикасы 24 көпжақты табиғатты қорғау келісімдеріне (КТҚК) қол қойды, 
соның ішінде 12 келісім қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызмет нəтижесінің бірінші 
Шолуы жазылған соң бекітілді. Қазақстан 2006 жылы 2007 жылдан бастап 2024 жыл аралығы 
кезеңіне дейінгі Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға өту туралы Тұжырымдамасын 
(ТДӨТ) қабылдады, бұл тұжырымдама елдің тұрақтылықты арттыру жолындағы экономикасы 
мен қоғамдық өміріндегі өзгерістерге ықпал етуі мүмкін. Қазақстан КТҚК аясында 
қабылданған өзіндік міндеттемелеріне сəйкес, ЕЭК БҰҰ, ЮНЕП, ЖЭҚ, ЕО сияқты 
халықаралық жəне Дүниежүзілік банк, сондай-ақ бірқатар донорлық мекемелермен 
ынтымақтастықта іс-əрекеттер жоспарлары мен оларды іске асырудың практикалық 
шараларын əзірледі.
Елде қоршаған ортаны қорғау мəселелері жөніндегі халықаралық ынтымақтастықтың жалпы 
ауқымын қамтитындай бір де бір құжат жоқ. Дегенмен мұндай шеңбердің элементтері 
бірқатар құқықтық жəне саяси құжаттарда, атап айтсақ, Қоршаған ортаны қорғау саласындағы 
қызмет нəтижесінің бірінші Шолуы жазылған соң қабылданған Экологиялық кодекстеТДАТ, 
Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау 
бағдарламасында (əрі қарай – Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы) жəне Қазақстан 
Республикасының 
2004–2015 
жылдарға 
арналған 
экологиялық 
қауіпсіздігінің 
тұжырымдамасында (əрі қарай Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы деп аталады) 
көрініс тапты.
Қазақстан халықаралық мекеме жəне форумдар қатарындағы өз рөлін арттыруға ұмтылу 
үстінде. 2007 жылдың қараша айында Мадрид қаласында өткен ЕҚЫҰ министрлерінің он 
бесінші Кеңесінде Қазақстан 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етеді деген шешімге келді. 
Министрлердің “Еуропаға арналған қоршаған орта” (Белград, 10–12 қазан 2007 жыл) алтыншы 
Конференцисында ЕЭК БҰҰ аймағының министрлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
2011 жылға белгіленген кезекті Конференцияны өткізуге қатысты ұсынысын жылы қабылдады. 
Қазақстан бұл шешімді халықаралық ынтымақтастықта өз күшінің танылғандығымен 
байланыстырып, тұрақты дамуға қатысты алынған бағыттың жалғастыруға ниет білдіруі 
ретінде қарастырады.


90
 
 
 
 
I Бөлім: Саясат жасау, жоспарлау жəне жүзеге асыру 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет