А. Байтурсынов 1-том final indd



Pdf көрінісі
бет82/155
Дата03.12.2022
өлшемі1.7 Mb.
#466365
түріБағдарламасы
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   155
3f6819f4d3d114a3d7389dac6ea4d3d5

Өмірбаян. Біреудің туғанынан бастап, өлгенге шейінгі 
өмірін жазу иә айту өмірбаян болады. Өмірбаян жазудағы мақсат 
белгілі болған адамның өмірі қалай басталып, қандай күйде 


249
өткенін көрсету. Қандай тәрбиеде өсіп, қандай мінезде пайда 
болып, ол мінезі қандай істер істеуге себеп болғанын көрсету. 
Өмірбаян жемін белгілі адам турасындағы сипат қағаздардан 
алады. Білетін адамдардың ауыз айтуынан алады. Жазушы өз 
білетінін жазады. Өмір дерек ылғи сипатты мағлұматтардан 
құралған сөз болғандықтан, нағыз рас әңгіме болып шығады.
Мысалдар: Абылай, Абай, Ақан серінің өмірбаяндары 
(нұсқалықтың 7, 8, 9-ыншы нөмірлерінен қара).
Өмірбаянын адамның өзі жазса, өз өмірбаяны деп аталады. 
Жай өмірбаяннан өз өмірбаянының айрылатын жері – адам 
өз ісіне өзі қазы, өзі сыншы бола алмайтындығынан, жай 
өмірбаянынан өз өмірбаянының инабаты кемірек болады.
М ы с а л: Әбубәкірдің ауруынан қауіп етіп жазған өз 
өмірбаяны (27 жасына шейін), Сағынғалидың өз өмірбаяны 
нұсқалықтың 10, 11-інші нөмірлерін қара).
Мінездеме. Адамның, елдің, жұрттың, таптың, ұлттың сы-
рын, мінезін таңып керсету – мінездеме болады. Мінездеме 
өмірбаянның да, заман хаттың да, тарихтың да ішіне бөлімі 
есебінде кіреді. Мінездеме заманның, дәуірдің халін де мі-
нездеп көрсетеді. Адамды мінездегенде өмірбаянының бөлімі 
болып кіреді. Жұртты, ұлтты, заманды мінездегенде тарихтың 
бөлімі болып кіреді. Өмірбаянның аяқ жағы ылғи мінездемеге 
айналып кетеді. Мәселен, Шоқанның жәт дерегін, Абайдың, 
Ақан серінің өмірбаяндарын қарасақ, көп жерінде-ақ мінезде-
мелері бар (нұсқалықтың 4, 5, 8, 9-ыншы нөмірлерін қара).
тарих. Тарихты қазақша ұлы дерек деуге әуезе табына 
жатқанмен айғақты әуезе болады. Сөздің ең ұлысы, ең сипатты-
сы тарих. Тарихтың қызметі – бүтін адам баласының яки бүтін 
бір жұрттың, иә таптың өткен өмірін болған күйінде айнытпай 
айту. Тарихтың мақсаты – бүтін адам баласының өмірі нендей 
табиғат заңымен өзгеретінін білу. Тарихшылар халық басынан 
кешкен түрлі уақиғалардың мағлұматын сымға тартқандай 
сынға салып, мінсіз етіп, дұрыстап өткізеді.
Шежіре жазушылар естіген-білгенін сол қалпында, шикі 
түрінде тізеді. Тарихшылар құр істегенімен қанағаттанбай, рас, 
өтірігін тексеріп, расын ғана алады.


250
Шежіре, заман хат, өмірбаян, мінездеме – бәрі де тарихтың 
жемі есебіндегі нәрселер. Тарих олардың айтқанының бәрін 
ала бермейді. Аударып, ақтарып түрлі жағынан қарап, түрлі 
мағлұматтармен салыстырып, сипатталған мағлұматтардан 
ғана алады. Тарихшылардың мақсаты уақиғаның уақытын ғана 
көрсету яки не түрде болған тысқы сиқын ғана керсету емес, ол 
уақиғаның болуына нендей нәрселер, нендей уақиғалар себеп 
болғанын көрсетіп, ішкі мәнісімен де таныстыру.
Тарих беретін дерегінің түріне қарай бірнеше түрге бөлінеді. 
Бүкіл адам баласы дүниеде қандай өмір шеккенін сөйлейтін 
тарих «Жалпы тарих» деп аталады. Адам мәдениет жүзінде 
жүрген жолдарын баяндайтын тарих «Мәдениет тарихы» деп 
аталады. Мәдениеттің түрлі тараулары «Тарих тармақтары» 
деп аталады. Мәселен, шаруа тарихы, өнер тарихы, дін тари-
хы, даналық тарихы, ғылым тарихы, әдебиет тарихы, тағысын 
тағы сондай тарихтар.
Жалы тарихтар – түрік-монғол тарихы, қытай тарихы, жа-
пон тарихы және сондай бөлек-бөлек жұрттардың, ұлттардың 
тарихы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   155




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет