Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



Pdf көрінісі
бет85/195
Дата22.11.2022
өлшемі4.05 Mb.
#465412
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   195
kazakhstanII.KAZ

мақсатында, қоршаған ортаның сапасы туралы мəліметтерді кəсіпорындардың 
қалдықтары туралы мəліметтермен өзара байланыстыру; 
(е) 
Арал маңындағы мониторинг торабын құру.
2002 ж. «Атмосфералық ауаны қорғау туралы» Заңға сəйкес, статистика органдарына 
жөнелтілетін қалдықтар туралы есептерге қосымша ретінде Қазақстанның кəсіпорындары 
ластағыш заттардың қалдықтарының тізімдемесін жасауға міндетті. Кəсіпорындар ластағыш 
көздерді стационарлық көздер мен олардың сипаттамалары тізіліміне белгілейді. Статистика 
жөніндегі Агенттікке өткізілетін қалдықтар туралы мəліметтер осы Агенттіктің басқа салалық 
іс тізімдемесін басшылыққа алуына байланысты, олардың тізіліміндегі мəліметтермен 
салыстырылмайды. Бұған қоса, Қазақстанда есептеудің сенімді əдістері жоқ болуына қарай,
ауыр металдар мен БОЛ қалдықтары туралы ешқандай есеп жүргізілмейді. Мемлекеттік 
статистикалық есептерде тек стационарлық көздердің қалдықтары ғана белгіленеді. Жоғарыда 
айтылған жайттың барлығы да Қазақстанның өзіндік экологиялық саясатымен, сонымен қатар 
халықаралық мекемелер алдында беретін есебіне сəйкес көрсетуі міндетті қалдықтар 
кадастрын дайындау барысын күрделендіреді.
Қазақстанның Экологиялық кодексінің талаптарын сақтау үшін 2001 жылы қызмет барысына 
кіргізілген, кəсіпорындарды экологиялық жағынан бақылау жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізу 
үстінде. Осы мақсатқа орай ҚОҚМ 2007 ж. кəсіпорындарды ҚОҚМ аумақтық органдарына 
өздерінің өндірістік үрдістерін экологиялық тұрғысынан бақылау қорытындылары бойынша 
есеп беріп отыру міндетін жүктейтін ережесін шығарды. Бұл ережеде есепте тиісті нақты 
параметрлердің көрсетілуі жетіспейді. Бұл бақылау органдарының өкілдеріне кəсіпорын 
есебінің мазмұнын өз қараулары бойынша жасауына, яғни парақорлық пен осы істі теріс 
пайдалануға əкелетіндей мүмкіндік береді.


86
 
 
 
 
I Бөлім: Саясат жасау, жоспарлау жəне жүзеге асыру 
3.2 ұсыныс: 
Қоршаған ортаны қорғау Министрлігі жəне Статистика жөніндегі Агенттік
кəсіпорындардың экологиялық есеп беруіне қатысты ережені бірігіп қайта қарастырғаны 
дұрыс, осыған сəйкес кəсіпорындардың есептік мəліметтері халықаралық ұсынымдарға
қалдық кадастрларын дайындау жəне аумақтық түсімді қалыптастыру жəне соңынан 
ластағыш зат қалдықтары мен зиянды заттарды тасымалдаудың жалпы мемлекеттік 
тізілімін жасауға ыңғайлы болатындай етіп, осы талаптарды сəйкестікке келтіру жəне 
оңтайландыру үшін қажетті өзгерістер дайындаулары қажет.
2005 ж. бастап, ҚОҚМ табиғи ресурстардың кадастрлары (тізімдемесі) жөніндегі электрондық 
мəліметтер қорын жасаумен айналысады. Мұнда күзетілетін аудандардың орман 
шаруашылығын жергілікті, облыстық жəне жалпымемлекеттік деңгейдегі жабайы аңдар мен 
балық шаруашылығын басқару туралы карталық мəліметтерінде қосымша берілген мəліметтер 
қамтылған. Осы мəліметтер қорын жуық арада суды қолдану жəне шығыстар туралы 
мəліметтермен толықтырып, одан əрі жетілдіру туралы жоспарланып отыр. Дегенмен осы 
ақпараттарды «Қазгидромет» арқылы алынатын қоршаған ортаның сапасы туралы 
мəліметтермен толықтыру туралы ешқандай жоспар қарастырылмаған.
«Қазгидромет» жүйелі түрде елдің, сонымен қатар басқа да бассейндер мен аймақтардың 
экологиялық ластануы туралы бюллетендер шығарып отырады. Экологиялық ластану туралы 
бюллетендер үкіметтік органдардың ішінде тек ҚОҚМ бекіткен тарату тізімінің негізінде ай 
сайын жəне тоқсан сайын таратылады. Басқа мекемелер мен жекеше тұлғаларға келетін болсақ, 
«Қазгидромет» өзінің ақпараттық жарияланымдар ақылы негізде таратып отырады. 
Кəсіпорынның вэбсайтында аса шектеулі ақпараттар мен мəліметтер берілген. Осыған 
байланысты бұл вэбсайт жаңартуды талап етеді; онда күн сайын қоршаған ортаның сапасы 
туралы мəлімет жарияланып отыруы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет