№ 3 (106) 2015
183
оқушының кәсіби бағыттылығына және оны өзінің таңдауымен анықталады. Сондықтан мұндай
тапсырмаларды жеке тәсілге жатқызуға болады.
Саралау мен дербестендіру ретінде информатика сабағындағы келесідей жүйені, әрбір оқушы
жалпы білім беретін дайындық деңгейін меңгере отырып, жалпы маңызды және әрқашан өзгермелі
өмір жағдайларына бейімделу мүмкіндігін қамтамасыз етуші болып табылады, сонымен қатар
оның кәсіби бағыттылығындағы бейімділіктеріне жауап беретін бағыттарға назар аударуға кепілдік
береді.
Оқытуды саралауды жүзеге асырудың негізгі жолдары ретінде кәсіби бағыттылығына тәуелді
оқушылар тобын қалыптастыру ұсынылады.
Жоғары сынып оқушыларының бірнеше негізгі топтарын ерекшелеуге болады. Оқушылардың
арнайы топтарын білу, олардың кәсіби бағыттылығын білу информатика мұғаліміне сабаққа
дайындалуға көмектеседі, алдын-ала сараланған тапсырмалар мен есептердің барлық түрлерін
жоспарлауға, сәйкесінше жеке тапсырмаларды іріктеуге және оқушылардың әрбір тобы үшін
олардың кәсіби бағыттылығына тәуелді көмектесу формасын ойластыруға мүмкіндік береді.
Бұл топтардың жұмысы информатика сабақтары аясында жүруі мүмкін. Оларды уақытша жеке
сабақтар үшін ерекшелеуге болады. Мұндай тәсіл және тапсырмаларды іріктеу оқушылардың
білімге деген ұмтылысын белсендіреді. Оқушылар өздерін оқыту үдерісіне жауапты ретінде
сезінеді, оқу еңбегін ұйымдастыруға үйренеді. Оқушылар сараланған тапсырмалар бойынша
өзбетіменжұмыстаржасайды. Сараланған тапсырмалар қандай да бір топқа біріктірілген
оқушылардың кәсіби бағыттылығының ерекшеліктерін есепке ала отырып құрылуы тиіс.
Топтарға сәйкесінше оқу іс-әрекетінің сараланған формасын ұйымдастыруда тапсырмалардың
нұсқаларын ұсынамыз. Мұнда жоғары сынып оқушыларының кәсіби бағыттылығынан тәуелді оқу-
іс әрекетін саралаудың екі формасын қолдануға болады:
1. Топтық сараланған оқушылар тобы өз тапсырмаларын ұжыммен орындайды (топта 3-4
адамнан);
2. Оқушылардың жеке сараланған жұмысын – бір топтың оқушылары өздерінің сараланған
тапсырмаларын жеке орындайды.
Сабақта іс-әрекеттің топтық формасында әрбір топтың есебі ұйымдастырылады, ал жеке
формасында әрбір оқушының жұмысы тексеріледі және бағаланады.
Информатика сабағында оқушылардың оқу іс-әрекетінің толық және жеке формасын
ұйымдастыру қажеттілігі оқытудың дамытушы сипаты талаптарынан және әрбір оқушыға оның
максималды дамуын жүзеге асыру мақсатынан туындайды.
Оқушыларды кәсіби бағыттылығана қарай таңдаудағы жеке және топтық сараланған жұмыс
формасын ұйымдастыруда информатика мұғалімінің іс-әрекеті келесіден тұрады:
1. Оқушыларды топтарға жоғары сынып оқушыларының кәсіби бағыттылығына тәуелді бөлу.
Сауалнама көмегімен жоғары сынып оқушыларының кәсіби бағыттылығын анықтау арқылы оларды
бірнеше топқа бөлуге болады:
1. Мәдениет жәе өнер;
2. Қызмет көрсету саласы
3. Гуманитарлық
4. Техникалық
5. Жаратылыстану-ғылыми
6. Экономикалық
7. Спорттық
Аталған бағыттар қазіргі қоғамда сұранысқа ие барлық мамандықтарды ескереді.
2. Анықталған қызығушылықтар мен кәсіби бағыттылыққа сәйкесінше тапсырманы және
программалық қамтамасыз етуді дайындау мен іріктеу;Оқушылардың кәсіби таңдауына
бағдарланған бағыттарына тәуелді тақырыптар бойынша тапсырмалар мен есептерді құрастыру
керек. Тапсырмаларды күрделілік деңгейі бірдей болатындай, бірақ мазмұны бойынша әртүрлі етіп
құрастыру керек. Мазмұн олардың кәсіби бағыттылығына бағдарлануы шарт. Әрбір тапсырманы
орындау, бағытынан тәуелсіз бірдей болуы қажет. Бағыттылығы бойынша әртүрлі тапсырмаларды
орындауға бірдей уақыт кететіндей құрастырылуы керек. Яғни информатиканың түпкілікті оқыту
мазмұны сақталады, тек оқу тапсырмаларында ғана оқушылардың кәсіби бағыттылығына қарай
ерекшеліктері болады.
|