128
болды» деп басталатын сөйлем бас кейіпкер Тұңғыштың ызғарлы, суық
тағдырынан хабар беріп тұрғандай. Тұңғыштың бұл дүниеде жан баласынан
жақсылық көрмеген жабырқаулы көңілі сияқты, күн де тұнжыраулы, мұңлы,
қаралы. Оның көр қазудан басталған кәсібі өзінің де бір күні сол көрге кіретінін
аңғартқандай:
Өзгелерге ол тек мола қазумен ғана күн көріс жолына түскен
бір бейбақ боп қана елестейді және осы бір кәсіпті тағдыр оның маңдайына
өшпестей етіп жазғандай, анадан туғанда басқалар секілді би, болыс болуды
емес, молашы болуды көксегендей көреді. Осылай
көңілсіз басталған әңгіме
көңілсіз өрбіп, қайғылы аяқталады. Бұл жолдар автордың туғалы дүниеден
рақым көрмеген Тұңғыш шалға деген аяушылық сезімінің алғашқы көрінісі
іспетті. Мәтін авторының өзі хабарлап отырған ойға деген көзқарасы мәтін
модальділігін тудырады. Мәтін модальділігі субъективті модальділікпен тығыз
байланысты. Мәтін модальділігі – бұл автордың мәтінде хабарланатын ойға
қатынасы, тұжырымы, көзқарасы, ұстанымы, оны оқырманға жеткізу
мақсатында тұжырымдалған құндылық бағдары.
Жалпы модальділік автордың
хабарланған ойға деген көзқарасының көрінісі ретінде оны мәтінді жеке
бірліктердің жиынтығы ретінде емес, тұтас өнім ретінде қабылдауына негіз
болады. В.В. Виноградовтың айтуынша, автордың жеке көзқарасы «сөйлеу
құрылымының бүкіл жүйесін біріктіретін, шығарманың мәнінің жинақталған
көрінісі» ретінде қабылданады.
Модальділікті мәтіндік категория ретінде мәтін лингвистикасында алғаш
қарастырған ғалым И.Р. Гальперин болатын. Ол өзінің «Текст
как объект
лингвистического
исследования»
деп
аталатын
зерттеу
еңбегінде
модальділіктің екі түрін көрсетеді: грамматикалық және лексикалық құралдар
арқылы көрініс табатын
фразалық модальділік және
мәтіндік модальділік.
Соңғысы «арнайы қолданылған осы құралдарға қосымша, кейіпкерлерді
сипаттауда, айтылымның предикативті және реляциялық сегменттерінің ерекше
бөлінуінде, максимумдарда, қортындыларда, мәтіннің
жекелеген бөліктерін
актуализациялауда және басқа да бірқатар құралдарда жүзеге асырылады».
Экстралингвистикалық факторлар (суреттеу обьектісі, автор тұлғасы, оның
дүниетаным ерекшеліктері және т.б.) мәтін модальділігінің қалыптасуына
айтарлықтай әсер етеді. Әр түрлі мәтіндердің модальділік дәрежесіндегі
айырмашылықтарды қарастыра отырып, автор көркем әдебиетті, прозаны
талдауға сүйене отырып, модальдік модель категориясының сөйлемнің мәтіндік
құрылымға енуін көрсетеді .
Н.П. Макарова И.Р. Гальперин атап өткен мәтіндік модальділікті жасайтын
амалдардың қатарына стилистикалық инверсия, дистантты қайталау, параллель
құрылымдар,
модальды сөйлемдер, модаль сөздер, әртүрлі көзқарасты
білдіретін лексикалық бірліктер, контекстік синонимдер, мәтін кіріспесі және
осы сияқты т.б. таза мәтіндік деңгейде көрінетін құралдарды жатқызады.
Сонымен бірге ғалым мәтінде сөйлем деңгейіндегі модальділікті білдіретін
құралдар қатысып, өздерінің мағыналық әлеуетін іске асыра алса да, кей
жағдайда өз функцияларынан айырылуы да мүмкін екендігін айтады.
Зерттеу барысы Д. Исабеков шығармаларының
көбі драматургия
жанрында жазылғанын көрсетеді. Ал драматургияның тілі қашан да диалогтар
129
жүйесінен тұрып, яғни шығарманың негізгі арқауы кейіпкерлер арасындағы
коммуникациядан құралатыны белгілі. Адресанттың (ол қазақы танымда
оқырман) қабылдауын, аялық білімін ескеріп, автор шығарманың осындай
айшықты коммуникативті сипатын күшейту үшін пьесалары мен әңгімелерінде
ауызекі сөйлеу стиліне тән тілдік бірліктерді кеңінен пайдаланады. Себебі
«ауызекі
сөйлеу стилі – қарым-қатынас жасау нәтижесінде қалыптасатын,
диалогқа құрылған, өте кең тараған функционалдық стильдердің бірі болып
табылады. Ауызекі сөйлеу стилі күнделікті өмір салтындағы коммуникациялық
байланыс барысында қолданылып, стильдің басқа түрлеріне қарағанда еркін
қолданылады» [123, 22 б.]. Ауызекі сөйлеу стилі кезінде сөйлеушінің сөйлеу
мәдениетінің деңгейіне байланысты
диалекті, жаргон, арго сөздер мен
варваризмдер қолданыла береді. Мысалы, ауызекі сөйлеу стиліне жататын
тілдік бірліктердің бірі – варваризмдер. «Варваризм (грек. barbarous – бөтен
елдік)
– сөйлеу не жазу кезінде орынсыз қолданылған, тілге етене болып
сіңбеген, қолдану қажеттілігі аз, дәл аудармасы табылатын өзге тілден кірген
сөз». Осы анықтамаға сәйкес, Д.
Исабековтің туындыларында «экстрасенс,
Достарыңызбен бөлісу: